Домой Блог Страница 115

Кентауда 20 мүмкіндігі шектеулі азаматқа электронды арба берілді

Кентауда 20 мүмкіндігі шектеулі азаматқа электронды арба берілдіОңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Мейрімді жүрекпен» акциясы аясында 20 мүмкіндігі шектеулі азамат  күн сәулесімен  жүретін электронды арбамен қамтамасыз етілді, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл игі іс қала әкімдігі мен Халықаралық қазақ-түрік университетінің  өкілетті кеңесі арасында түзілген меморондум негізінде жүзеге асып отыр.

Қайрымдылық шараға қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбай, ХҚТУ-нің вице-президенті Мустафа Нурсай мен Түркия Республикасы ТИКА ұйым өкілі Сатылмыш Невзатулла, қалалық мәслихат  хатшысы Т.Балабиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «АСАР» облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты.

Аталған электронды арба қолмен емес, көлік секілді басқару арқылы жүргізіледі. Күн сәулесімен жүретін бұл құрылғы 30 шақырым жерге дейін жүруге мүмкіндік береді. Бір электронды арбаның құны 800 АҚШ долларын құрайды.

Алматы облысында жаңа балабақша ашылды

Ақшиде – «Ақбота» балабақшасыЖаңа оқу жылының қарсаңында Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында жаңа балабақша ашылды. Сөйтіп аудандағы балабақшалар саны 45-ке жетті. Жалпы биылдың өзінде мұнда 11 балабақша ашылғалы отыр. Мектепке дейінгі бұл мекемені «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде аудандық мәслихат депутаты, іскер азамат, «Дәулет Бекет» ЖШС президенті Сыдық  Дәулетов өз қаражатымен ашқан. Жаңа нысанның ашылуы нәтижесінде 17 адам жұмыспен қамтылған.

«Ақбота» балабақшасы 100 балаға арналған. Екі қабатты ғимаратта балаларға қажетті барлық жағдайлар жасалған.

Салтанатты басқосуға аудан әкімі Қыдыркелді Медеуов бастаған аудан активі қатысты. Жиын алдында Сыдық Дәулетов ең алдымен ауыл мәдениет үйіне бас сұғып, ауылдың мобильді кітапханасына принтер табыс етті.

Елбасы Қазақ ұлттық хореография академиясының ашылу рәсіміне қатысты

Елбасы Қазақ ұлттық хореография академиясының ашылу рәсіміне қатыстыРәсімді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды елордада жаңа жоғары оқу орнының бой көтеруімен құттықтады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

– Бүгін біз Астанада жаңа өнер ордасын салтанатты түрде ашып отырмыз. Бұл жерде ұлттық балет пен би шеберлерінің жаңа шоғыры оқып-тәрбиеленеді. Мұнда қазақстандық салт-дәстүр дамып, әлемдік деңгейдегі би өнерін дамытуға жаңаша қадамдар жасалатын болады. Ұлттық хореография академиясы – біздің елімізде ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдеріндегі осы үлгідегі алғашқы жоғары оқу орны. Онда қазақстандықтармен бірге өзге шет елдердің шығармашыл дарынды жастары оқитын болады. Еліміздегі бұл академия уақыт өте келе бүкіл Еуразиядағы балет пен би шеберлерін дайындайтын жетекші орталықтардың бірі болатынына сенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы академиядағы оқу ісі би мен балет өнерінің негіздерінен бастап жоғары оқу орнынан кейінгі магистрлер мен докторанттарды дайындауға дейінгі білім беру үрдісінің барлық деңгейін қамтитынын атап өтті.

– Бұл көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім беретін толық циклды академияның маңыздылығы мен бірегейлігін ескере отырып, оған менің жарлығыммен «ұлттық жоғары оқу орны» айрықша мәртебесі берілді. Сіздер осы жаңа өнер ордасында жоғары халықаралық өлшем мен білім берудің отандық қайталанбас стандартын қалыптастыруға тиіссіздер. Сіздер Қазақстанның би мен балет өнерінің жаңа ұлттық брендін орнықтырады деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті оқу орнының бюджеттен тыс қаражат көздеріне салынғанын айтып, сәулетшілер мен құрылысшыларға атқарған жұмыстары мен шығармашылық еңбектері үшін алғыс білдірді.

Рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаев академия ректоры А.Асылмұратоваға балеринаның шағын мүсінін табыс етті.

– Бұл мүсінді түлектер жыл сайын бірінші сынып оқушыларына табыстайды, ол балет әртістерінің кәсіби деңгейінің өсуінің жалғастығы мен академияның дәстүрлер сабақтастығының символы болады, – деді Елбасы.

А.Асылмұратова Қазақстан Президентіне білдірген сенімі мен академияға жағдай жасағаны үшін алғыс айтты.

– Біз үшін мұнда біліктілігі жоғары әртістер, педагогтар, өнертанушылар да ғана емес, сондай-ақ еліміздің нағыз патриоттарын, өнерді құрметтейтін мәдениетті азаматтарды тәрбиелеу маңызды. Академия қазіргі мойындалған мектептердің қатарынан өзінің лайықты орнын табады деп үміттенеміз. Біз сол үшін бар күшімізді саламыз, – деді академия ректоры.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев оқытушылар мен студенттерге еңбек пен оқуда жетістікке, жаңа шығармашылық жұмыста табысқа жетуіне тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті академияның Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба және «Уақыт капсуласына» естелік жазба қалдырды. Бұдан бөлек, Елбасы балет залын, жатақхананы, асхана мен бірінші сынып оқушыларына арналған оқу сыныптарын аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев салтанаттың қорытындысы бойынша өткен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында барша қазақстандықты келе жатқан Білім күнімен құттықтап, оқушыларға, ата-аналар мен мұғалімдерге табыс пен мықты денсаулық тіледі.

Мемлекет басшысы Астанадағы №84 мектеп-лицейде болды

Мемлекет басшысы Астанадағы №84 мектеп-лицейде болдыЕлбасы мектептің оқу сыныптарын аралап, мұғалімдермен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында білім беру саласын дамыту және қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру үшін мемлекет көп күш-жігер жұмсағанын атап өтті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

– Көптеген жастарымыз шет елдерде білім алуда, бұл жылдарда еліміз бойынша 1700-ден астам мектеп, соның ішінде зияткерлік мектептер ашылды. Биыл 60 жаңа оқу орнын ашу жоспарлануда. Осы қадамдар жас ұрпақтың өсіп-өркендеуі мен еліміздің болашағы үшін жасалып отыр. Бұл мектеп шейх Халифпен келісім негізінде соның қаражаты есебінен салынды. Сол үшін оған алғыс айтамын, – деді Қазақстан Президенті.

***

Жалпы ауданы 14 мың шаршы метр болатын, 1200 оқушыға лайықталған жаңа мектептің 48 оқу кабинеті бар. Білім беру қазақ және орыс тілдерінде екі ауысым бойынша жүзеге асырылады.

Оқу орнының инфрақұрылымы 30 орындық оқу залы бар кітапхананы, 360 орындық мәжіліс залын, спорт залын, жүгіру жолағын, сондай-ақ футбол, баскетбол, волейболмен айналысуға арналған алаңдарды қамтиды.

ОҚО-да өткен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына 135 кәсіпорын қатысты

ОҚО-да өткен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына 135 кәсіпорын қатыстыОңтүстік Қазақстан облысында өткен «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне биыл 135 кәсіпорын қатысты. Онда жеңіл тамақ өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрылыс, фармацевтика, тоқыма мен қолөнер шеберлерінің туындыларына дейін ұсынылды. Мәселен, елімізге әйгілі, алкагольсіз сусын шығаратын «ВизИТ», «Бал текстиль» және «Назар текстиль» кілем фабрикалары, «Карлскрона» сорғыш шығаратын зауыт пен «Стандарт цемент» зауыттары, «Ордабасы құс» күрке тауық фабрикасы, костьюмдер тігетін «Golden Nomad» кәсіпорны, және т.б. ірі әрі танымал кәсіпорындар өз тауарларын ортаға салды. Сонымен қатар, кіші және орта бизнес өкілдері де өздерінің тауарларын халыққа паш етті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік өңірінде шығарылатын тауарларды халыққа таныту, кәсіпкерлерді ынталандыру және орта және шағын бизнесті дамыту мақсатында өткен шараны ОҚО Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Іс-шара барысында үздік тауар өндірушілері сынға түсіп, тауар таңбалары қолданыстағы ерекшеліктеріне қарай үш номинация бойынша іріктелді. Атап айтқанда, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Азала Текстиль» ЖШС үздік атанды. Компания жылына 2800 тоннадан астам иірілген жіп, 13 млн. шаршы метр мата, 2 млн. төсек-орын тысы жиынтығы мен 7 млн. түкті өнім шығарады. Ал, ІІ,ІІІ орынды шұлық өнімдерін шығаратын «Әлем БТ» фабрикасы мен кілем шығаратын  «Назар текстиль» компаниясы иеленсе, «Карлс Крона» сорғыш шығаратын зауыты «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» номинациясы бойынша марапатталды. Осы номинация бойынша 2-ші орынды терезе және витраждарға арналған ПВХ-профильдер шығаратын «Триумф ММС» зауытына  бұйырды. Ал 3-ші орынға «Батсу Водоканал» кәсіпорны лайық деп танылса, «Үздік азық-түлік тауары» номинациясы бойынша бірінші орынды макарон өнімдерімен әйгілі «Барыс-2007» иемденсе, «Амангельды», «Ладушки» кондитерлік дүкендер желілері ІІ және ІІІ орындарды алды.

Жалпы, конкурс барысында 18 кәсіпорын «Өндірістік мақсаттағы тауарлар» үздік атануға тырысса, 15 компания «Халық тұтынатын үздік тауар» өндіруші номинациясы бойынша көрмеге қатысты. Ал, 20-дан астам қатысушы «Үздік азық-түлік тауары» номинациясының иегері атануға тырысқан.

Сондай-ақ, «Халық таңдауы», «Жыл серпіні», «Жыл бренді», «Әлеуметтік маңызы бар стартап» номинациясы бойынша да үздіктер анықталды. Бұл сатыда  химиялық қоспасыз табиғы емдік шөптермен және солардан жасалған жақпаларды  даярлайтын «Асыл арман», «Еврокристалл» шыны зауыты, және химиялық тазартқыш өнімдерімен танылған «Көркем дос», сондай-ақ, фитошайларды әзірлейтін «Фитофарм» компанияларының басшылары алғыс хаттармен марапатталды.

Аталмыш шараның тағы бір ерекшелігі – мұнда келген тұрғындар отандық өнімдермен танысып қана қоймай, жеңілдетілген бағамен тауарларды сатып алу мүмкіндігі берілді. Келушілерге лоторея ойындары ойнатылып, келген қонақтар бағалы сыйлықтар алды.

Кәсіпкерлердің пікірінше «Қазақстанның үздік тауары» жобасы сапа мен жоғары талғамның белгісі болатынына сенімді. Бұл жоба кәсіпкерлерге өз ісін әрі қарай қарыштап дамыту мен инвесторлар тартуда зор көмек болмақ.

Аталған үш номинация бойынша І орынды алған кәсіпорындар қараша айында Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» конкурсына қатысатын болады.

Теріскейде Конституция күнінде «Айкөркем» балабақшасы ашылды

Теріскейде Конституция күнінде «Айкөркем» балабақшасы ашылдыҚазақстан Республикасының Конституциясы күні Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде 50 орындық жеке меншік «Айкөркем» балабақшасы ашылды, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа балабақшаның ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Исаев, депутаттар мен ауыл тұрғындары қатысты. Нысанның салтанатты ашылу сәтінде сөйлеген аудан басшысы М.Исаев: «Ауданда «Балапан» бағдарламасының орындалу барысы жоғары деңгейде Бұл биылдыққа аудан көлемінде ашылып отырған бесінші балабақша. Таяуда тағы да 280 орындық балабақша ашатын боламыз» — деп жиналған көпшілікті Конституция күнімен құттықтады. 

Бұрынғы ескі мектепті балабақшаға лайықтап, қайта күрделі жөндеуден өткізген нысан қожайыны балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамтығаннан бөлек, жергілікті 8 адамға жұмыс беріп отыр.

Айта кету керек, жаңа оқу жылында аталған Абай елді мекенінде 150 орындық білім ошағы пайдалануға берілмек. Бүгінде ондағы 88 шаңырақта 576 азамат тұрады. Аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.

Талдықорғандықтар Конституция күнін тойлады

Талдықорғандықтар Конституция күнін тойладыТалдықорғанда Конституция күніне орай «Жастар» саябағында мерекелік концерт өтті. Сондай-ақ онда түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, оған көрермендер де қатысуға мүмкіндік алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Концерт облыстық драма театр әртістері тарту еткен театрландырылған қойылыммен басталды.

Көпшілік алдында сөз алған Талдықорған әкімі Бағдат Карасаев қала тұрғындары мен қонақтарын Конституция күнімен құттықтады.

«Біздің халқымыздың тарихи таңдауының нәтижесінде Конституция қоғамның тұрақты дамуына, Қазақстандағы барлық ұлыстардың тең құқықты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік жасады», — деп атап өтті әкім.

 Бұдан соң ол өңірдің қол жеткізген нақты жетістіктері жайлы айтып берді.

Шара соңы «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концертіне ұласты.

 

Қандай ыдыстардың денсаулығыңызға зиянды екенін білесіз бе?

Қандай ыдыстардың денсаулығыңызға зиянды екенін білесіз бе?Қазіргі қоғамда адамға пайдасымен қоса зияны қатар тиетін заттар аз емес. Оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Әсіресе, ас үй ханшайымдары ыдыс-аяқтарды таңдауда жаңыласпау керек. Оларға кеңес ретінде денсаулыққа зиян ыдыс-аяқтарды ұсынамыз.

Меламинді ыдыстар денсаулыққа 100% зиян

Бұл ыдыстардың денсаулыққа өте зиян екеніне қарамастан көптеп өндіріледі. Ұзынқұлаққа сенсек, өндіруші мемлекеттердің өздері қолданбайды, тек шет елге шығарады. Ол бір қарағанда фарфор ыдысқа өте ұқсайды. Бірақ, фарфордан әлдеқайда жеңілдігінің арқасында жылдам ажыратуға болады.

Металл ыдыстар

Мұндай ыдыстарға ыстық сорпа немесе шырын қайнатқан кезде металл иондары бөлініп шығады. Металл ыдыстардың ішіне сызат түсірмеуге, дайын тағамдарды сақтамауға кеңес береміз. Себебі, иондар ыдыстағы тамаққа, артынша организмге түсуі мүмкін. Сонымен қатар никель мен хром ионын бөліп шығару қаупі бар.

Алюминий ыдыстар

Зерттеу нәтижесі бойынша алюминий ыдыс тұзбен, ас содасымен әрекеттескен кезде химиялық қасиетін өзгертеді. Осыған байланысты алюминий ыдыста щи, орамжапырақ, түрлі кисель, компот, бұқтырылған, қуырылған көкөністер, жұқалтыр қағаздағы (фольга) тағам пісіруге болмайды.
Ыдысты жасаушы компаниялар бетіне оксидті жабынды қапталатынын айтады. Алайда, алюминий иондары бұл жабынды қаншалықты төзімді екеніне қарамастан тамақтың ішіне түседі.
Алюминий ағзаға көп мөлшерде жиналып, нәтижесінде созылмалы ауруға шалдықтырады.

Тот баспайтын болат

Оны күнделікті тұрмыста пайдаланған жағдайда тамақ арқылы адам ағзасына аллергия шақыратын никель түседі.

Пластмасса ыдыстар

Қазіргі кезде тұтынудағы ең көп қоллданылатын ыдыс түрі осы пластмассадан жасалған ыдыстар. Дегенмен, бұл аяқ-табақтардың арасындағы «былқылдақ денелілердің» зиянын тілмен айтып жеткізу қиын. Олардың құрамындағы химиялық заттардың адам ағзасына зияны атом бомбасынан қауіптірек. Бір рет қана пайдалануға қолайлылығы үшін әлемде ең көп өндірілетін бұл ыдыстардың адам ағзасына тигізер зиянының сыртында, олардың қоршаған ортаға жасайтын кері әсері жүздеген жылдарға жалғасады екен.

islam.kz

Алматы облысының әкімі Қазақстанның дамуында өңірлердің де үлесі бар екендігін атап өтті

Алматы облысының әкімі Қазақстанның дамуында өңірлердің де үлесі бар екендігін атап өттіБүгін І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды құттықтау сөзбен облыс әкімі Амандық Баталов ашты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, А. Баталов Конституцияның қалыптасу тарихына, Ата Заңымыздың өңірді өркендетудегі рөліне тоқталып өтті.

— Қадірлі жетісулықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл — мемлекетіміз үшiн ерекше жыл, Тәуелсіз Қазақстанымыздың 25 жылдық мерейтойы.

Халықаралық қауымдастықта лайықты орын алған Қазақстан бүгінгі күні биік белеске көтерілді. Бұл орайда Ата Заңымыз мемлекетіміздің берік қалыптасуының басты кепілі ретінде қызмет етіп келеді, — деді облыс басшысы өз сөзінде.

Ұлт Көшбасшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, 5 институционалдық реформасын іске асыруда — Жетісу жерінде межелі міндеттерді кезең-кезеңімен шешу үшін нақты жұмыстар атқарылып жатқанын, бұл тарапта әрбір жетісулықтың еңбегі, лайықты үлесі бар екенін де атап өтіп, облыстың соңғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Сонымен қатар әлем елдерімен мәдени байланыстың нығая түскенін тілге тиек етті.

—     Биыл Түркия мен Сербия елдерінде қазақ руханияты күндері салтанат құрып, жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбыл ескерткіштері орнатылды. Осы жылы Семей сынақ аймағының біржола жабылғанына — 25 жыл толады. 1991 жылы 29 тамызда «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойылды. Осы орайда, Елбасының бастамасымен 29 тамыз — Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің халықаралық күні болып белгіленді. Бұл біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды қадам болды, — деді А.Баталов. Сөзінің қорытындысында жетісулықтарға зор денсаулық, мызғымас бірлік, еңбекте табыс тіледі.

Бұдан кейін бірқатар азаматтарға облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар дәстүр бойынша мемлекеттік қызметке қабылданғандардың ант беру рәсімі орындалды.

Мерекелік шара соңында концерттік бағдарлама ұсынылды.

ҚазАқпарат

Амандық Баталов: Ата Заң — еліміздің табыстарының түпқазығы

Амандық Баталов: Ата Заң - еліміздің табыстарының түпқазығыАлматы облысының әкімі Амандық  Баталов  жерлестерін Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

«Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы жылы бұл мемлекеттік мерекені әрбір қазақстандық үшін аса маңызды меже — ел Тәуелсіздігінің 25-ші мерейлі жылымен қатар атап өткелі отырмыз.

Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан құқықтық жүйенің тиімділігінің арқасында мемлекетіміз әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік қауымдастық алдында үлкен абыройға ие болды. Бүгінгі күні Ата Заң еліміздің табыстарының түпқазығы, Қазақстанның одан әрі гүлденуінің кепілі болып отыр.

Құрметті жетісулықтар!

Біздің алдымызда Мемлекет басшысы жүктеген ауқымды тапсырмаларды орындау, бағдарламалардың межесіне жету міндеті тұр. Оларға біз тас-түйін бірлігімізбен, Конституция нұсқаған сара жолмен жүру арқылы жете аламыз.

Негізгі заңымыздың талаптары мен ережелерін сақтау, конституциялық құндылықтарды қорғау — әрқайсымыздың басты парызымыз әрі міндетіміз. Осы таңдаған жолымызбен қадамымызды одан әрі де нық басып, талай белесті бағындыратынымызға, талай жеңіске жететінімізге сенемін.

Сіздерге толайым табыс, мықты денсаулық, мейірім мен молшылық тілеймін. Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-құт ұяласын!» — деп жазылған құттықтауда.