Домой Блог Страница 116

Кентаулықтар 250 метрлік банерге Ата Заңымызды жазып шығарды

Кентаулықтар 250 метрлік банерге Ата Заңымызды жазып шығардыКентау қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай,  250 метрлік банерге Ата Заңымызды жазып шығарды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Үш тілде жазылған заң қаладағы Ынтымақ алаңын толықтай қамтыды. Бұл Ата заң қаланың орталық мұражайына қойылатын болады.

Мерекелік шараға қала әкімі Ә.Мақұлбаев пен қаланың зиялы қауым өкілдері қатысып, барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Салтанатты шарада қала жастары патриоттық әндерге флешмоб ұйымдастырса, мәдениет саласының азаматтары түрлі өнерлерін халыққа паш етті.

Айта кетейік, 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізу жолымен қабылданған Конституция – жас мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат.

Осы тәуелсіз мемлекетіміздің Ата Заңының қабылданғанына биыл 21 жыл толып отыр. Жиырма бір жылдың ішінде еліміз өз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, одан әрі нығайтып, әлем таныған мемлекетке айнала білді. Қазақстанның жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткен жетістіктері түгелдей Конституциямызбен тығыз байланысты екені белгілі.

«Астана марафоны» кезінде жолдар жабылады

«Астана марафоны» кезінде жолдар жабыладыЖексенбі күні, 4 қыркүйекте елордада жыл сайынғы халықаралық «Астана марафоны» өтеді, оған 5 мыңға жуық адам қатысады. Сағат 7:30-14:00 аралығында қаланың орталық көшелерінде қозғалыс тоқтатылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жолдарда өз уақытын үнемдеу және дау тудырмас үшін өз бағдарларын алдын ала жоспарлауға тиіс.

Ұзындығы 42 км маршрутта сағат 7:30-14:00 аралығында мына бағыттар бойынша қозғалыс шектеледі:

— Тұран даңғылы – Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан бастап, айналма жолға дейін (Қабанбай батыр даңғылы, әуежайға апаратын тасжол);

— Қабанбай батыр даңғылы – айналма жолдан Орынбор көшесіне дейін;

— Орынбор көшесі – Қабанбай батыр даңғылымен қиылыстан Сарайшық көшесімен қиылысқа дейін;

— Сарайшық көшесі – Орынбор көшесімен қиылыстан Байтұрсынұлы көшесіне дейін (соның ішінде М1 көпірі);

— Байтұрсынұлы көшесі – Сарайшық пен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысынан Тәуелсіздік даңғылына дейін;

— Тәуелсіздік даңғылы – Байтұрсынұлы к-сі және Тәуелсіздік даңғылымен қиылыстан Қалдаяқов к-сіне дейін;

— Қалдаяқов к-сі Тәуелсіздік даңғылы мен Қалдаяқов көшесінің өиылысынан Нәжімеденов көшесіне дейін;

— Нәжімденов көшесінен – Қалдаяқов және Нәжімеденов көшелерінің қиылысынан Аманжолов көшесіне дейін;

— Аманжолов көшесі – Нәжімеденов және Аманжолов көшелерінің қиылысынан Қошкарбаев көшесіне дейін;

— Қошкарбаев көшесі – Аманжолов және Қошқарбаев көшелерінің қиылысынан Айнакөл көшесіне дейін;

— Айнакөл көшесі – Қошқарбаев және Айнакөл көшелерінің қиылысынан Абылай хан даңғылына дейін;

— Абылай хан даңғылы – Абылай хан даңғылы мен Айнакөл көшесінің қиылысынан Пушкин көшесіне дейін;

— Пушкин көшесі, Ташенов к-сі, Республика даңғылы және Сейфуллин көшесіне дейін;

— Сейфуллин к-сі – Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейін;

— Сарыарқа және Тұран даңғылдары – Сейфуллин көшесінен Қонаев көшесіне дейін (Хан Шатыр).

Ұзындығы 21 км маршрутта сағат 7:30-12:00 аралығында мына бағыттар бойынша қозғалыс шектеледі:

— Тұран даңғылы – Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан бастап, айналма жолға дейін (Қабанбай батыр даңғылы, әуежайға апаратын тасжол);

— Қабанбай батыр даңғылы – айналма жолдан Орынбор көшесіне дейін;

— Орынбор көшесі – Қабанбай батыр даңғылымен қиылыстан Орынбор және Қонаев көшелерінің қиылысына дейін;

— Қонаев көшесі – Орынбор және Қонаев көшелерінің қиылысынан Қонаев және Түркістан көшелерінің қиылысына дейін;

— Түркістан көшесі – Қонаев және Түркістан көшелерінің қиылысынан Түркістан және Достық көшелерінің қиылысына дейін;

— Достық к-сі – Түркістан және Достық көшелерінен Достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысына дейін;

— Ақмешіт көшесі – Достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысынан Ақмешіт пен Қонаев көшелерінің қиылысына дейін;

— Қонаев көшесі – Ақмешіт пен Қонаев көшелерінің қиылысынан Қонаев к-сі мен Тұран даңғылының қиылысына дейін.

Ұзындығы 10 км маршрутта сағат 7:30-11:00 аралығында мына бағыттар бойынша қозғалыс шектеледі:

— Тұран даңғылы – Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысына дейін. Бұл жерде бұрылыс жасалады да қозғалыс кері бағытта жүреді;

— Тұран даңғылы – Тұран даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысына дейін;

— Достық көшесі – Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысынан Нұрлыжол және Достық көшелерінің қиылысына дейін;

— Нұрлыжол көшесі – Нұрлыжол және Достық көшелерінің қиылысынан Қонаев және Нұрлыжол көшелерінің қиылысына дейін;

— Қонаев көшесі – Нұрлыжол мен Қонаев көшелерінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысына дейін.

«Алау» жазғы марафонына 12 мыңнан астам адам қатысты

«Алау» жазғы марафонына 12 мыңнан астам адам қатысты«Алау» мұзайдын сарайында жазғы спорт орталығының жабылу рәсімі өтті. Шара барысында қонақтар үшін спорттық жарыстар мен эстафеталар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Алау» жазғы спорт орталығына жазғы маусымда 12 710 келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17% артық. Сондай-ақ, қалалық мектептердің жанындағы лагерьлерден 1500 оқушы қатысқан, көп балалы отбасылардан шыққан 250 бала сарайда сүйікті спорт түрлерімен айналысты.

Айта кетейік, көп балалы отбасылардан шыққан 5 жасқа дейінгі балалар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен I және II топтағы мүгедектер үшін кіру тегін. Ал зейнеткерлер мен 12 жасқа дейінгі балалар, ІІІ топтағы мүгедектерге 50% жеңілдік жасалады.

– Өткен жылмен салыстырғанда келушілер саны артып отыр. Жастардың спортқа бет бұра бастағаны қуантарлық жайт. Біз түрлі қызықты жарыстар, жастарды спортқа баулитын түрлі шаралар өткіземіз, – дейді «Алау» мұзайдын сарайының директоры Сауырбай  Есжанов.

Биыл «Алау» сарайында көптеген спорт фестивальдары, марафондар мен спорттық шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай үстел теннисінен ашық біріншілік, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат пен үстел теннисінен «Астана-2016» жарысты, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарлама, шахматтан Хәкім Омаров атындағы халықаралық турнир, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің арасында бадминтоннан әуесқойлар арасындағы I турнир, сондай-ақ, Спорт күніне орайластырылған «Алаупиада» шарасы.

Жазғы спорт орталығы жабылғаннан кейін қыркүйекте «Алау» жаңа маусымға дайындалады, мұз құяды. Ал 1 қазанда бұқаралық коньки тебудің қысқы маусымы ашылады.

ОҚО-да «Айбары мықты – Ата Заң» мерекелік жиын өтті

ОҚО-да «Айбары мықты – Ата Заң» мерекелік жиын өттіБүгін Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Айбары мықты – Ата Заң» салтанатты іс-шарасы өтті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға қатысқан өңір басшысы барша Оңтүстік жұртын мерекемен құттықтап, 30-ға жуық азаматты «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің Грамотасы және Алғыс хатымен марапаттады.

Өз құттықтау сөзінде облыс әкімі Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы екенін атап өтті. «Осыдан 21 жыл бұрын, ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдады. Жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Сол күннен бастап, Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды»,- деді Б.Атамқұлов.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Абылайхан Жүсіпов: Аянбай еңбек етуге уәде беремін

Жас боксшы Рио Олимпиадасынан алған әсерімен бөлісіп, алдағы мақсаттары жайлы айтты. 

Шымкентте өткен Азия біріншілігінің жеңімпазы. Киевте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Нанкинде (Қытай) өткен жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиаданың алтын медаль жүлдегері. AIBA тұжырымы бойынша жастар арасындағы ең үздік боксшы. Рио Олимпидасына жолдама алған Қазақстанның ең жас былғары қолғап шебері — Абылайхан Жүсіповпен сұхбатымызды тамашалаңыздар.

Жаңа ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Жаңа ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалдыБүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа тағайындалған Вице-министр Асланбек Амринді министрлік ұжымымен таныстырды.

Асланбек Кемеңгерұлы Амрин 1982 жылдың 13 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданына қарасты Смирнов ауылында дүниеге келді.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2003 ж., «Қаржы және аудит»), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2006 ж., «Геоақпараттық жүйелер»), «Болашақ» бағдарламасымен University of Illinois at Urbana — Champaign, (2012 ж., «Технологияларды басқару») оқып бітірді.

2003-2005 жж. «KITEX» ЖШС жеке инновациялық компаниясында, «Жаңа технология мен материалдарды енгізу орталығы» ЖШС; «Қазақстандық инновациялық технология» АҚ еңбек етті.

2005-2010 жж. аралығында ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сарапшысы, индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы және меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2015 жж. — «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2015-2016 жж. — «TIMWE International» халықаралық телекоммуникациялық компанияның Қазақстан бойынша бас менеджері.

2016 жылдың 26 тамызында ҚР Үкіметі Қаулысымен ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.

ҚазАқпарат

ОҚО-ға Корея мемлекетінен инвестиция тартылмақ

ОҚО-ға Корея мемлекетінен инвестиция тартылмақБүгін ОҚО өңір басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды Корея мемлекеті «KISCO» компаниясының президенті Чой Джун Хван мырзамен кездесті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бас қосуда орынбасар өңірдің негізгі жетістіктері мен ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы даму көрсеткіштеріне тоқталып, инвесторларды облыстағы бірқатар инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Өз кезінде Чой Джун Хван, ауқымды жобаларды жүзеге асыруда сенім білдіріп отырғаны үшін билік өкілдеріне алғысын жеткізді.

Кездесу соңында Дархан Сатыбалды мәртебелі мейманды 6-7 қазан күндері Шымкент қаласында өтетін халықаралық «Ontustik Tourism 2016» туристік форумына қатысуға шақырды.

Ақ орамал – бейбітшілік пен келісімнің бастауы

Ақ орамал – бейбітшілік пен келісімнің бастауыБүгін Шымкент қаласындағы Даңқ мемориалында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  ұйымдастырған «Ақ орамал» акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Елбасының Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында өткен шарада облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков,  облыстық Ардагерлер  кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ОҚО ҚХА Аналар  кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова сөз сөйледі.

Акция барысында еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің мән-маңызын көпшілікке жеткізу мақсатында қазақ дәстүрімен үйлестірілген театрлық көрініс көпшіліктің назарына  ұсынылып,  ақ орамал тартқан 150-ден аса  аналар шеруі Даңқ мемориалына келіп, отты  қару басына (ұңғысына) бейбітшілік пен татулықтың белгісі  ретінде ақ орамал байлады.

Іс-шара барысында бейбітшілік жолында  қаза  тапқан азаматтарды еске алу мақсатында Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды.

Аталмыш акция еліміздің барлық өңірлдерінде, облысымыздың аудан, қалаларында  бір мезетте  ұйымдастырылды.

 Акцияның басты мақсаты – қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың діни, əлеуметтік, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру болып табылады.

Отыз күнге  созылған «Ақ oрамал» акциясы аясында облыстың барлық аудан, қалаларында ақ жаулықты аналардың перзентханадағы жас аналарға, неке сарайында қалыңдықтарға ақ орамал тағып, ақ бата беру рәсімдері  ұйымдастырылды.

Ақ орамалдың қазақ тарихында философиялық мағынасы  терең. «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың  жанжалды тоқтатуына себеп болған.

Сарыағашта қос мереке қарсаңында үш мәдениет нысаны пайдалануға берілді

Сарыағашта қос мереке қарсаңында үш мәдениет нысаны пайдалануға берілдіОңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне  орай, үш мәдениет нысаны ел игілігіне пайдалануға берілді.

Мереке қарсаңында тұрғындарға есігін айқара ашқан 75 орындық ауылдық клубтар Жібек жолы мен Бірлік ауылдық округтерінде орналасқан болса, енді бірі Құркелес ауылдық округіндегі 150 орындық мәдениет үйі, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан басшысы  Қ.Әбдуалиев барша жұртшылықты мерекемен құттықтап, дарынды да талантты азаматтардың саны артатынына сенім білдірді.

Пайдалануға берілген мәдениет нысандары  толықтай құрал-жабдықтармен, компьютерлермен және жиһаздармен қамтамасыз етілген. Мәдениет үйлерінің жанында кітапхана, оқу залы, жоғары жылдамдықта істейтін интернет пен телефон байланыстары бар.

Жалпы Сарыағаш ауданында осы жылы мәдениет нысандары жоқ ауылдық округтер мен елді мекендерде ауылдық клубтар мен кітапхана құрылыстары қарқынды жүргізілді. Бүгінге дейін Бірлік, Жібек жолы, Құркелес, Тегісшіл, Ақтөбе ауылдық округтерінде мәдениет нысандарының құрылысы аяқталып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 3 мәдениет үйлері аудан тұрғындарына тапсырылады деп жоспарлануда.

Астанада елордалық жастар форумы өтті (фото, видео)

Назарбаев университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар. Энергия. Инновация» атты елордалық жастар форумы өтті. Форум аясында жас кәсіпкерлер мен ғалымдар инновациялық, ғылыми және ақпараттық, сондай-ақ, әлеуметтік және жастар кәсіпкерлігі жобаларын ұсынды. Форум ұйымдастырушысы — Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.

Астанада елордалық жастар форумы өтті

Бұл шараға 500- ден астам адам жиналды. Форумға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, қалалық мәслихат депутаты Асхат Оралов, «Астана Жастары» ресурстық орталығының басшысы Әнуар Нұрпейісов және т.б. қатысты.

Форум аясында жасыл технологияларды дамыту және инновацияларды өндірісте пайдалану бойынша жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

Форум соңында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетуге арналған автошеру ұйымдастырылды.

IMG-20160827-WA0057

IMG-20160827-WA0016 IMG-20160827-WA0036 IMG-20160827-WA0037 IMG-20160827-WA0046 IMG-20160827-WA0049 IMG-20160827-WA0052

IMG-20160827-WA0011IMG-20160827-WA0087

Авторы: Бэлла Орынбетова