Домой Блог Страница 121

Олимпиадашыларды Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды

Олимпиадашыларды Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алдыРио-де-Жанейрода өткен төрт жылдықтың басты додасында еліміздің намысын қорғаған спортшылар елордаға оралды. Оларды қарсы алуға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен ата-аналары, сондай-ақ жанкүйерлер келді.

— Бүкіл мемлекет, халық болып сіздерге қолдау көрсеттік, сіздер төрт жылдықтың басты жарысында лайықты өнер көрсетіп, 22-орынға табан тіредіңіздер. Мен ата-аналарыңызды, бапкерлеріңізді осы ұлы жеңіспен құттықтаймын! Ең бастысы, сіздерді көріп, мыңдаған баланың бойында спортқа деген құлшыныс пайда болды. Осының барлығы Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дені сау және спорттық ұлтты тәрбиелеу бойынша саясаты үшін аса маңызды, — деді Ә. Исекешев.

Қала әкімі Риодан оралған барлық спортшыларды құттықтап, елордалық атлеттерге жеке алғысын білдірді.

— Сапарға аттанарда алтын медаль үшін таласуға уәде бердіңіздер. Нағыз капитан ретінде Данияр турнирді сенімді өткізіп, финалда әдемі жеңіске жетті. Біз сені мақтан тұтамыз, бәріміз де сен үшін уайымдап, қолдау көрсетуге тырыстық. Василий, біз сені олимпиада чемпионы деп есептейміз. Оны өзің де білесің. Өмірде бәрі де болады, дегенмен, алар бәйгең әлі алда екеніне сенімдімін, сен біз үшін чемпионсың. Гюзель Манюрова өзінің әлемдік дәрежедегі спортшы екендігін дәлелдеп, үшінші мәрте олимпиада жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Осындай батыр ұл-қыздарымызды тәрбиелеп, өсірген ата-аналарға, жаттықтырушыларға және спортшыларымызға рахмет, — деді қала басшысы.

Елорда әкімі Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс жүлде иегерлері Василий Левит пен Гюзель Манюроваға «темір тұлпарлардың» кілтін табыстады. Спортшылар осы көліктермен әуежайдан үйлеріне жол тартты. Әсет Исекешев жоғары спорттық жетістікке қол жеткізгені үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен олимпиада жүлдегерлеріне елордадан пәтер берілетінін атап өтті.

Риодағы олимпиаданың еркін күрестен күміс жүлдегері Гюзель Манюрова өз қуанышымен бөлісті:

«Қымбатты астаналықтар! Кеш болғанына қарамастан бзді қарсы алып жатқандарыңызға рахмет. Сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рахмет. Біз Риода жүрсек те бәрін сезіп, біліп жүрдік. Үлкен рахмет сіздерге»,- деді ол. Спортшы жарысқа аттанарда сенім артып, сәттілік тілегені үшін елорда әкіміне алғысын білдірді.

Қазақстандықтардың мақтанышы,бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов барлық жанкүйерлерге және жарыста жанында болған бүкіл командаға ризашылығын жеткізді. Чемпионның айтуынша, олар да ортақ жеңіске қол жеткізу үшін елеулі үлес қосты.

«Мұхиттың ар жағында болғанымен біз сіздердің қолдауларыңызды сезіндік. Бізге жағдай жасағаны үшін Мемлекет басшымызға, Астана әкіміне рахмет. Осындай жетістікке қол жеткізуіміз жаттықтырушыларымыздың да ерен еңбегі, барлық бапкерлерге, менің жеке бапкерім – әкеме, бас жаттықтырушыма, қол ұшын созған азаматтардың бәріне: дәрігерлерге, психологтарға алғыс айтамын», — деді Д. Елеусінов.

Спортшылардың ата-аналарының атынан Татьяна Левит жанкүйерлерге қолдауы мен қазақстандық олимпиадашыларға құрмет көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Еске салайық, Рио-де-Жанейродағы жазғы олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы түрлі дәрежедегі 17 жүлдеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте 22-ші орынға табан тіреді.

Елордаға Алтай аймағының және Барнаул қаласының туристік компаниясының өкілдері келді

Елордаға Алтай аймағының және Барнаул қаласының туристік компаниясының өкілдері келдіАстанаға Алтай аймағының жетекші туроператорлары келді. Ақпараттық тур аясында қонақтар Астана қаласының көрікті жерлерін аралап, Recommended by EXPO бағдарламасы бойынша қонақ үйлерді көріп, елорданың туристік әлеуетімен танысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

– Биыл туроператорлар, БАҚ өкілдері және шетелдік қонақтарына арналған ақпараттық турлар өткіземіз. Негізінен, Қазақстанмен шекаралас қалаларға басымдық беріледі – Омбы, Қорған, Алтай аймағы, Челябі, Новосібір. Сонымен қатар, Қытай да бар, – дейді «Астана Конвеншн бюро» ЖШС туризм бөлімінің басшысы Саят Құсайынов.

Ресейлік қонақтар елорданың туристік әлеуетімен, қаланың көрікті жерлерімен, тарихымен танысып, бизнес пен туризм саласында байланыс орнатты.

– ЭКСПО-2017 қарсаңында Астанаға келгенімізге қуаныштымын. Бәріміз де тәнті болдық. Көрмеге операторларымызды жіберуге тырысамыз. Көп мемлекет қатысатын алдағы көрменің сәтті өтуіне тілектеспіз, – деді Алтай аймағы туризм қауымдастығының президенті Елена Чупина дөңгелек үстел отырысы барысында.

Жалпы, «Астана Конвеншн бюро» ЖШС Ресеймен шекаралас қалалар үшін 8 ақпараттық тур өткізбек. Мақсаты елорданы дамыту, туристік алмасу мен елорданың имиджін жақсарту, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесін дәріптеу болып табылады.

Баскетболдан облыс чемпионаты өтті

Баскетболдан облыс чемпионаты өттіАлматы облысында баскетболдан әйелдер командалары арасында өткен чемпионат қорытындыланды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Біріншілікке 12 ауданның құрама командалары қатысты. Іріктеу кезеңіндегі топтық турнирде командалар бірінші орынға таласты. Жарыста Талдықорған, Текелі қалаларының және Ескелді ауданының спортшылары үздік ойын көрсетті. Жүлделі орындар олимпиадалық жүйе бойынша белгіленді.

Облыстың баскетболдан бас жаттықтырушысы Евгений Прокопчиктің айтуынша, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жоғары деңгейде өтті.

ОҚО-да «Ontustik Tourism Center» орталығының бөлімшелері ашылуда

ОҚО-да «Ontustik Tourism Center» орталығының бөлімшелері ашылудаОңтүстік Қазақстан облысы қонақтары мен тұрғындары үшін өңірдің туристік әлеуеті жөнінде мәлімет алу мүмкіндіктері ұлғаюда. Осы жылы тамыз айынан бастап Түркістан қаласында «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының бөлімшесі және Шымкент қаласының әуежайында ақпараттық дүңгіршегі өз жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған іс-шара қонақтардың Түркістан және Шымкент қалаларының аумағында облыстың көрікті жерлері туралы мәліметтерді алуды әлдеқайда жеңілдете түсті. Келесі ретте әуежай арқылы келген қонақтар уақыттарын жоғалтпай ұшып келе салып қажетті туристік мәліметтерді алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, жақын арада Шымкент қаласының теміржол вокзалында тағы бір ақпараттық дүңгіршек өз жұмысын бастамақ.

Айта кетейік, «Ontustik Tourism Center» бөлімшелері мен ақпараттық дүңгіршектерінің жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында туристік саланың дамуына және ақпарат қолжетімділігінің артуына ықпалын тигізеді.

Акула туралы қызықты деректер

Акула туралы қызықты деректер1. Ең алғашқы акулалар осыдан 400 миллион жыл бұрын пайда болған. Ол кезде динозаврлар да болмаған деген дерек бар.
2. Оқымыстылар оларды жер шарындағы барлық мұхиттардан кездестіргенін айтады.
3. Акула шеміршекті балықтар тобына жатады. Өйткені денесі толықтай шеміршектен құралған.
4. Бұл жыртқыш туралы алғашқы деректерді «тарих атасы» деп танылған Геродот жазбаларынан (484-425 ж.ж.) кездестіруге болады.
5. Адамдар егеуқұм қағазын (наждачная бумага) ойлап табу үшін «шагрень» аталатын акуланың қалың терісін пайдаланған. Ал жапон әскерлері бұл терімен қылыш сабын қаптаған. Сонда қылыштары ұстағанға ыңғайлы әрі қолдан тайып кетпейтін болған.
6. Кейбір балықшылар акулаларды аулап, сорпа жасау үшін жүзбеқанаттарын кесіп алып, қайтадан теңізге лақтырып жібереді екен. Алайда олар одан кейін жүзе де алмай, дем ала да алмай, ақыр соңында өліп қалатын болған.
7. Олардың 40-45 тісі бар. Жанында алмастыру үшін тағы бірнешеуі тұрады екен. Тістері түсіп, немесе сынып қалған жағдайда қайтадан қалыпқа келтіру үшін акулаға небары бір күн жеткілікті. Олар өз өмірінде отыз тіске дейін алмастыра алады. Бірақ жаңа тістері ескісінен үлкендеу болады. Сондықтан бұл жыртқыштар қорқынышты көрінеді.
8. «Акула» деген сөзді ағылшын тілінде ең алғаш рет 1569 жылы қолданған. Ал оған дейін ағылшын балықшылары мен теңізшілері оны «теңіз қасқыры» немесе испанша «tiburon» деп атаған.
9. Португалдық акулалар 3,5 километр су түбінде өмір сүреді екен. Алайда олардың адамға шабуылының басым көпшілігі 1-2 метр тереңдікте болған.
10. Олар шабуыл жасамастан бұрын міндетті түрде ескертпе белгілерін береді. Мысалы: су бетіне арқасын шығарады және басын көтереді.
11. Акулалар шабуылына қарағанда, найзағай соққысынан немесе ара шаққанынан өлетін адамдардың саны көп. Бұл алып балықтың шабуылынан әлем бойынша бір жылда 30 шақты адам өмірімен қош айтысады. Олардың көбісі Солтүстік Америка (Флорида мен Гавайи), Австаралия және Оңтүстік Африка жағалауларында тіркелген.
12. Жылына 100 миллионнан астам акула өлтіріледі. Оның тістерін түрлі зергерлік бұйымдарға, бауырын бетке жағатын иіс май жасауға, ал жүзбеқанаттарын жоғарыда айтқанымыздай сорпа әзірлеуге қолданады екен,  деп жазады massaget.kz.

ОҚО-да үш күндік «Tau fest — 2016» фестивалі өтті

ОҚО-да үш күндік «Tau fest - 2016» фестивалі өттіҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен, 3 күндік «Shymkent Tau Fest — 2016» фестивалі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Алғашқы күні өзен бойында демалушылардан қалған қоқыстарды тазалау жұмыстары, экологиялық сенбілік шарасы өткізілді.

Сонымен қатар Толе би ауданы «Бастау» демалыс аймағында «ЭКСПО -2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңірлік дайындық аясында Шымкент қаласының туристік ұйымдары мен қонақ үйлерінің қызмет көрсету сапасын күшейту тақырыбында туризм саласының білгірлері семинар-тренинг оқыды. Тренинг барысында – туристерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, кемінде үш тілде сөйлейтін гид-аудармашыларды дайындау, 2017 жылға жоспарланатын нақты іс-шаралар барысы талқыланды.

Іс-шара соңында құзға өрмелеу, кедергілер жолынан өту, альпинистік жарыстар болып, қорытындысында бірінші орынды Сайрам аудандық Жас туристер станциясының «Жас қыран» тобы, жүлделі екінші орында «Шымкент қаласының блогерлер» тобы, ал, үшінші орынды Төле би ауданының Жас туристер станциясының ұжымы иеленді. Айта кетерлігі, жалпы фестивальге 400 ден астам қатысушы жиналды.

Ащы бұрыштың пайдасы мен зияны

Ащы бұрыштың пайдасы мен зияныҚызыл бұрыштың құрамында ерекше капсаицин атты зат бар. Ол жүйке талшықтары дертін емдеуде жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар, мамандар артрит, псориаз, невропат ауруларында да бұл заттың тигізер пайдасы бар дейді, деп жазады massaget.kz.

Бұрыштың құрамындағы капсаицин асқазан секреция қызметінің жақсы жұмыс істеуіне ықпал жасап, нәтижесінде, асқорытуды жақсартады. Алайда, халық арасында ащы қызыл бұрыш асқазан жарасын тудырады деген уәж бар. Ал мұны соңғы зерттеулер жоққа шығарып отыр. Керісінше, капсаицин асқазандағы пайда болатын өзге де көптеген дертке шипа болады екен.

Қызыл бұрышты мөлшерден артық көп жеуге болмайды. Оны жиі асқа қосудың да зияны бар. Мәселен, мынадай жағдайларда ащы қызыл бұрышты жеуге тыйым салынады.
1. Асқазанда жарасы бар немесе асқазан, ішек-қарын жолдарына ота жасалғаннан кейін қызыл бұрышты пайдаланбайды;
2. Шектен тыс пайдалану асқазандағы тамақтың қорытылуын нашарлатады немесе қыжыл пайда болады;
3. Мөлшерінен тыс пайдалану адамдардың қатерлі дертпен ауруға бейімділігін арттырады;
4. Қант диабеті мен бауыр ауырғанда да жеуге тыйым салынады;
5. Асқазанда қышқыл жоғары болғанда ащы көкөністі жемейді.
Дәрумендер — адам ағзасы үшін құрылыс материалдары секілді. Оның жетімсіздігінен ағзада ауру түрлері ушыға бастайды. Ащы бұрыштың құрамындағы С дәрумені көктем мен күзде ағза үшін өте пайдалы. Жылдың осы екі мезгілінде ағзадағы вирус пен бактериялармен күресуде жақсы көмекші. Сонымен қатар, шлактарды шығарады, әрі қан тамырларының жақтауын нығайтады. В дәрумені болса жүйке жүйесін бекемдеп, көздің көруін жақсартады, әрі шаршауын басады. Ал оның құрамындағы А дәрумені аллергия мазалайтын жандар үшін таптырмас ем. Қызыл бұрыш арқылы адам ағзасы Е дәруменімен толыққанда, ол қартаю процесін тежейді.

Мұнан өзге ащы бұрыштың мынадай ауруларға шипасы бар:
1. Бұрыштың ащылығы көңілді көтереді. Жүрек қантамыр дертінің алдын алады;
2. Ұйқысыздық кезінде де зерттеу барысында көмектесетінін байқаған;
3. Тәбетті ашады;
4. Физикалық және ақыл-ой тұрғысынан жұмыс істеу қабілетін арттырады;
5. Тұмау және респираторлық дерт кезінде шипасы бар;
6. Жөтелгенде, бронхиттің асқынған түрінде ащы қызыл бұрыш жабыстырғышын (перцового пластырь) емге пайдалануға болады. Оны екі жауырынның ортасы, бел омыртқадан жоғары жабыстырады. Мұны жасағанда орны аздап қызаруы мүмкін. Емдік шара кезінде суықтан абай болған жөн;
7. Ішектерге үлкен көлемде бактериялар түседі. Оны жоюдағы қызыл бұрыштың қызметі ерекше;
8. Шаштың өсуіне көмектеседі.

Оңтүстік жұрты Рио олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алды

Оңтүстік жұрты Рио олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алдыБүгін Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайдан Оңтүстік жұрьшылығы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды қарсы алды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Төрт жылда бір келетін додада ел қоржынына медальді алғашқылардың бірі болып облысымыздың мақтанышы Галбадрах Отгонцэцэг салса, ауыр атлетикадан 1 күміс медальді жерлесіміз Жазира Жаппарқұл салды. Осылайша үш миллионға жуық тұрғыны бар халықтың мерейі артып, қуанышқа бөленді.

Бүгінгі салтанатты шараға қатысқан облыс əкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындарында өңір спортшылары бар мүмкіндігін көрсете білгенін айтып, облыс әкімінің құттықтау хатын жеткізді. «Рио төрінде өткен жазғы Олимпиада ойындарына облысымыздан 21 спортшы қатысты. Бұл спорттық сайыста спортшыларымыз өз мүмкіндіктерін көрсетті. Елміздің қоржынына алғашқы қола медаль сыйлаған жерлесіміз Галбадрах Отгонцэгцэг ерлігін бүкіл әлем мойындады. Ал, Жазира қызымыздың күмісі алтынмен пара-пар.Жазираның Олимпиада төрінде жасаған үлкен ерлігі, қайраты мәңгілік деп ойлаймын. Спортшыларымыздың арқасында, жоғары деңгейдегі әлемдік спорттық додада еліміздің көк байрағы желбіреді»,-делінген құттықтау хатта.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5-21 аралығында XXXI жазғы Олимпиада ойындарына 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысып, 28 спорт түрінен 306 медальдар комплектіне сайысқа түсті.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасынан 25 спорт түрінен 105 спортшы қатысты. Оның ішінде спорттың 10 түрінен 21 облысымыздың спортшылары. Бұл тартысты бәсекеде Қазақстан 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальды жеңіп, жалпы командалық есепте 22 орынға қол жеткізді.

Түшкіргеніне қарап адамды тануға болады (Тест)

4322773344c255f0039594ae2e11984e0e73e97e_1000Түшкірген кезде  дем шығаратын бұлшықеттер жиырылып,  өкпедегі ауа күшпен мұрын арқылы әсер еткен затты сыртқа шығарады. Процесстің мақсаты бір болғанымен, әркімде әр түрлі жолмен жүзеге асады.  Біреулер қатты дыбыс шығарып түшкірсе, біреулердің түшкіргені білінбей де қалады. Бір қызығы, түшкіргеніне қарап, адам жайлы анықтауға болады екен.

1. Бар даусымен түшкіретін – қоршаған ортасына өз ықпалын жүргізе алатын харизматикалық тұлға. Сан қилы идеяларын жұртпен бөліседі. Адамдарға ашық-жарқын, жақсы әңгімеші.

2. Түшкіргенін ешкім білмей қалатын адамдар – «біреуге зияным тигенше, өзім жарылып кетейін» дейтін нағыз көркем мінез иесі. Ол үшін өзінен гөрі өзгелердің көңілі әлдеқайда маңызды. Текетірестен қашады. Шыдамды, сабырлы, кейде өзінің біреуге бағынышты болып қалғанын да байқамайтын адам. Үнсіз тыңдап, көмек беретін адал адам.

3. Мұрнын орамалмен не алақанымен жауып түшкіретін адам – ой иесі. Алдын ала ойланбай ештеңе істемейтін, ойланбай сөйлемейтін, қоғамдағы әр құбылысқа өз пікірін түйе жүретін адам. Өзгелердің қателігін де көре алады, бірақ бетіне басып айтпайды. Ой толғайтын кітаптарды үнемі оқиды. Бар ісін өзі атқарады, біреуге жүктей салудан ада. Әдетте демалысын үйде, оңашада өткізеді.

4. Тез әрі ащы түшкіретін – жалғыздықты сүйетін адам. Шешімді тез шығаратын, өзгелерден де соны талап ететін жан. Біреуге арқа сүйеу деген әдетінде жоқ. Көшбасшы. Жақсы басшы. Өзін біреудің пайдаланғанын білсе, кешірмейді.

anabol.kz

Кеш ұйықтау қаншалықты зиян?

Кеш ұйықтау қаншалықты зиян?Демалыс мезгілінде еркінсіп, түнімен ғаламтор ақтарып немесе кітап оқып, көптеген адамдар кеш ұйықтайды. Бұл ұйқы режимінің бұзылуына алып келеді. Кеш ұйықтау арқылы сіз ағзаңызға күш салып, түрлі ауруларға шалдығу қаупін күшейтесіз. Сондықтан, кеш ұйықтаудың зиянды жақтарын біле жүріңіз.

1. Созылмалы шаршау

Адамда қалыпты ұйқы болмағандықтан уақыт өте келе ағзада ішкі стресс артады. Нәтижесінде, созылмалы шаршау және өзін-өзі қайта қалыпқа келтіре алмау туындайды.

2. Сұлулықтан айырылу

Ұйқы ол әдемілікті сақтау үшін ең тиімді және толықтай тегін тәсіл. Себебі, ұйқы кезінде тері жасушасында регенерация жүріп, ұлпалар қайта  қалпына келеді.

3. Артық салмақ

Америкалық ғалымдар уақытылы ұйықтаған әйелдер аурудан тез айығатынын дәлелдеген. Ағзадағы ұйқы жетіспеушілігі зат алмасуды нашарлатады. Ағзаға ұйқы жетіспегендіктен артық салмақ қосу процесі 2 есе жылдам жүреді.

4. Иммундық жүйенің әлсіреуі

Бәрі айқын және қарапайым: түнде ағза қалпына келіп, жаңартылады, ол иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Түнде иммундық жүйенің белсендірілген жасушалары, күні бойы денеге кірген патогенді микроағзаларды жояды. Ұйқының тұрақты түрде болмауы, ағзаның тұмау және ЖРВИ мен ауру қаупін 3 есе арттырады. Ересектерге дендері сау болуы үшін 7-8 сағат ұйықтауы қажет.

5. Қартаю

Түнгі ұйқы кезінде, тері жасушалары қалпына келеді, қан айналымы жақсарып, жасушаның оттегі, амин қыщқылдарымен қанығуына мүмкіндік береді. Тері түсін, тегістігін табиғи жолмен жақсартады. Алайда, бұл процес 8 сағаттан кем емес ұйқы кезінде жүреді.