Домой Блог Страница 213

Өнер университетінде студенттер айтысы өтеді

Өнер университетінде студенттер айтысы өтеді

Қазақ Ұлттық өнер университеті 6 сәуір сағат 15.00 -де Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алаш қайраткерлерінің бірі Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысын өткізгелі отыр.

Айтысқа оқу орнының «Дәстүрлі ән» кафедрасы «Айтыс» мамандығының студенттері және Астана қаласы жоғары оқу орындарының таңдаулы  айтыскерлері қатысады.

 Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры, ҚР Еңбек Ері, Әлем әртісі Айман Мұсахаджаеваның қолдауымен 2014 жылы ашылған «Айтыс» мамандығында қазіргі таңда 7 студент білім алуда. Атап айтқанда 2 курс студенттері: Аруна Керімбек, Бек Шымат, Дәурен Ысқақ, Сырым Әділбек;    1-курс студенттері: Рай Дөңбай, Төрехан Совет, Сұлужан Таубалды сынды жас талап ақындар жыр додасында өз бақтарын сынап көрмек. Сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистранттары – Рауан Хайдаров, Нұрқанат Қайрат; 2015 жылғы республикалық жастар айтысының жеңімпаздары: Еуразия Гуманитарлық институтының студенті Таңжарық Ержан, Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің түлегі Данияр Алдаберген;  сондай-ақ Ардакерей Кәп, Дәурен Полатбаев, Нартай Тілеуқұл сынды жас айтыскерлер қатысады деп күтілуде.

Айтыстың мақсаты –  от ауызды, орақ тілді ақындардың жүрекжарды жырымен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру және азаттық жолында алтын бастырын бійгеге тіккен Алаш ардагерлерін еске алу, атамұра өнерді дәріптеу болып табылады.

ҚазҰӨУ қабырғасында тұңғыш рет өткізілгелі отырған айтысқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков, академик, ғалым Сейіт Қасқабасов, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, жыршы, ҚазҰӨУ профессоры Алмас Алматов бастаған Аманжол Әлтай, Серікзат Дүйсенғазы, Жібек Болтанова, Дәулеткерей Кәпұлы, Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Шырынбек Қойлыбаев,  Қалқаман Сарин, Әсем Ережеқызы, Еркебұлан Қайназаров, Иран-Ғайып Күзембаев, Сара Тоқтамыс  Жандарбек Бұлғақов, сынды елге танымал ақындар қонақ ретінде келмекші.

Айтысты ұйымдастырушы Қазақ ұлттық өнер университеті Дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасы. Қорқыт Ата атындағы ғылыми-зерттеу институты мен Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы қолдау да білдіріп, өз жүлделерін тағайындап отыр.

 Үздік өнерімен дараланған ақынға – Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры, ҚР Еңбек Ері, Әлем әртісі Айман Мұсахаджаеваның арнайы  жүлдесі табысталады. Қатысқан ақындарға айтыс ардагерлері атындағы арнайы жүлделер тағайындалып отыр.

Келем деушілерге есік ашық.

Елордада тіркелудің ерекшеліктері

Елордада тіркелудің ерекшеліктеріБүгін елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында халықты тіркеу және есепке алуды жетілдіру мәселесі талқыланды.

Астанада көші-қон полициясының қызметін реттейтін арнайы ережелер бекітілуі мүмкін. Елорда әкімдігінің аппарат отырысында тұрғын үйде бір адамға есептелген белгілі бір шаршы метрлер болған жағдайда ғана азаматтарды тіркеу, сондай-ақ, тұруға арналмаған орынжайларда (мысалы, саяжай немесе кеңсе) тіркеуге тыйым салу ұсынылды.

Барлық астаналарда кеңінен тараған мәселелердің бірі – азаматтардың тіркеусіз және есепке алынбай тұруы, сонымен қатар, азаматтардың бақыланбайтын ішкі көшіп-қонуы болып табылады.

Астанада шектеу шараларының болмауы жекелеген үй иелеріне бір мекен жай бойынша, шын мәнінде онда тұрмайтын ондаған және жүздеген адамды тіркеуге мүмкіндік береді. Қалада кейбір пәтерлерде 400-ден астам азамат тіркелген жағдайлар да болды, бұл ретте бір пәтерге 100-200 адам тіркелу кеңінен тараған құбылыс. Көптеген пәтер иелері осылайша ақша тауып келеді, алайда олар тіпті әкімшілік айыппұл төлегеннен кейін де адамдарды тіркеуді тоқтатпайды.

«Тұтастай бір көлеңкелі индустрия жұмыс істеуде. Бұл тәртіпсіздікке заң жүзінде реттелмеуі ықпал етеді», — деді Астана әкімі Ә. Жақсыбеков. Елорда басшысы тиісті мемлекеттік органдармен осы мәселені қарауды және «Астананың мәртебесі туралы» заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

23 сәуірде Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

23 сәуірде Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді23 сәуірде Астанада экологиялық айлық пен жалпықалалық сенбіліктер басталады. Бұл туралы бүгін Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Отырыс барысында елорданың сыртқы келбетіне қатысты мәселелер көтеріліп, осы бағыттағы жұмыстар айтулы даталарға орайластырумен ғана шектелмеуі тиіс екендігі атап өтілді.

Астанада халық пен бизнестің белсенді қатысуымен «таза бейсенбі» шаралары, экологиялық полициямен бірге рейдтер тұрақты түрде өткізілуі керек. Бұл ретте әрбір қала тұрғыны, әрбір кәсіпкер немесе ұйым елорданы абаттандыруға қатысты екендігін сезінуі керек.

Астанада 17 мектеп үш тілде білім беріп жатыр

Астанада 17 мектеп үш тілде білім беріп жатырАстанада үш тілді ілкі тәртіпте жалпы білім беретін 17 мектепте енгізілді. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның Астанадағы № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу барысында Астана қалалық білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева осылай мәлім етті.

«Қазіргі кезде елордадағы мектептерде үш тілді білім беруді енгізу бойынша мақсатты жұмыстар жүріп жатыр. Тиісті кадрлардың қажеттілігіне мониторинг жасалуда. Үш тілде білім беруге ауысудың нормативтік-құқықтық әдіснамалық негізін жоспарлы зерттеу жүруде. Бүгінде үш тілде білім беруді енгізу тұрғысында қанатқақты мектептер ретінде 17 оқу орны іріктелінді. Бұл 17 мектепте пәндер ішінара ағылшын тілінде өткізіледі, яғни математика, билогия, химия, география пәндері ағылшынша оқытылуда»,-деді ол.

Сонымен қатар басқарма басшысы қаладағы білім беру саласындағы кейбір көрсеткіштерге тоқталды. Жыл сайын Астанаға орташа есеппен алғанда мектеп жасындағы 6,5 мың бала көшіп келеді. Осы ретте бір мұғалімге 86 оқушы тиесілі болады, ал 2015 жылы көші-қонды ескере отырып, елордада балаларды білім берумен қамту 103 пайызды құрады.

ҚазАқпарат

Елордада «Жастар Жалыны – 2016» фестивалі өтеді

Елордада «Жастар Жалыны – 2016» фестивалі өтеді2016 жылдың 8-12 сәуір аралығында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жастар Жалыны – 2016» атты шығармашыл жастардың ауқымды фестивалі өтеді. Дәстүрлі іс-шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналады.

Фестиваль аясында жастардың өнерлері, белсенділіктері, білім технологиялары және өзге де бағыттары бойынша 10 номинациядан тұратын байқаулар ұйымдастырылады.

Шараға елорданың барлық жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары қатысады деп жоспарлануда.

Мақсат – жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды жастарды анықтау және тәуелсіздік тағылымын таныта отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

Фестивальдің қорытынды гала-концерті 13 сәуір күні астаналық Конгресс-Холл концерт-залында өтеді.

Жетістікке жеткен әйелдер студенттермен кездесті (фото)

????????????????????????????????????

Бүгін ҚазМЗУ ғимаратында еліміздің табысқа жеткен танымал әйелдерімен кездесу-әңгімелесу кеші өтті. Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мен «Қазақ Қызы» қоғамдық ұйымының бірлесе отырып ұйымдастырған іс-шараның басты мақсаты – елордамыздың жас аруларының мәдени-адамгершілік тәрибесінің жоғарылауына үлес қосу, олардың жеке және рухани әлеуетінің одан әрі дамуына, патриоттық сезімдерін нығайтып, ұлттық тәрбие қағидаларының қайта жандануына ықпал ету.  

Кешке шақырылған еліміздің танымал жеті аруы 7 әлеует бойынша өз ойларын ортаға салды. Атап айтсақ, Майра Мухамедқызы «Патриоттылық пен құндылық»,  Тамара Асар «Ерік күші мен талпыныс», Оразгүл Асанғазы «Адамгершілік пен тәрбие», Бірғаным Әйтімова «Ақыл мен білімділік», Салтанат Байқошкарова «Еңбекқорлық пен тәртіп», Аяулым Ерғазы «Сұлулық пен әсемдік», Жанар Байжулдинова «Қайырымдылық пен ризашылық» төңірегінде әңгіме өрбітті.

Тарихта есімдері алтын әріптермен өрнектелген – Тұмар ханым, Ұмай ана, Айша бибі, Домалақ ана секілді ұлтты тәрбиелеп, халықты қалыптастырып, еліміздің берекесін баянды етуге мол үлес қосқан аналарымызды үлгі ете отырып, сөз қозғаған спикерлер қазіргі қазақ қызы қандай болу керектігі жайында әңгіме тарқатты.

Бүгінгідей жаһандану кезінде қыз бала тәрбиесі, оның ішінде қазақ қызының тәрбиесі, қыз балаға аттап өтуге болмайтын әдеп пен инабаттылық талаптары туралы тәжірибесі мол, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген қыз-келіншектермен пікір алмасу – шараға жиналған жас қыздардың қызушылығын тудырды.

Айта кетейік, аталмыш жоба ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өсіп келе жатқан ұрпақтың мәдениетін, тәрбиесін және білімін дамыту тапсырмасын орындауға бағытталған.

DSC_7846

DSC_7839

DSC_7850

DSC_7841

Елорадада «Күлкі, қалжыңға ия! Есірткіге жоқ!» атты акция өтті

DSC_0189_thb_314x283x2Бүгін барлық әлемде нашақорлық туралы айтылып жатыр. Бұл мәселе саясаткерлерді, дәрігерлерді, социологтарды, заңгерлерді және ұстаздарды мазалап жатыр. Әлемде орташа шамамен  нашақорлар саны бір миллиард құрайды. Бұл — әлеуметтік трагедия. Адам нашақорлыққа темекі шегуден бастап, содан шылымға шөп қосу, бұл жүрістен  кейін дәрігерлік препараттарға жүгінеді, ал ары қарай есірткіні қолданып жатады. Нашарқорлыққа қарсы жедел  және белсенді турде күресу, барлық  құралдарды қолданып, «Нашақорлық»- деп дабыл қағу керек. Сондай тревогамен, бүгін 1 сәуір күні Астана қаласының «Отан қорғаушылар» монументінің алаңында, халықаралық күлкi күні «Күлкі, қалжыңға ия! Есірткілерге жоқ!» — деген акциясы өтті. Акция Астана қаласының Алматы ауданының әкімдігі және Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен өтті. Студенттер АҚТҚ-ға тест тапсыра алды, Астананың жастары — әдемі және сау жас адамдар екенін, сондай-ақ, бұл зиянды әдеттермен жолдары  бір еместігін дәләлдеді.

Акция барысында әр түрлі спорттық ойындар мен конкурстар өткізілді,әрбір қатысушыға түрлі жүлделермен және сыйлықтар табыс етілді. Жаңбырлы ауа райына қарамастан жастар өлең айтты, би биледі және әзілдеді.

«Күлкі,қалжыңға ия! Есірткілерге жоқ!»- акциясы жылда өткізіледі.

Еріктілермен «Құқық» Қоғамдық қордың қызметкерлері  1 сәуір  күлкi күнінің қарсы алды және барлық көктемгі айларға тамаша көңіл күй қалдырды.

zhastar.astana.kz

Астанада 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Астанада 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылдыАстана қаласында 2016 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 849 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 349-ы – өнеркәсіп, 1 103-і – сауда, авто және мотоциклдерді жөндеу, 238-і – көлік және қойма, 771-і – білім және денсаулық сақтау, 660-ы – құрылыс болса, қалған 1 728-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 1478 адамды жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, жастар тәжірибесінен өтуге 218 түлек жіберілсе, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Астанада жол қауіпсіздігі ережесі бойынша акция өтті

85b3651f83e73ddd560335e4db2Бүгін Астана қаласының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жас инспекторлармен ең жас жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар заттар таратты. Елордада «Назар аударыңыз, жүргінші» атты аймақтық акция 29 наурызда басталып, 4 сәуірге дейін жалғасады.

Полицейлердің айтуынша, аталған акциялар балалар зардап шегетін апаттар санын азайтуға ықпал еткен.

– Өткен жылмен салыстырғанда биыл статистика бойынша «Назар аударыңыз, жүргінші», «Жаяу жүргінші, өткелмен жүр!» акцияларын өткізудің арқасында балалар зардап шегетін жол-көлік апаттар саны 18% төмендеген, – деді Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Айымгүл Валеева.

Акция аясында жас инспекторлар жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар белдеулер, байламдардағы белгішелер, білезіктер таратты.

Эксперттер шағылыстырғыш элементтері бар жаяу жүргіншілерді жүргізушілер жақыннан 50 метр қашықтықта, алыстан 150 м қашықтықта көре алатынын дәлелдеген.

Астаналық полицейлер бүлдіршіндерге кішкентай бала кезден жол қауіпсіздігі ережесін үйретуге шақырады, ал жүргізушілерге жолдарда сақ болуға кеңес береді.

Ұлттық КВН лигасы маусымды ашты (фото)

Ұлттық КВН лигасы осыменен үшінші жыл жұмыс жасап келе жатыр. Екі күн ішінде редакторлар еліміздің түкпір-түкпірінен келген 36 команданың ойынын қарап, іріктеуден өткізген болатын. Лига ойындары телевизиялық форматта болғандықтан редакторлық талап өте қатал. Сондықтан болар, Астанаға келген командалардың тек қана 17 –і фестивальда өз өнерін ортаға салды.  

  1. «Геоказахи» — Семей қаласы
  2. «Проспект победы» — Астана қаласы
  3. «Полицейская академия» — Қостанай қаласы
  4. «Совершенно секретно» — Алматы қаласы
  5. «Сборная школ Жаксынского района» – Ақмола облысы
  6. «Сборная Коргалжына» – Ақмола облысы
  7. «Сборная Кокшетау» — Көкшетау қаласы
  8. «Интернешнл» — Алматы қаласы
  9. «Вне закона» — Астана қаласы
  10. «Железный район» — Ақтөбе қаласы
  11. «Сборная ЕНУ» — Астана қаласы
  12. «Сборная КазНУ» — Алматы қаласы
  13. «НарХоз» — Алматы қаласы
  14. «Голливуд» — Қостанай қаласы
  15. «Сборная колледжа «Адилет» — Алматы қаласы
  16. «Акцент» — Павлодар қаласы
  17. «Сборная Караганды» — Қарағанды қаласы

Айта кету керек, гала-концерттің барлық қатысушылары сәуір айының 19-20 және 26-27 жұлдызында болатын  финалдың төрттен біріне жолдама алады.

IMG_0122 IMG_0154dsfd sddsIMG_0326 IMG_0411IMG_0459hy IMG_0532 IMG_0749h IMG_0832