Домой Блог Страница 220

Астанада шоколадтан жасалған заттар көрмесі өтеді

Астанада шоколадтан жасалған заттар көрмесі өтеді18 наурызда әлемдік тур аясында елордада «Nikolya» шоколад музейі» танымал авторлық көрмесінің ашылуы өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары шоколад тарихымен және танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысып, өз қолдарымен шоколадтан түрлі бірегей заттар жасау мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әйгілі көрме әлемнің 40-тан астам қаласында болып, оны жарты миллионға жуық адам тамашалаған.

Астанада өте жоғары сападағы шоколадтан жасалған 300 астам өнер туындысы көпшілік назарына ұсынылады. Жалпы салмағы 700 кг артық шоколад пен марципан мүсіндер, шоколад багеттермен жиектелген картиналар, шоколад миниатюралар, инсталляциялар, композициялар және т.б. бұйымдар болады.

Басты ерекшелік – Қазақстанға, соның ішінде Астанаға арналған шоколад заттардың арнайы сериясы жасалады.

Көрмеде шебердің бірегей технологиясымен орындалған эксклюзивті шоколад кәдесыйлар сатып алуға болады. Сондай-ақ, келушілер шеберлік дәрістеріне қатысып, өз қолымен тәтті-дәмділер әзірлеуді үйренеді. Шоколад тарихы туралы қызықты фильм көрсетіледі. Көрме Тәуелсіздік сарайында өтеді.

Baq.kz

Голландық әдіспен ірімшіктің төрт түрі шығарылмақ

Голландық әдіспен ірімшіктің төрт түрі шығарылмақЖелезин ауданы Михайловка ауылдық округінде кәсіпкер қатты ірімшіктің төрт түрін шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы агенттік тілшісіне «Алтын жер» ШҚ-ның басшысы Марат Морозов мәлім етті.

— Зауыт іске қосылғаннан кейін күніне голландтық әдіспен 510 келі ірімшік шығаруды жоспарлап отырмыз, — дейді М.Морозов.

— Жалпы өзіміздің тауарлық таңбамыз бар «Прииртышск», «Павлодар», «Эстон», «Голланд» ірімшіктері шығарылатын болады. Қойылатын модульдардың арқасында тәулігіне алты тонна сүт ірімшікке айналады. Қазірдің өзінде Астана, Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Семей, Қарағанды және Омбы қалаларының көтерме бағамен сатып алатын фирмалардан тапсырыс түсуде. Біздің өнімнің келісі шамамен 1600-1650 теңгеден саудаға қойылады. Шаруашылық басшысының айтуынша, бүгінгі күні шағын ірімшік зауытының құрылысы тоқтап тұр. Себебі жұмысты соңына дейін жеткізу үшін 28 млн теңге қаражат керек. Бұл қаржыны алдағы уақытта екінші деңгейлі банктен алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 116 млн теңге бөлінеді. Зауыттың құрылысына 21 адам тартылып, оның тоғызы тұрақты жұмыс орынмен қамтылады.

Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу бойынша семинар өтеді

Кәсіпорындарда сенеджмент жүйелерін енгізу бойынша семинар өтедіҚазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК жыл сайын кәсіпкерлерді қолдап, ақысыз негізде кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізуге қатысты сұрақтарға түсініктемелер беру мақсатында оқыту семинарларын өткізеді.

Осы жылы «Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу» аймақтық (салалық) оқыту семинарында келесі тақырыптар қаралады. 1. ISO 14001:2015 (ISO DIS-2014) «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша басшылыққа алу». Экологиялық менеджмент жүйелерінің процестері. ISO 9001:2015 ұқсас PDCA цикліне сәйкес эксологиялық менеджмент жүйелерінің құрылымын көрсету. 2. ISO 22004:2014 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. ISO 22000 қолдану бойынша басшылыққа алу». Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджмент жүйелеріне талаптарды түсіндіру. Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі. Аталған семинар 15 наурыз күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғимаратында (Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5 үй, 2-қабат, 250 ауд. «конференцзал» орталық кіріс) өткізіледі. Барлық сұрақтар бойынша «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалына, 8 7252 39-39-14 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.

Baq.kz

Шымкентте «Shymkent Bike» велостансасы ашылады

Шымкентте «Shymkent Bike» велостансасы ашыладыШымкентте велосипед жалға берілетін «Shymkent Bike» автоматтандырылған стансалар жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Baq.kz.

Жобаның алғашқы сатысында «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен 200 велосипедті сатып алу және 40 стансаны орнату көзделген. Шымкентте алғаш рет жүзеге асқалы отырған жобаның баспасөз-мәслихатына шаһар басшысы Әбдірахымов Ғабидолла, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті, «Астана» президенттік кәсіби клубының атқарушы директоры Аманбек Кульчиков, олимпиада чемпионы және велоспорт әлемчемпионы, «AstanaWomen’sTeam» әйелдер велокомандасының бас менеджері Зульфия Забирова және «Velocity» Қоғамдық қорының техникалық директоры Ерлан Жамалов қатысты.

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қалада велосипедшілерге арналған жол салынады деп күтілуде. Оның құрылысы жақын күндері Тәуке хан даңғылы мен Тәшенов көшесінің қиылысынан басталып, Бауыржан Момышұлы даңғылына дейін жалғаспақ.

Қостанайлық кәсіпкер ерекше сусын түрін ойлап тапты

Қостанайлық кәсіпкер ерекше сусын түрін ойлап таптыҚұрамы адам ағзасына қажет дәрумендерге бай емдік шырын бидайдың тамыры мен 15 сантиметрлік көк өскінінен әзірленген. Іскер азамат жаңа сусынға «жастықтың жасыл шырыны» деген атау беріп отыр.

Өскіннен өндірілетін мұндай шипалы өнімдер әлемге ертеден белгілі. Дегенмен қостанайлық ізденімпаз оны өз технологиясы бойынша жасап, жетілдірген. Жаңалық авторы Константин Невзоров 14 грамдық мұзды өскінді 30 грамм суға езіп ішуге кеңес береді. Ол адам азғасының дәрумендерге деген бір күндік қажеттілігін өтейді. Мұндай емдік шырын бұған дейін шетелден әкелінетін еді.

Константин Невзоров, кәсіпкер:

— Технологиясын әлі де жетілдіріп, патент алуға дайындап жатырмын. Бұл сусынның құрамында адамға ең керекті дәрумендер, микроэлементтер бар. Ол 25 градустық салқын жерде сығылып, жасалады. Мұзды түйір еріп кетпес үшін оны арнайы орыннан тұтынушылардың үйіне дейін жеткізіп беру жағын жоспарлап отырмыз.

Қанат Бозымбаев «Ертіс» футболшыларынан өз алаңында жеңілмеуді өтінді

Қанат Бозымбаев «Ертіс» футболшыларынан өз алаңында жеңілмеуді өтіндіПавлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Ертіс» ФК-ның бапкерлерімен және ойыншыларымен кездесуде футболшылардан өз алаңында ұтылып қалмауды өтінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

— Павлодарлық футбол мектебі еліміздегі мықты ұжымдардың қатарында. Тәуелсіздік жылдарында «Ертіс» бес мәрте ел чемпионы атанды. Төрт рет күміс жүлдеге қол жеткізді. Әр жылдары команда сапында мықты футболшылар өнер көрсетті. Биыл да команда ойыншылары жоғары жетістіктерді бағындырады деген үміттеміз. Жанкүйерлердің тілегі сол. Әзірге басты мақсат – біріншіліктің алғашқы кезеңі бойынша үздік алтылықтан орын алу. Кейін жүлдеге таласу мәселесі де шешімін табар. «Ертіс» жейдесін киген жаңа ойыншыларға қош келдіңіздер деймін. Командаға тек қана жеңіс тілеймін!- деді Қ. Бозымбаев.

Сондай-ақ өңір басшысы павлодарлық жанкүйерлердің сүйікті командасына қолдау көрсетуге қашан да әзір екендігін айтты. Команда капитаны Давид Лория өз кезегінде павлодарлықтардың үмітін ақтау үшін барын салуға сөз берді. — Биылғы жылы командалар көптеген мықты ойыншылармен толықты. Көш басында «Астана» мен «Қайраттың» көрінетіні айдан анық. Ал, алтылықтағы қалған төрт орынға 15 команда таласады. Сондықтан маусым өте тартысты болмақ, — деді Д. Лория.

Естеріңізге сала кетсек, 13-наурыз күні сағат 15.00-де «Ертіс» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы алғашқы ойынын өткізеді.

Елордада Масленица мерекесі аталып өтіледі

Елордада Масленица мерекесі аталып өтіледіАпта бойы қазақстандық славяндар халық мерекесі Масленицаны тойлауда. Жексенбі күні, яғни бүгін сағат 11:00 «Жастар» сарайының алдындағы алаңда елорда тұрғындары қысты шығарып салады.

Мерекелік серуенге «Лад» республикалық славяндар қозғалысының елордалық филиалы, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Жиналған қауым халық мерекесін көңілді өткізіп, ойындарға, конкурстарға қатысады, спорттық жарыстарда күш сынасады. Алаңда ұйымдастырылатын шеберлік дәрістері барысында құймақ жасаудың құпияларымен танысуға болады.

Мұнымен қоса, Масленица мерекесі елордада Успенск кафедралды соборы аумағында да аталып өтіледі. Таңертеңнен бастап жәрмеңке өтіп, құймақтар мен қолдан жасалған бұйымдар сатылады, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мерекелік концерт ұсынылады. Сондай-ақ, хаски иттері жегілген шанамен сырғанауға да болады.

Baq.kz

Универсиада нысандарының арқасында 30 мың жұмыс орны ашылады

Универсиада нысандарының арқасында 30 мың жұмыс орны ашыладыБүгінгі таңда әлемнің 55 елі Универсиадаға қатысатынын растап отыр, нәтижесінде 2 апта бойы 1,5 миллиардтан астам адамның назары Алматыға ауады. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек мәслихаттың 51 сессиясында айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қаланың инфрақұрылымын, өмір сапасын жақсартуда, халықтың қауіпсіздігін нығайтуда Универсиаданың тигізер пайдасы мол. Мәселен, Алатау ауданындағы атлетика ауылының арқасында 3000-ға тарта пәтер салынады. Қарасай ауданын қоса алғанда, округтегі 500 мыңға жуық адам сонау шалғайға, қала орталығына барғанша, Атлетика ауылының қоғамдық орындарын құп көретін болады», — деп атап өтті Байбек.

Күзге қарай бірегей үш спорт нысанының құрылысы аяқталады.

«Универсиада нысандарын салудың және жақсартудың арқасында 30 мың жұмыс орны ашылады», — деп толықтырды Бауыржан Байбек. Биыл Универсиадаға қала бюджетінен барлығы 17,9 млрд теңге бөлінеді.

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар белгілі

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар белгіліҚазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы екі жолдастық матчқа дайындық үшін шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Ұлттық құрамаға шақырылған футболшылар:

Қақпашылар: Лория Давид («Ертіс»), Покатилов Стас («Ростов»), Плотников Владимир («Қайрат»).

Қорғаушылар: Сүйімбаев Ғафуржан («Ордабасы»), Шомко Дмитрий («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Ахметов Елдос («Ертіс»), Малый Сергей («Ертіс»), Мұхтаров Мұхтар («Ордабасы»), Қуантаев Ермек («Қайрат»), Бейсебеков Абзал («Астана»).

Жартылай қорғаушылар: Мұжықов Серікжан («Астана»), Қожамберді Жақып («Оқжетпес»), Қуат Исламбек («Қайрат»), Тағыберген Асхат («Астана»), Смақов Самат («Ақтөбе»), Байжанов Мақсат («Шахтер»), Қонысбаев Ұлан («Атырау»), Досмағамбетов Тимур («Тобыл»), Исламхан Бауыржан («Қайрат»), Нұрғалиев Азат («Ордабасы»).

Шабуылшылар: Нөсербаев Таңат («Астана»), Хижниченко Сергей («Тобыл»).

Футболшылардың қосалқы тізімі:
Қақпашы: Логиновский Владимир («Тобыл»).
Қорғаушылар: Айтбаев Берік («Тараз»), Кургулин Нұртас («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Мухутдинов Альмир («Тобыл»), Щеткин Алексей («Астана»).

Baq.kz

«МузАРТ» тобы өз ізбасарларын ел арасынан іздейді

«МузАРТ» тобы өз ізбасарларын ел арасынан іздейді2016 жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында осы жылдың үздік мега-жобасы – «МузАРТ LIVE» тұсауын кеспек. Ол туралы үстіміздегі жылдың 14 наурызында Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында хабарланатын болады. Қазақстан халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, жүрегін жаулаған «МузАРТ» тобы өз ізбасарларын ел арасынан іздейді.

Байқау ұйымдастырушысы – «Қазақстан» РТРК АҚ. Мега-жобаның жүргізушілері, белгілі актер – Азамат Сатыбалды, жас актер, тележүргізуші – Нұрсұлтан Есжан және журналист – Дина Төлепберген; продюсері – Ренат Гайсин.

«МузАРТ LIVE» музыкалық тележобасына 16 жастан 25 жасқа дейінгі аралықтағы талантты ер жігіттер қатыса алады. Үміткерлердің музыкалық білімінің болуы шарт емес. Сондай-ақ, музыкалық талғамы мен орындаушылардың құрамына да (соло, дуэт, топ) мән берілмейді. Ең басты талап – қатысушы мемлекеттік тілде ән айта білуге міндетті.

«МузАРТ LIVE» музыкалық байқауы 3 кезеңнен тұрады:
І кезең – Онлайн іріктеу (кастинг) 15-ші наурыздан 15-ші сәуір аралығында өтеді ( онлайн өтініш берген үміткерлердің жұмысы қаралады).
ІІ кезең – Аймақтық іріктеу «МузАРТ» тобының қатысуымен өтпек. Байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі 10-шы мамырдан 25-ші мамыр аралығында Қазақстанның 5 қаласында — Астана, Алматы, Атырау, Семей және Шымкентте өтеді.
Екінші кезең біткеннен кейін қазылар алқасы 2 аптаның ішінде байқаудың үшінші кезеңіне жолдама алатын 60 үміткерлердің есімін жариялайды. Ұлттық музыкалық тележобаның ІІІ кезеңі үміткерлерге телетүсірілімге қатысу мүмкіндігін береді.
ІІІ кезеңге өткен үміткерлер стиль, имидж, репертуар, хореография саласы бойынша ұйымдастыру комитетінен кеңес алады деп жоспарланып отыр. Ақтық сында бар-жоғы 6 адам бағын сынайды.

Қатысу ережесі бойынша толық ақпаратты www.kaztrk.kz, www.viamuzart.kz ресми сайттарынан, Жобаның @muzartlive_official ресми instagram парақшасынан алуға, сондай-ақ онлайн өтініштерді show@muzart.kz е-mail адресіне жолдауларыңызға болатынын хабарлаймыз.

baq.kz