Домой Блог Страница 242

2016 жылы қандай түстер сәнде?

2016 жылы қандай түстер сәнде?2016 жылы ашық көк пен алқызыл кварц түстер сәнге айналады. Бұл туралы «Pantone Color Institute» мамандары хабарлап отыр.

Инcтитут мамандарының зерттеуі бойынша, ашық көк түстер мен ашық алқызыл (алқызыл кварц түстес) түстер әйелдер мен ерлер үшін де сәнге айналмақ. Ал компанияның атқарушы директоры Лиатрис Айсман аталған түстердің денсаулыққа пайдалы әрі көңіл-күйді көтеретіні туралы айта кеткен.

Айта кетейік, «Pantone Color Institute» 2000 жылдан бері ең үздік түстерді анықтаумен айналысып келеді. Зерттеу барысында, сәнгерлердің, косметологтардың да пікіріне құлақ асады. Жыл түсін анықтау үшін киноиндустрия, түрлі коллекция, әйгілі туристік бағыт, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалар сындыларды ескереді. Анализдеушілердің айтуынша, жылдың үздік түсі тұтынушылардың көңіл күйіне сай келуі тиіс. 2015 жылы — «марсала» түсі, 2014 жылы — «жарқыраған орхидея», 2013 жылы – «меруерт», 2012 жылы – «мандарин танго» сынды түстер сән әлемінде үздік деп танылған болатын.

baq.kz

Жылдың символикалық құрамасы анықталды

Жылдың символикалық құрамасы анықталдыКеше «Алтын допты» табыстау рәсімінде FIFA 2015 жылдың символикалық құрамасын анықтады.

Өз шептері бойынша үздік 11 ойыншының сегізі «Барселона» мен «Реал» командасынан және ПСЖ, «Бавария», «Ювентус» командасынан бір-бір ойыншыдан бар.

Марапаттау рәсіміне қақпашы Мануэль Нойер келе алмады.

Қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария», Германия);

Қорғаушылар: Тиаго Силва (ПСЖ, Бразилия), Марсело («Реал», Бразилия), Серхио Рамос («Реал»,Испания), Дани Алвес («Барселона», Бразилия);

Жартылай қорғаушылар: Андрес Иньеста («Барселона», Испания), Лука Модрич («Реал», Хорватии), Поль Погба («Ювентус», Франция);

Шабуылшылар: Неймар («Барселона», Бразилия), Лионель Месси («Барселона», Аргентина), Криштиану Роналду («Реал», Португалия).

baq.kz

Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні

Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні104 жыл бұрын (1912) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы ҚОНАЕВ Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) дүниеге келді.

Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары — Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. 1936 жылы — Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.

1939 жылы — Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі — Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

1939 жылы — КОКП мүшелігіне қабылданды.

1942-1952 жылдары — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.

1955-1960 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары — Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1986 жылы 16 желтоқсан күні — Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.

1987 жылы — маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП ОК мүшелігінен босатылды.

Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.

1956 жылдан бастап, СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Дереккөз: Уикипедия

Қытайлық олигарх киностудияны мұрағатымен қосып сатып алды

Қытайлық олигарх киностудияны мұрағатымен қосып сатып алдыҚытайлық олигарх — бизнесмен Ван Цзяньлиньнің Dalian Wanda Group компаниясы Legendary Entertainment америкалық киностудиясын 3,5 млрд долларға сатып алды.

Ақпарат агенттіктерінен хабарлағандай, бизнесменнің айтуынша, енді оның компаниясына студияның барлық фильмдері мен зияткерлік меншіктері қоса өтеді. Legendary Entertainment 15 жылда 50-ден аса кино түсіріпті, оның ішінде режиссер Кристофер Ноланның елге танымал «Бэтмен» фильмі де бар.

Одан бөлек, студияда түсірілген аса танымал картиналардың ішінде «Интерстеллер», «Мир Юрского периода», «Багровый пик», «300 спартанцев» және «Мальчишник в Вегасе» кинотуындыларын атап өтуге болады.

Ван Цзяньлинь 2015 жылы Forbes журналының тұжырымы бойынша Қытайдың ең дәулетті бизнесмендерінің тізімінде көш бастады. Оның бар жиған-тергені 300 млрд доллардан асады. Ал Wanda Group компаниясы әлем бойынша ең ірі кинотеатр операторларының қатарында.

baq.kz

Сұлулық зертханасы: «Химиясыз» салмақ қосудың жолдары

Kak-bystro-nabrat-ves-muzhchine_7Сұлулық зертханасының бүгінгі жазбасын ер адамдарға арнап отырмыз. «Химиясыз» салмақ қосуға болады ма, әлде одан басқа жол жоқ па?» деген сұрақтарға жауабымыз дайын.

Кей кездері жас адам өзін тым арық сезініп, бұлшықеттерінің көлемін ұлғайтуды көздеп жатады. Одан барып мүмкін болған дәрі –дәрмектерді қолдана бастайды. Ол біріне көмектессе, енді біріне кері әсерін тигізіп жатады. Бұл биоқоспаларға, бір сөзбен химияға адам ағзасы үйреніп кетеді. Есте сақтайтын жайт, бұлшықеттерді үнемі «нәрлендіріп» отыру керек, қазір де, кейін де. Оны қарапайым тамақпен сақтап қалу мүмкін емес. Осыдан кейін Сіз биоқоспаларды тоқтаусыз жеуге міндетті боласыз. Бірақ біз Сіздерге «Химиясыз» салмақ қосудың жолдарын айтатын боламыз.

Тамақтану

Бұл процесстің ұзаққа созылатынын ұмытпаңыз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын сезініңіз.

Ең алдымен, тамақтану тәртібін түзеп алғаныңыз абзал. Біз сөзбен, үйлесімді тамақтанғаныңыз жөн. Ағзаға барлық қажетті ақуыздар, көмірсулар, аминқышқылдары мен дәрумендер түсіп тұру керек. Әрине, тұрақты түрде. Егер Сіз 5-10 келі қосқыңыз келсе, онда салмағыңыздың әрбір бөлшегінекүнделікті 1,5 граммнан ет тұтынасыз. Егер мөлшерден асырсаңыз, асқазаныңыздың созылып кету қаупі бар. Сондықтан да ақуыздардың көп бөлігі сіңірілмей қалып жатады.

Мысалы, күріш, таптырмас көмірсу. Күріштің қатты сұрыптары ұзаққорытылады, алжұмсағы жылдам сіңеді. Сондықтан көмірсуларды қолданатын уақытты анықтап алғаныңыз дұрыс. 2-3 сағатта қорытылатын көмірсулар да жақсы. Оларды түскі тамақ, не ланч алдында жеген жөн. Ал кешкі жаттығуда барлық күш-жігеріңіз сарп етіледі. Салмақ қосуда міндетті түрде жаттығудан кейін тамақтану керек. Түні бойы ағза қалпына келіп, калорияларды бұлшықеттердің өсуіне жұмсайды. Жалпы, айтып өткеніміздей, күніне кем дегенде 5 рет тамақтанған дұрыс.

Қандай азықтар қолданған абзал

Таңертеңгі уақытта міндетті түрде сүт пен ботқа. Сүт –құнарлы тамақ, көптеген адамдардың не себепті сүтті ұната бермейтініне таң қаламын. Барлық спортшылар таңғы оразасын ботқамен ашады, сол себепті басқа адамдарға осы кеңесті берсем, артық болмас. Жармалар – бұл ішектерді тазалап, ауыртамақтарды қабылдауға ағзаны дайындайды. Түсте сорпа ішсеңіз болады. Етті тамақты түскі аста жегеніңіз дұрыс. Бір келіге 1,5 граммнан. Салмақ қосу кезінде еттің мөлшерін 2-2,5 граммға көбейтуге болады. Әрине, көкөністерді де. Араға бір сағат салып ағзаға тез сіңімді жеміс-жидектер жеуге әбден болады. Жаттығу алдында 2-1,5 сағат бұрын аз мөлшерде тамақтанып алыңыз. Ағзаңыз қабылдап жүрген, бала кезіңізден тұтынып келе жатқан тамағыңызды жеуге міндеттісіз. Көмірсулар күш-қуат жинауға, ал ақуыздар бұлшықеттердің түзілуін қамтамасыз етеді. Жаттығудан кейін жеңіл тамақтанған дұрыс, себебі түнде дұрыс ұйықтай алмай, ағзаңыз түнімен тамақ қорытумен арпалысады. Тамақтануда қатаң тәртіп жоқ. Бастысы уақытында, әрі үйлестірілген тәртіппен тамақтансаңыз болғаны.

Жаттығу тәртібі.

Салмақ қосуда, әрине, арнайы жаттығулар керек. Ауыр салмақта болғаныңызбен, интенсивті жаттығуларды жасағаныңыз абзал. Мысалы, 100 келі салмақта 6 реттен жасаңыз. Интенсивті жаттығуды көбірек жасасаңыз, салмақ қосу үдерісі де баяу дамиды. Көпшілігі аз салмақта жүріп 20 реттен ауырлық салып жатады, бұл – қате. Жаттығудың жаппай жүйесі керек.

Басты ереже – безек салмау. Көпшілік адамдар екі, үш ай дайындалып, тастап кетіп жатады. Себебі процесс баяу жүргендіктен. Нәтиже бар, бірақ ол кешірек байқалады. Егер Сіз 25 жыл бойы спортпен айналыспаған болсаңыз, онда мақсат еткен нәтижеңізге жету үшін 2-3 жылыңызды сарп етуге тура келеді. Салмақты сапалы қосқысы келгендер, ұзаққа созылатын сынға дайын болу керек.

Салмақ қосудағы тағы бір «фишка»

Салмақ қосудағы тағы бір фишка – ол ағзаны стресстік күйге түсіру. Айтайын дегеніміз, күнделікті жұмыртқа, ет жеуді әдетке айналдырыңыз. Ал көмірсулардың мөлшерін азайту керек. Ағзада көмірсулар тапшылығы пайда болып, одан кейін су, майлар жиналып, салмақ қосуға жақсы мүмкіндік туады.

Одан кейін артық 5 келіні тастайтын «құрғау» кезеңі басталады. «Құрғау» кезінде күнделікті бір жаттығудан қосып отырған абзал. Барлығы да жақсы болады. Жүгіре жүріп құрғауға болады. Кардио жүктемелер, олар: степ аэробика, баттл, боди комбаттың пайдасы зор. Мен мұндай жаттығулар кезінде, бір сағат бұрын 1,5 литрдей су ішіп алатынмын. Кез-келген жаттығуда бірнеше майкаңның болғаны дұрыс. Біреуі суланғанда, екіншісін ауыстырасың. Бұл жаттығудың қарқынды жүруіне септігін тигізеді.

Суды аз мөлшерде ішуді ұмытпаңыз. Жаттығу кезінде ағза әлсіреп, процесстер тежеледі. Су 70%-ға дейін қалпына келуі тиіс. Бір литр суды бірден ішкен дұрыс емес. Аз-аз жұтыммен үзіліс уақыттарында ішіңіз.

Салмақ қосуда жоғарыда айтылғандарды орындасаңыздар болғаны, қымбатты ер азаматтар! Сіздерге сәттіліктер, әрі болашақта сымбатты бицепстердің иегерлері болуларыңызды тілеймін. Тек химиясыз! Барлығы да өз қолдарыңызда!

confederation.kz

Қазақстандық шабандоз Africa Eco Race-2016 марафонында жеңіске жетті

Қазақстандық шабандоз Africa Eco Race-2016 марафонында жеңіске жеттіКеше Africa Eco Race-2016 ралли-марафоны өз мәресіне жетті.

12 кезеңге созылған додада Mobilex Racing командасының мүшелері қазақстандық шабандоз Қанат Шағыров пен штурман Виталий Евтехов барын салып, Africa Eco Race-2016 ралли-марафонының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

«Алтын глобус» киножүлдесінің жеңімпаздары анықталды

«Алтын глобус» киножүлдесінің жеңімпаздары анықталдыЛос-Анджелесте Шетелдік журналистер ассоциациясы бекіткен «Алтын глобус» киножүлдесін табыстау рәсімі өтуде.

Беделі жағынан тек «Оскарға» ғана жол беретін бұл жүлдені «Драмалық фильмдегі үздік актер» номинациясында Леонардо Ди Каприо алды. Америкалық киноакадемияның сыйлығынын әлі де құр қалып келе жатқан Ди Каприо бұл премияны «Выживший» фильміндегі ролі үшін иеленді.

Осы номинация әйелдер арасында актриса Бри Ларсонға берілді. Ол ирландиялық режиссер Леонард Абрамсонның «Комната» фильмінде драмалық рольді ең үздік сомдаған болып танылды.

«Үздік режиссер» номинациясы мексикалық Алехандро Гонсалес Иньярритуге бұйырды. Ди Каприомен салыстырғанда, «Оскарды» бір рет болса да, алып көрген бұл режиссер сол Лео ойнаған «Выживший» туындысы үшін марапатталды.

24.kz

Бүгін — Бүкіләлемдік «Рахмет» күні

Бүкіләлемдік «Рахмет» күні11 қаңтар жылдың ең «әдепті» күні болып саналады — бұл күні Бүкіләлемдік «Рахмет» күні тойланады. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мерекенің өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл мерекені азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіл әлем болып тойлайды.

Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар — олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз.

Психологтардың айтуы бойынша, алғыс сөздері — адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт.

Алғыс айтудың да жөн-жорасы бар көрінеді. «Рахмет» деген сөзді ерекше толқыныспен, шынайы түрде интонациялық екпін беріп айтқан және сөзіңді арнап отырған адамның көзіне тікелей қарап айтқан дұрыс, дейді әдеп ғылымының мамандары.

ҚазАқпарат

«МузАрт» бәрінен озды

"МузАрт" бәрінен оздыЕліміздегі еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тыңдайтын топтардың бірі — көпшіліктің көзайымына айналған «МузАрт» тобы десек, ағат болмас.

Біздің елімізде бір рет жарқ етіп, ертесіне-ақ ұмыт болып жататын ән де, әншілер де аз емес. Дегенмен, қазіргі таңда, қазақ эстрадасындағы әншілердің көпшілігі өздерінің әндерін ертеңгі ұрпаққа асыл мұра болып қалу үшін көп еңбекті қажет ететіндігін жақсы біледі. Осы мақсатта, өзге топтардың арасынан «МузАрт» тобының суырылып алға шығып, үнемі ізденіс үстінде жүретіндігін айтпай кету мүмкін емес.

музарт

Заман ағымына ілесіп жүретін топ мүшелері жуырда ұялы қондырғыларға арналған «Ұлы дала» альбомын ел назарына ұсынды. Мұндай қондырғы елімізде жарыққа алғаш рет шығып отыр. Оған бірінші болып «МузАрт» тобының ән жинағы енді.

Бұл Smart Album-ды App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. Енді дүкендерге бармай-ақ, үйде отырып та осындай ән жинақты сатып ала аласыз. ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың заманы болғандықтан бұл қазақ өнерінің кең көлемде насихатталуына үлкен мүмкіндік.