Домой Блог Страница 318

Әнші Әлішер Каримов тыңдаушысын тосын сыймен қуантпақ

Әлішер Каримов көрермендеріне тосын сый әзірлеп жатыр. Яғни, 9 қыркүйек күні өзінің жеке шығармашылық кешін өткізеді, деп хабарлады baistars.kz.

Концерт «Мендей сағынасың ба?» деп аталады. Кеш Алматы қаласындағы «Алатау» концерт залында өтеді. Бұл кеште әр қонаққа ән жинақ сыйға тартылады.

ҚазАқпарат

Ақмола облысында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Ақмола облысы Аршалы ауданының Қостомар ауылында 120 оқушылық орынға арналған жаңа мектептiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мектеп қазақ тiлiнде бiлiм беруге арналған. Бұл жобаның жүзеге асырылуы үшiн облыстық бюджеттен 332,6 млн. теңге қаражат бөлiндi

Ендi жас қостомарлықтар жаңа ғимаратта, ашық та ыңғайлы сынып бөлмелерiнде өз бiлiмдерiн жетiлдiретiн болады.

Жаңа бiлiм ғимаратының ашылғанына қуанған ауыл тұрғындары мемлекетке де, осы игiлiктi iске күш жұмсаған барлық сала мамандарына да өз алғыстарын айтуда.

ҚазАқпарат

Павлодарда «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Павлодарда қазақтың ұлы ойшылы, философ, тарихшы, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы деректі фильмнің режиссері, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының иегері, халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының бас директоры Доқтырхан Тұрлыбек хабарлады. Деректі фильмнің режиссері Доқтырхан Тұрлыбектың айтуынша, туынды шет елде түсірілген.

«Мәшһүр Жүсіп бабамыздың ғұмыры жайлы туынды Ташкентте түсірілді. 40 минуттық бейнебаянды түсіруге бес миллионға жуық қаражат кетті. Қаражататтың бір бөлігін зиялы қауым өкілдері мен ұрпақтары бөлсе, ал негізгі бөлігін өз мойынымызбен көтердік», — деді Д. Тұрлыбек. Деректі фильмді түсіру жұмыстары екі жарым жыл бұрын бастау алған.

Алайда режиссер бұл туындыға көңілінің толмай отырғанын жеткізді.

«Павлодар қаласында деректі фильмнің тұсаукесері барысында жаңадан ойлар келді. Мәшһүр Жүсіп бабамыздың шығармашылығы мен өмірін зерттеумен айналысып жүрген ғалым-жазушылардың пікірін қосуды жөн санадым. Келер жылы деректі фильмді толықтыру жұмыстарын бастаймын. Нақтырақ айтқанда, философтың еңбек еткен жерлерін де бейнебаянда қамту жұмыстары қарастырылады. Осы мақсатта түсірілім Омбы, Қазан қалаларында жалғасын таппақ», — деді халықаралық телестудияның бас директоры Д. Тұрлыбек.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әулиелік қыры да елге мәлім. Өз заманында өмір сүріп-ақ бүгінгі күні «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман болады» деп болжам айтқан. Сондай-ақ ғұлама «»Мен өлген соң, 40 жылға дейiн денем бұзылмайды, тiрi адам көзi көредi. Тек жаздың ыстық айларында ақыретiмдi айырбастап отырыңдар, қыста қажетi жоқ. Сонда көздерiң жетедi», — деп өсиет айтыпты. Әулиелік қасиетке ие болған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 73 жасында дүниеден өткен.

ҚазАқпарат

Елордалық Кәсіпкерлер палатасы тегін қызмет көрсетуде

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді қолдау бойынша  тегін қызмет жүргізеді.

Бухгалтерлік және салық есебі, статистикалық есепті құру, кедендік үдерістер мәселелері бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Менеджмент жүйелерін енгізу, заңгерлік қызмет көрсету бойынша кеңес беріледі және үдеріс толық сүйемелденеді.

Сонымен қатар, маркетинг, ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар және жер қойнауын пайдаланушылардағы сатып алулар, менеджмент мәселелері бойынша кеңес береді.

Қызметті Астана қаласында тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері пайдалана алады.

Қызмет көрсетілетін орындар:  Қажымұқан көшесі, 8А, 1 қабат, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (барлық қызмет бойынша); сол жағалау, Алматы көшесі, 1, «Асыл тау» БО, 7 қабат (маркетинг мәселелері бойынша; мемлекеттік сатып алулармен байланысты қызметтер, ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметтер).

ҚазАқпарат

iPhone7 Apple-дің ең жұқа смартфоны болады

2016 жылы шыққан iPhone 7 қалыңдығы  небәрі 6 мм, бұл Apple корпорациясының ең жұқа смартфоны болмақ, деп хабарлады ubergizmo.com.

KGI Securities беделді талдаушысы  Минг-Чи Куонің айтуынша,  жаңа Apple-ге қатысты нақты болжамдар жаңа  iPhone қалыңдығы 6, 1 мм болатын iPod Touch және  iPad Air 2 смартфонынан қалың болмайды.

Сонымен қатар 9 қыркүйекте шыққан iPhone 6 мен 6 Plus қалыңдығы 6,9 және 7,1 мм. Сондықтан да Apple инженерлері бұл көрсеткішті 1  милиметрге азайтуы қажет.

ҚазАқпарат

Қазақстанда ТБУБ құру туралы келісімге қол қою рәсіміне байланысты брифинг Стокгольмде өтті

2015 жылы 3 қыркүйекте Стокгольм қаласында Қазақстанның Швециядағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) Өскемен қаласында орналасқан Үлбі металлургиялық зауытында құру туралы келісімге қол қою рәсіміне байланысты брифинг өткізкізді.

Шараға Швеция СІМ, сарапшылар тобы, БАҚ және дипломаттар корпусының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, МАГАТЭ-нің бұрынғы Бас директоры Ханс Бликс, Ирак жөнінде БҰҰ-ның арнайы комиссиясының (UNSCOM) төрағасы болған және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның кіші-гірім ұлттардың істері бойынша Жоғарғы комиссары Рольф Экеус брифинг құрметті қонақтары қатарында болды.

Сөзінің басында ҚР-дың Швециядағы Елшілісі Дастан Елеукенов жақында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығын аталып өткеніне және елдің тұрақты дамуына негіз салатын басты заңның рөліне тоқталып кетті.

Елші Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ТБУБ МАГАТЭ құру бастамасы Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуда және атом энергиясын тек бейбіт көзінде пайдаланудағы жаңа үлесі екенін хабарлады. ТБУБ құру туралы келісімге қол қою күні 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және Президент Н. Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне келіп түскені символ мәнді келеді. Осыған орай, Ядролық қаруды сынауға жалпылай тыйым салу келісімінің тез арада күшіне ену үшін дүниежүзілік қоғамның ел басшыларына үндеуге қол қоюға шақыратын АТОМ жобасы тыңдаушылардың назарына ұсынылды.

Елбасының, ядролық қарудан бос әлемге жетуге бағытталған осы және басқа да бастамаларын атап өтіп, Елші Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде тағайындалған жағдайда ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру сұрақтары бастапқы болатынына ерекше көңіл аударды.

Сонымен қатар, брифингте МАГАТЭ-де басқару жұмыстарында үлкен тәжірибесі бар Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) Қарусыздандыру, қарулануды және таратпауды бақылау бойынша Директоры Тарик Рауф сөз сөйледі. Ол Қазақстанда ТБУБ МАГАТЭ құрылу тарихы жөнінде, сондай-ақ жобаның саяси, халықаралық-құқықтық және техникалық аспектілері туралы толық айтып берді. Т. Рауф ТБУБ құру туралы келісімге қол қою ядролық қаруды таратпауда өте маңызды қадам екенін және бұл салада Қазақстанның жетекші рөлін ерекше атап өтті.

Жақын арада Қазақстанға сапар шеккен швед «Cawa Media» ақпарат агенттігінің журналисі Питер Юхансон алған әсерлерімен бөлісіп, ТБУБ құру туралы келісімге қол қою шарасы кезінен және Өскемен қаласында орналасқан ТБУБ-ды шолу барысында түсірген суреттерін көрсетті.

mfa.gov.kz

Алғаш рет Қазақстанда оқу-жаттығу бес облыстың аумағында өтеді

Алғаш рет Қазақстанда Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылық етуімен  ҚР бес облысында, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бір уақытта өтетін «Айбалта-2015» ауқымды оқу-жаттығуы басталды.

Бүгін Алматы облысының «Көктал» оқу-жаттығу полигонында таңсәріден бастап әрі-бері сапырылысқан, құмырсқадай қаптаған ығы-жығы адам. Яғни, 4000 әскери қызметші, шамамен 1800 бірлік техника мен қару-жарақ, 10 батальоннан астам жеке құрам мен нағыз журналистік «десант» — Қазақстанның барлық өңірінен жиналған БАҚ-тың 20-дан астам өкілі Отанды қорғау қалай екендігін өз көздерімен көріп және барша қазақстандықтарға паш етуге келген болатын.

5 облыста бір уақытта өтіп жатқан «Айбалта-2015» оқу-жаттығуы ауқымдылығымен таң қалдыруда. Жалпы алғанда, оған шамамен 10 000 әскери қызметші, Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшесі, 2000-нан астам бірлік техника, ал жөнелту үшін 17 эшелон тартылды. Онда Әуе қорғанысы күштері, ҰҚК Шекара қызметі және жергілікті билік органдары қатыстырылды. Тақырыппен дағдарыстық аудандарда бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және жүргізу айқындалған.

Тақырыпты таңдау өзекті және қазіргі заманғы геосаяси өзгерістердің маңызды факторларымен қабылданған. Бүгінде әлемнің көптеген өңірлерінде мемлекеттік бастамаларды босаңсытуға талпынған экстремистік, лаңкестік және сепаратистік ұйымдардың жандануына байланысты жағдайдың тұрақсыздандырылуының  елеулі қауіп-қатері туындауда. Сондықтан «Айбалта-2015» оқу-жаттығуын өткізу әскерлердің далалық машығының деңгейін арттыру ісінде кезекті қадам болмақ, сондай-ақ арнайы операцияларда әртүрлі ведомствоаралық топтамаларды құру және қолдану мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығудың ортақ ниеті Әуе қорғанысы күштері, Шекара қызметі және жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимылда арнайы операцияларды дайындау және жүргізу көзделеді. Осының нәтижесінде шартты заңсыз қарулы құралымдар оқшауланып, жойылады, оларға ведомствоаралық топтамалардың соққы күштерімен тойтарыс беріледі.   «Айбалта» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы 18 қыркүйекке дейін өтетінін айта кеткен жөн.

www.mod.gov.kz

Бокстан Азия Чемпионатында Қазақстан құрамасы бес алтын жүлде иеленді

0

pic_3626_448

7 қыркүйек, 2015. Астана. Өткен демалыс күндері Таиландта Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға иеленген бокстан Азия Чемпионатында аяқталды. Спортшыларымыздың қоржынына 5 алтын, бір күміс және бір қола жүлде түсті.

Аталмыш чемпионат шиеленісті және жоғары бәсеке жағдайымен ерекшеленді. Ширек финалдардан бастап Қазақстан және Өзбекстан құрамалары топ жарып, бір-бірімен соңғы арпалысқа дейін жүлделер саны бойынша бәсекелесті. Алайда отандастарымыз ел намысын абыроймен қорғап, жарыстың көшбасшылары атағын иемденді.

Олжас Саттыбаев, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, Иван Дычко (барлығы – алтын), Зәкір Сафиуллин (күміс) және Қайрат Ералиев (қола жүлде) қарсыластарынан басым түсіп, қоржынымызға түрлі деңгейдегі медаль салды.

Дегенмен Азия біріншілігі құрамамыз үшін жеңілістерсіз өткен жоқ. Ширек финалда еліміздің алдыңғы қатарлы спортшыларымыздың бірі Жәнібек Әлімханұлы жас өзбек спортшысы Бектемір Меликузиевтен жеңіліп қалды.

Енді Қазақстан құрама командасы Дохада (Катар) 5 қазанда ашылатын бокстан Әлем чемпионатына қызу дайындыққа кірісетін болады.

Қазақстан құрамасы Рейкьявикте тең түсті

0

225991_1441597299_837_552_0

Исландия – Қазақстан 0:0

Исландия: Халдорссон, Б.Севарссон, Р.Сигурдссон, Арнасон, А.Скуласон, Г.Сигурдссон, Бодварссон (Кьяртанссон 85), А.Гуннарссон (К), Гудмундссон,Сигторссон.

Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман, Смақов (К), Сүйімбаев, Логвиненко, Қуат, Қонысбаев, Исламхан, Нөсербаев (Щеткин 76), Жолшиев (Меркель 46)

Ескерту:  А.Гуннарссон, Гудмундссон – Сүйімбаев, Логвиненко, Нөсербаев, Жолшиев, Меркель

Ааңнан қуылған ойыншы: А.Гуннарссон 89

Төрешілер: Е.Арановский, О.Войтюк, В.Володин (Украина)

6 қыркүйек. Исландия. Рейкъявик. 

Қазақстан құрамасы алыста ойнағанына қарамастан жанкүйерлер қолдауынсыз қалмады. Жанкүйерлер ұзақ жолды артқа тастап, өз командаларына қолдау білдірді. Қазақстан құрамасы кездесуді белсенді өткізді. Исландия футболшылары үлкен күшпен алға ұмтылса, қазақстандық ойыншылар қарымта шабуылға иек артуға тырысты.

Бірінші таймда Таңа Нөсербаевтің гол соғатын мүмкіндігі болды. Алғашқы соққысын қақпашы қайтарса, екіншісі қақпадан қисық кетті. Исландия футболшылары Стас Покатилов қақпасына бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Алайда, Қазақстан құрамасының шабуылшысы бірнеше соққыны кері қайтарды.

Екінші таймның басында көптен күткен Александр Меркель алаңға шықты. Ол алғашқы соққысымен есеп ашу мүмкіндігіне ие бола жаздады. Алайда, алаң иелерінің қақпашысы допқа бірінші жетті. Алаң иелері шабуылды жалғастырғанымен, қазақстандық футболшылар қорғаныста сауатты ойнады.

Юрий Красножан шәкірттері Исландиямен өткен ойында бір ұпайға ие болды. Ал, Исландия құрамасы тең нәтиженің арқасында ЕУРО-2016 турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды.

kff.kz