Исландия – Қазақстан 0:0
Исландия: Халдорссон, Б.Севарссон, Р.Сигурдссон, Арнасон, А.Скуласон, Г.Сигурдссон, Бодварссон (Кьяртанссон 85), А.Гуннарссон (К), Гудмундссон,Сигторссон.
Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман, Смақов (К), Сүйімбаев, Логвиненко, Қуат, Қонысбаев, Исламхан, Нөсербаев (Щеткин 76), Жолшиев (Меркель 46)
Ескерту: А.Гуннарссон, Гудмундссон – Сүйімбаев, Логвиненко, Нөсербаев, Жолшиев, Меркель
Ааңнан қуылған ойыншы: А.Гуннарссон 89
Төрешілер: Е.Арановский, О.Войтюк, В.Володин (Украина)
6 қыркүйек. Исландия. Рейкъявик.
Қазақстан құрамасы алыста ойнағанына қарамастан жанкүйерлер қолдауынсыз қалмады. Жанкүйерлер ұзақ жолды артқа тастап, өз командаларына қолдау білдірді. Қазақстан құрамасы кездесуді белсенді өткізді. Исландия футболшылары үлкен күшпен алға ұмтылса, қазақстандық ойыншылар қарымта шабуылға иек артуға тырысты.
Бірінші таймда Таңа Нөсербаевтің гол соғатын мүмкіндігі болды. Алғашқы соққысын қақпашы қайтарса, екіншісі қақпадан қисық кетті. Исландия футболшылары Стас Покатилов қақпасына бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Алайда, Қазақстан құрамасының шабуылшысы бірнеше соққыны кері қайтарды.
Екінші таймның басында көптен күткен Александр Меркель алаңға шықты. Ол алғашқы соққысымен есеп ашу мүмкіндігіне ие бола жаздады. Алайда, алаң иелерінің қақпашысы допқа бірінші жетті. Алаң иелері шабуылды жалғастырғанымен, қазақстандық футболшылар қорғаныста сауатты ойнады.
Юрий Красножан шәкірттері Исландиямен өткен ойында бір ұпайға ие болды. Ал, Исландия құрамасы тең нәтиженің арқасында ЕУРО-2016 турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды.
kff.kz