Домой Блог Страница 49

«Менің Елім – Мәңгілік Ел» акциясы өтті

be3e6632c35d41da8d1774dca9746dd6Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова ісппармен Алматы облысында болды.  Сапар барысында Г. Әбдіхалықова Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумына қатысты. Сондай-ақ шарада облыс әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы А. Баталов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА және аймақтық Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері де болды.

Бірлік пен келісім Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде қол жеткізген айтулы табыстарының негізгі шешуші факторы болды.

Г.Н. Әбдіхалықова өңірде қоғамдық тұрақтылықты нығайтуда елеулі үлес қосып отырған Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын атап өтті. Облыста 105 этнос өкілдері тұрады. Олардың мүдделерін 70 этномәдени бірлестіктер біріктіріп, мәдениеті мен тілін, дәстүрі мен салтын сақтап, дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр.

Жұмыс сапары барысында Мемлекеттік хатшы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде Талдықорғанда жаңадан салынған «Алтын бесік» балабақшасында болып, Көксу орталық аудандық ауруханасына барды.

Түстен кейін Гүлшара Әбдіхалықова Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясын жастардың жаппай қолдау актісі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты жастар акциясын бастап берді.

Сапарының соңында Гүлшара Әбдіхалықова облыстың әйелдер қауымымен кездесті. Кездесуге қатысқандар қатарында мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, бизнес-қауымдастықтың, шығармашылық қауымның және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері бар. Кездесуде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру ісіне әйелдердің қатысу белсенділігін арттыру, әйел кәсіпкерлерге қолдау көрсету, шешімдер қабылдау деңгейінде әйел азаматшалардың санын арттыру, рухани және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

ОҚО-да жасөспірімдер арасында каратэ-додан ел біріншілігі басталды

dcf864e6-fa60-49da-8b60-7ea59a48edc2Бүгін Шымкенттегі жеңіл атлетикалық спорт кешенінде каратэ-додан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы  чемпионатының ашылу салтанаты өтті,деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Спорттық шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, ҚР каратэ-до федерациясының Президенті, Бас прокурордың орынбасары М.Ахметжанов, ҚР Мәдениет және спорт минситрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Е.Қанағатов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ басқарма төрағасы А.Жұмағалиев, ҚР каратэ-до федерациясының  вице-Президенті Ж.Санауов пен каратэ-додан Қазақстан Республикасының бас бапкері П.Мансуров сынды бірқатар еліміздің спорт жанашырлары қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздің ең басты оқиғасы болып табылатын егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында бастау алған ел біріншілігі республикамыздың басқа аймақтарынан келген 350-ден аса спортшының басын қосып отырғанын атап өтті.

«Облыс тұрғындары атынан барша қатысушы командаларға сәттілік тілей отырып, қасиетті Оңтүстік Қазақстан облысына келгендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Осы сәтті пайдалана отырып, бүгінгі ел чемпионатының ашылуына арнайы келіп, қатысып отырған Қазақстан Республикасы каратэ-до федерациясының Құрметті Президенті Марат Ахметжановқа 2020 жылы Жапония елінде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына каратэ-до спортының енуімен шын жүректен құттықтаймын» -деді әкім.Үш күнге жалғасатын жарысқа Астана, Алматы қалалары мен  еліміздің әр өңірінен келген 24 салмақтағы 300-ден астам  спортшы қатысып, дүбірлі додада 10-13 жас аралығындағы ұл мен қыз бақ сынайды.

Бүгінгі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысында 3 облыстық, 8 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар. Онда 35 жаттықтырушы  832 балаға каратэ-додан оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, облыста каратэ-до спортынан ересектер, жастар, жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы ашық республикалық турнир жыл сайын Шымкент қаласында өткізіліп келеді.

Осы спорт түрі бойынша қасиетті жерімізден бірнеше спорт тарландары оның ішінде, Азия ойындарының жеңімпазы Дархан Асадилов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында Азия чемпионы Мадина Өтелбаева, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайсар Алпысбай, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алдияр Мелдеханов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының қола және күміс жүлдегері, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының осы спорт түрі бойынша аға жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қазақ даласының батыры, даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың немересі Шаттық Қажымұқан шығып отыр.

 

Шымкентте маңызды көпір пайдалануға берілді

14956413_1108377042611967_3514179038735976135_nБүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен  Шымкенттің Қапал батыр көшесіндегі көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 Өңір басшысы салтанатты шараға қатысушыларды темір жол үстінен өтетін өткелдің қайта құру жұмыстарының аяқталуымен құттықтап, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Шымкент еліміздің үшінші мегаполисіне айналуда. Ал мегаполис ұғымы халық санының артуымен өлшенбейтіні белгілі. Осы дәрежеге лайықты болу үшін барлық салада өсу және даму жоғары қарқын алуы қажет. Қаланың осы талаптарға сай болу бағытында бірқатар жұмыстар атқарып келеміз. Соның бір дәлелі — бүгінгі пайдалануға берілген көпір. Бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасаудың көрінісі. Алдағы уақытта жол кептелісінің алдын алу мақсатында шаһардағы бірнеше жерден жолайрықтар салу экономикалық-әлеуметтік даму жоспарына енгізілді», — деді Ж.Түймебаев.

Айта кету керек, тоғыз жолдың торабында орналасқан көпір 1960 жылы салынған болатын. Бастапқыда ені 9 метр болған жүріс бөлігі қайта құру жұмыстарынан соң 21 метрге дейін кеңейді. Сондай-ақ, көпірдің жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, апатты жағдайы жойылды. Нәтижесінде, Төле би, Қапал батыр, Ақназар хан, Анаров көшелерінде көлік тығындары азайды.

Нысан жұмыстарына «Корпорация Береке А» ЖШС мердігерлік етсе, техникалық қадағалаушы болып «ЕрГарантСтрой» ЖШС, ал жобалаушы мекеме ретінде «Алматы Жоба» ЖШС мекемесі құрылыс жұмыстарын жүргізді. Қайта құру кезінде 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жалпы, облыс бойынша жыл басынан бері ұзындығы 800 шақырым болатын облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және елді мекен көшелеріне күрделі және орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, жоғарыда аталған барлық көпірлер мен 664,7 шақырым жол (282 нысан) жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.  Оның ішінде, 17 көпір де бар.

Арыста облыстық жас ақындар айтысы өтті

img_0138Айтыс өнері — қазақтың қанына сіңген бекзат өнер. Бабалардан қалған осы өнерге елеңдемейтін қазақ жоқ. Еңсе тіктеген баласынан еңкейген қариясына дейін суырып салма ақындарды тыңдаудан жалыққан емес.  Топырағы киелі Арыс қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде  облыстық жас ақындар айтысы өткізіліп келеді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін қалалық ішкі саясат және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дәстүрлі айтыстың шымылдығы ашылды. Қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік» тақырыбында облыстық деңгейде жас ақындар айтысы өтті.

Қала әкімі М.Қадырбек  айтысты ашып, жас ақындарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, айтыскер ақын Карима Оралова жас ақындарға арнауын айтты. Табан астында тауып айтып, сөз өнерінің інжу-маржанын ұтымды жеткізе білген ақындарға Ж.Байгуттиева атындағы «Өнер» мектебінің директоры Ж.Сейітбеков, Арыс қалалық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Досымбекова, ақын- ұстаз Р.Сұлтанәлиева қазылық етті.

Дүбірлі айтыста ақындарамыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жырдан шашу-шашып, бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның  көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды.

Нәтижесінде, «Бас жүлдені» Сайрам ауданының азулы ақыны Ж.Мырзабеков қанжығасына байласа, І- орынды Созақ ауданынан А.Ниязбек еншіледі. ІІ-орынды отырарлық ақын М.Жақып алса, ІІІ-орын Төлеби ауданының ақыны Б.Рахматуллаевқа бұйырды.

Арыс қаласы әкімінің арнайы сыйлығын шымкенттік ақын Ж.Балқаш жеңіп алды. Ал түркістандық Ы.Досжанова «Үздік жас ақын» номинациясымен марапатталды. Айтысқа қатысқан жас ақындардың барлығы Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің «Алғыс хатымен» марапатталып, түрлі бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Астанада жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

c-69 қараша күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін «Жастар» сарайында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Оған елордалық 60 жұмыс беруші қатысып, 100-ден аса бос жұмыс орындарын ұсынады деп күтілуде.

Елорданың Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, осыған дейін өткізілген 11 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша, 400-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Үстіміздегі жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, орталық 11 679 адамға қызмет көрсеткен, соның ішінде 6974 тұрғын жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, олардың қатарында тұрақты жұмысқа, жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер және әлеуметтік жұмыспен қамтылғандар бар. Қазіргі уақытта қалалық Жұмыспен қамту орталығының базасында 3654 бос жұмыс орны және 1430 жұмыс беруші бар. Мамандардың айтуынша, орталық жаңа жұмыс орындарын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні орталықтың мәліметтер базасында 15 719 жаңа жұмыс орны бар.

Астанада этномәдени бірлестіктердің күндері аяқталды

c-5Астанада білім мекемелерінде өткен этномәдени бірлестіктердің күндері аяқталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Осы уақыт аралығында көрермендер этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі туралы біліп қоймай, Қазақстан аумағында тұратын этностардың бай мәдени мұраларымен, өнерлерімен, салт-дәстүрлерімен кеңірек танысты.

Этномәдени бірлестіктердің күндері аясында «Поляки» қоғамдық бірлестігі концерт қойып, өз бірлестіктері туралы мағлұматтар берді. Ал, «Алеф» еврей этномәдени бірлестігінің қолданбалы өнер көрмесі көпшіліктің қызығушылығын туғызды.

Сонымен қатар, №31 мектеп-гимназиясында «Парвиз» тәжік мәдени орталығы мен «Лад» республикалық славяндар қозғалысының филиалы жасөспірімдерге арналған концерт қойды. Шара барысында тәжік мәдени орталығының өнерпазы Мигунова Назираның флейта аспабында орындаған музыкалық шығармасы жиналғандардың көңілінен шықты.

Мұнымен қоса, өзбек, күрд, және белорусс этномәдени бірлестіктері «Лингва» Шет тілдер колледжінде өз ұлттарының әндері мен билерін көпшілікке ұсынды.

Этномәдени бірлестіктердің күндерін Қазақ гуманитарлық заң университетінің көрермендер залында өткен үлкен концертпен аяқталды. Онда болашақ заңгерлерге «Вайнах» шешен-ингуш, «Ван» армян және кәрістердің этномәдени бірлестіктері өз өнерлерін тарту етті.

Еске салайық, этномәдени бірлестіктер күндерінің салтанатты ашылуы 17 қазанда елордалық көлік және коммуникациялар колледжінде өтті. Онда өз өнерлерін алғашқы болып «Возрождение» немістер қоғамы, «Қырғыстан-Астана» қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы көрсеткен болатын.

«Аққу көлі» балеті III Халықаралық «Жібек жолы» фестивалін аяқтайды

c-415 қарашада ұсынылатын П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті III Халықаралық «Жібек жолы» фестивалін аяқтайды. Ханзада Зигфридтің партиясын «Астана Опера» солисті, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Олжас Тарланов алғаш рет орындайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Қоюшы балетмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев, Ғалия Бөрібаева. Қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаһанов.

«Аққу көлінің» негізінде, зұлым күштердің ықпалымен құсқа айналған қыз туралы ертегі фольклорында кеңінен кездесетін сюжет жатыр.

Әлемдік хореография жауһары — «Аққу көлі» балеті — III Халықаралық «Жібек жолы» фестивалін жабады.

— Ол қызықты әрі мазмұнды болды, өмірді гүлдендірді. Біздің фестивальге аты әлемге әйгілі әртістер шақырылды, қонақтар ол туралы жылы лебіздерін білдіріп, шараның халықаралық жоғары деңгейін растады. Австрия, Италия, Жапония, Корея, Ресей, Беларусь, Украина және басқа елдердің әнші, биші, аспапшылары қазақстандық әріптестермен тәжірибе алмасты. Бұл кездесулер тек солисттерге ғана емес, олардың шеберлігін салыстырып, бағалап, сонымен қатар өз талғамын дамыта білген біздің көрерменге де пайдасын тигізді. Шақырылған әртістермен қатар, III Халықаралық «Жібек жолы» фестиваліне алғаш рет әйгілі Борис Эйфман театрының труппасы «Евгений Онегин» спектаклімен келді. Қазақстандық балет қоғамы шақырылған қонақтарға үлкен қызығушылық танытты, олардың спектакль туралы пікірі журнал мен газет беттерінде жарық көрді. Фестивальді 19 142 адам тамашалады. Енді тура бір жылдан соң, V мерейтойлық театр маусымында қайтып оралатын шара, шын мәнінде асқақ өнердің мерекесі болды. Алдымызда бізді жарқын тұсаукесерлердің бірі – Л. Минкустың «Дон Кихот» балеті күтіп тұр, — деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедияров.

«Front office» мамандары бір мыңыншы шымкенттікке қызмет көрсетті

front_ofisОсыдан екі апта бұрын Шымкент қаласы әкімдігінің жанында ашылған мемлекеттік қызмет көрсету орталығының мамандары мыңыншы қала тұрғынына қызмет көрсетті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін, «Front office»-ке келген қала тұрғыны Тамара Ратушина жер актісінде жазылған өзінің тегін ауыстурға қажетті құжаттарын рәсімдеуден соң, «Front office» ұжымы атынан арнайы сыйлыққа ие болды.

«Қарапайым қала тұрғыны ретінде қажетті құжаттарды ресімдеуге 5 минут ғана жұмсадым. Өте ыңғайлы, қоңырау шалу, қажетті құжат жинаудың барлығы интернет ресурстары арқылы жүзеге асуда. Қала тұрғындарын осы қызмет түрін пайдалануға шақырамын», — деді Тамара Ратушина.

Қазіргі таңда аталған орталықта жер қатынастар, сәулет, кәсіпкерлік, тұрғын-үй шаруашылығы, әкімдіктің барлық бөлімдерінен ұзын саны 25 маман қызмет етуде. 400-ден астам қызмет түрі көрсетіледі.

Көлкентке коммуналдық қажеттіліктер жетпек

600_156Сайрам ауданына қарасты елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, ондағы Көлкент ауылының 6 көшесі коммуналдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіліп, оның ішінде, ауыз су құбырлары жүргізілсе, жол бетіне асфальт төселіп, аяқ жолдар салынуда.

Ұзындығы 7 шақырым болатын жолдарды жарықтандыру жайы да жоспарда бар. Бүгінде онда электр бағаналарын орнату үшін қуаты күшті трансформатор орнату жұмыстары атқарылуда. Осы жылдың қазан айында басталған жұмыстар 2017 жылдың басында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

21 мыңнан астам халқы бар Көлкент елді мекені Сайрам ауданындағы ірі ауылдардың бірі. Мұнда жалпы саны 90-нан астам ұзынды-қысқалы көшелер бар. Ал ондағы коммуналдық қажеттіліктердің шешімі табылған.

Талдықорғанда республикалық форум өтті

20161104165231Талдықорғанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мәжіліс депутаттары қатысты.

105 этнос өкілі, 70 этномәдени бірлестігі бар өңір ел бірлігін еселеуде, халықтар достығын нығайтуда сүбелі үлес қосып келеді. Осыны ерекше атап өткен мемлекеттік хатшы облыс жастарының «Менің елім — Мәңгілік ел» атты акциясын бастап берді. Бұл басқосу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын қолдауға бағытталып отыр.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіхалықова Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Талдықорғанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салынған балабақша жұмысымен танысып, Көксу аудандық орталық ауруханасында болды. Сапар соңында мемлекеттік хатшы облыстың әйелдер қауымымен кездесті. Жиында отбасылық құндылықтарды нығайту, саясатта және экономикада нәзік жандылардың белсенділігін арттыру мәселелері қаралды.