Домой Блог Страница 97

Елбасы «Нам Г.Н.» шаруа қожалығында болды

a707245a2f181498ac037d3cd05bb51bМемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарында ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптауға маманданған кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне облыстың агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және қант қызылшасы өндірісін дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев қазір ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялауға деген көзқарастың өзгергенін атап өтті.

– Менің шаруаларға айтып жүрген ой-пікірімнің барлығының негізгі түйіні – еңбек өнімділігін субсидиялау қажеттігі. Яғни, қаражат ең ақырғы өнім өндірісі үшін бөлінетін болады, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев өңдеу кәсіпорнының аграрлық техникалары мен ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады.

Соңында Елбасы өңірдің шаруаларымен әңгімелесіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

akorda.kz

Диетасыз арықтаудың қарапайым қағидалары

Диетасыз арықтаудың қарапайым қағидаларыЕгер сымбатыңыз тартымды, деніңіз сау болғанын қаласаңыз, диета туралы ойыңызға да алмаңыз. Тамақтану тәртібіне қатаң қағида енгізу — көңіл күйді құртатын бірден бір әдіс. Әрдайым мүсініңіз бірқалыпты болып, артық салмақ мәселесімен бас қатырғыңыз келмесе, қарапайым ережелерді сақтаныңыз.

Арықтау кезінде керекті нәтижеге жету үшін дәмдеуіштер көмегі көп. Імбір, қыша (горчица), қызыл бұрыш, куркума, даршын (корица) диетасыз арықтауға жәрдемдеседі. Бұл пайдалы қоспалар май қабаттарын ыдыратып, қан құрамындағы қантты қалыпқа келтіреді, тәбетті бәсеңдеті.

Диета ұстамай арықтағысы келетіндердің ажырамас досы — көкөністер. Оның құрамындағы жасұнық артық салмақтан арылуға сеп болады. Көкөністер тұтынғанда, әсіресе, жасыл түске көп көңіл бөліңіз. Саумалдық (шпинат), қияр, балдыркөк (сельдерей), көкшөп, орамжапырақ құрамында мол болатын калий ағзадағы тұз теңгерімін реттейді.

Бөліп тамақтану. Диетасыз тез арықтау үшін күніне алты рет тамақтанған дұрыс. Әр үш сағат сайын жүрек жалғап тұрған бәрінен артық шешім болмақ. Нәтижесінде асқазан кішірейіп, зат алмасу процесі күшейеді. Тек жер азығыңыздың мөлшері 400 грамнан аспағанын қадағалаңыз, ал жүрек жалғау кезінде 200 грамм тағам тұтынсаңыз жетіп жатыр.

Көмірсу мөлшеріне көңіл бөлу. Пирог, торт, фастфуд, қуырылған картоп секілді тез салмақ қосуға сеп болатын азықтар дастарқаныңыздан аптасына бір-ақ рет орын алуына болады. Оны да тек түске дейінгі мезгілде жеңіз.

Тәттілерден, газды сусыннан, тез әзірленетін астан бас тарта алмайтын болсаңыз, оны қолданарда өзіңізге шарт қойыңыз. Су ішесіз, жеңіл салат жейсіз, белде шеңбер айналдырасыз, киім салатын сөрені ретке келтіресіз не билейсіз. Осы шартты орындаған соң ғана аңсарыңыз ауған азықты тұтынуға рұқсат. Мүмкін осылардың бәрін орындап болғанша, құмарыңыз тарап кетер.

Диетасы арықтауда ынталану, жігерлену маңызы зорҚұлшына кіріссеңіз тез әрі жеңіл арықтайсыз. Ол үшін қызметте көтерілу, мықты денсаулық, жаңа ғашық секілді ынтаңызды жоймай, жоғарылататын мақсат табыңыз, тек дұрысын таңдаңыз.

Ақпарат көзі: massaget.kz

Балық майының пайдасы

Балық майының пайдасыГрек ғалымдары күніне 10 гр ба­лық майын ішу адамдардың ара­сын­да жиі кездесетін кенеттен жү­рек тоқтауы оқиғасын 41 па­­йыз­ға қысқартатындығын алға тартады. Цин­цинати универ­ситетінің ға­лым­да­ры күніне 2 гр балық майын қа­былдау қан қысымын қалпына кел­тіретінін дәлелдеген. Олар­­дың пікірінше, түрлі дә­рі­лер­мен емделгеннен гөрі, ба­лық майының шипасы молырақ екен және біз өз ағ­замызды химиялық улан­дырудан сақтай аламыз.

Бүгінде отандық маман­да­­­­ры­мыз­дың деректеріне сү­й­енсек, балық майы кеу­де обы­­рын тоқтатуға не бол­ма­са кішірейтуге көп әсерін ти­гі­зеді екен. Қытай ғалымдарының пікі­рінше, обырмен ауы­ра­тын адам­дардың ағзасында оме­га 3 амин қышқылы өте аз бай­қал­­ған. Әсіресе балық майын жүк­ті әйелдер көп ішкені жөн. EPA және DHA комбинациясын 650мг не болмаса 1000мг мөл­шер шамасында ішуі керек, ба­лық майын ішуді жүктілік жә­не сәбиді емізу кезінде де жал­ғастыруға болады. Бұдан адам иммунитетіне зиян жоқ. Балық майы қандағы Е кон­цент­рациясын төмендетеді, сон­дық­тан Е дәрумендерін қатар қол­дануы қажет. Мамандардың ай­туынша, жұмасына кем дегенде 140 граммдық екі порция ба­лық жеу керек, әсіресе көктем ке­зінде ағзаның орнына келуіне кө­мектеседі екен. Балық құрамында ми­не­рал­дар, протеиндер және көп түрлі дәрумендер, омега 3, омега 6, омега 9 амин қашқылдары бар­шылық. Сүйегімен жейтін сар­дин, лосось балықтарында фос­фор және фтор көп мөлшерде кез­деседі. Кальций сүйекті қа­тай­тады, фосфор ағзаға керек функ­цияларды күшейтеді, ал фтор тісті бекітеді. Балық ма­йын­дағы А дәрумені ағзаны та­­зар­тады, зиянды вирустарды жоя­ды, сонымен қатар адам те­рі­сінің функциясын жаңғыртады. Көз жанарының көру әлсіздігі байқалған тұста семга балы­ғының майымен емдеуге бола­ды. Нәтижесі өте оңды. Жалпы балық майы – адам ағ­засына қажеттілігі жағынан бі­рінші орында тұрған азық. Ал балықтың: патша балығы, сар­ди­ны, скумбрия, семга, лосось, ала­бұға, сазан сияқты түрлерін жиі жеу қажет. Бұлардың тіске, сүйектің қатаюына пайдасы зор. Балық етінде темір көп. Ол ісік ауруларының алдын алуға көмектеседі.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Судың емдік қасиеттері

Судың емдік қасиеттеріСу − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларға пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз.

Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.

Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.

Судың біз білмейтін өзге де қасиеттері бар:

1. Иммунитет жүйесін құрайтын жілік майының түрлі ауруға қарсылығын күшейтеді.
2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.
3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
4. Эритроциттің жұмыс өнімділігін күшейтеді.
5. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.
6. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
7. Су – буын қуыстарын негізгі майлаушы зат.
8. Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.
9. Ішек жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.
10. Дене температурасын реттейді.
11. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.
12. Жүрек ауруы мен сал (параллич) ауруынан сақтайды.
13. Мидан гормонар бөлінуі үшін қажет.
14. Су адам зейінін ашады.
15. Жұмыс өнімділігін арттырады.
16. Ешқандай кері әсері жоқ.
17. Стресс пен депрессияны басады.
18. Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады.
19. Көзге көру қасиетін береді, ағзада қан жасалуын реттейді.
20. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.
21. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.
22. Дене қызуын басады.
23. Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.
24. Жүктілікте жүрек айнуын азайтады.
25. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.

Әлемдегі ең таза су – зәмзәм суы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2004 жылғы мәліметі бойынша, бұл су әлемдегі ішуге пайдалы ең таза су. АҚШ-та жасалған тест нәтижесінде жер бетінде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір таза су – осы зәмзәм екені ғылыми негізде дәлелденді. АҚШ-та әртүрлі сусындар мен жемістерді елге әкелуге тиым салынғанымен, зәмзәм суына тиым салынбайды. Зәмзәм суының басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе, шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы – құрамында кальций мен магний тұздары көп. Шаршаған адам зәмзәм суын бетіне жақса, рахаттанады. Тағы бір ерекшелігі, зәмзәм суының құрамында түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтор бар. Өмірде судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәмзәм суына ешқандай әсер етпейді. Бұл да ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Еліміздің де әр өңірінде тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары бар. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әртүрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалы әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі. Жергілікті халық оларды ем үшін пайдаланып жүр.

Ақпарат көзі: baq.kz

Тұздың зияны

19r2ikxceg5bnwke-lg-1Қазір кейбір адамдар салауатты өмір сүру үшін темекіден, спиртті ішімдіктерден, газды сусындардан, қуырылған еттен бас тартқан. Бірақ шамадан артық тұз бұлардан да зияндырақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде кең етек алып бара жатқан жұқпалы емес аурулардың темекіден кейінгі себепшісі әрі ең қауіптісі — тұз деп мәлімдеді.

5 мың жыл бұрын күніне жарты грамм тұзбен өмір сүруге үйренген адамның тұзды қолдануы соңғы дәуірлерде бірден артты.
Қазір тұздың тәуліктік тұтынылуы орта есеппен 8 граммға көтерілді.

Оның басты себептерінің бірі — дайын тамақтардың пайда болуы.

Жапонияда 50 жыл бұрын қолданылатын тұз мөлшері күніне 18 грамм болған. Сол себепті сал (паралич) ауруына шалдыққандардың саны өте көп болды. Кейін үкімет тұздың тұтынылуын азайтқаннан кейін оның тәуліктік мөлшері 4 граммға түсті. Ал сал ауруымен ауыратындар 80 пайызға азайған. Тұз қолданылымы 2 грамм азайтылғанда, 4 жылда жүрек ауруымен ауру қаупі 25 пайызға азайған.

Ақпарат көзі: massaget.kz

Ғалымдар арықтау үшін қанша ұйықтау керектігін анықтады

Alarm Clock In Front Of A Person Sleeping

Гарвард университетінің мамандары ұйқының адамның салмағын жоғалтуға тигізетін әсерін анықтады.

Мамандар зерттеулерін 10 жыл бойы 130-дан астам әйелге жүргізген. Зерттеу қорытындысы бойынша семіздікке шалдығу қаупі ұйқы режимі бұзылған әйелдерге қарағанда ұйқысы дұрыс адамдарда 45 пайызға төмен болатыны анықталды.

Тәжірибе жүргізген мамандардың  айтуынша, салмақ жинау алдымен түнгі уақытта аш болумен байланысты. Олар ұйқы режимі бұзылған кезде адамның ағзасында тәбетті ашатын грелин гормоны көп бөлінетінін айтады. Осылайша түнде тамақтанған адамның ағзасына қосымша калория жиналады екен.

Салмақ қосудағы екінші себепке сарапшылар адамның үнемі шаршап жүретінін жатқызады. Бұған дейін мамандар хабарлағандай, төрт күн бойы аз ұйықтаған адамның азғасы майдың жиналу қаупін артыра түседі. Сонымен бірге 8 сағаттан кем ұйықтаған жандар бес сағат ұйықтайтындарға қарағанда тез арықтайды екен.

Жақсы ұйқы адамның салмағына әсер етенін анықтаған соң ғалымдар бірнеше кеңес бере кетті. Алдымен олар адамдарға тәулігіне 6,5-8,5 сағат ұйықтаған жөн екендігін айтады. Екіншіден, режим сақталғаны дұрыс, яғни белгілі бір уақытта тұрып, белгілі бір уақытта ұйқыға жатқан жөн. Сонымен бірге мамандар жатын бөлменің температурасына да көңіл бөлген дұрыс дейді. Ұйықтар алдында терезенің пердесі жабық болғаны дұрыс. Себебі қараңғылық адамның ұйқысы жақсы болуына әсер етеді. Сондай-ақ соңғы кездеріжиі сөз болып жүрген ұялы телефондар мен түрлі гаджеттерді өшіріп қойған жөн. Ұйқы дұрыс болуы үшін жатардан 30 минут бұрын электронды құрылғыларды өшіріп отыру керек деп кеңес береді ғалымдар.

Ақпарат көзі:  ҚазАқпарат

Банан қабығының пайдасы

Банан қабығы бананның өзіндей болмаса да көп қажетке жарайтын пайдалы жақтары көп. Сол себепті, оны қоқысқа тастамас бұрын нендей мақсатта пайдалануға болатынын біліп алыңыз.

Аяқ киіміне «таптырмас» крем

Аяқ киіміңізді банан қабығымен ысқылап, артынан құрғақ шүберекпен сүртіп тастасаңыз, аяқ киіміңіз ине-жіптен енді шыққандай жалтырап шыға келеді.

Теріңізді күтуге «таптырмас» құрал

Банан қабығы терісі құрғақ және секпілі бар адамдарға да пайдалы. Күніне екі рет банан қабығымен сүртіп отырса, нәтижесі көп күттірмейді.

Өсімдіктерге «таптырмас» тыңайтқыш

Банан қабығын жеміс көшетін отырған кезде пайдалануға болады. Көшет отырғызылатын топыраққа тастаңыз

Банан сірке суы

Банан қабығынан әдетте қышқыл әрі ашшы болып келетін сірке суынан дәмі өзгешеленіп тұратын, яғни, тәтті сірке суын алуға болады. Оны салатқа қосуға болады және су мен шайдың хош иісін арттыру үшін пайдалануға болады.

Банан қабығымен етті маринадтау

 

Етті қуырған кезде оған банан қабығын араластырса, етіңіз жұмсақ әрі дәмі тіл үйіретін тағам болып шығады.

Тісті ағартуға «таптырмас» құрал

Тісті ағарту үшін банан қабығының ішкі жағымен тісті сықылау керек.

Қышыған жерді басады

Маса немесе бүрге шаққан жеріңіз қатты қышып қоймаса, банан қабығымен ысқыласаңыз, қояды.

Тікенге қарсы құрал

Тікен кірге жерге банан қабығын қойсаңыз, тікен терінің үстіңгі жағына қарай тартылады, артынан суырып тастайсыз.

Күйеге қарсы құрал

Киімнің жауы болып табылатын күйеден құтылғыңыз келсе, банан қабығын қойсаңыз, жеткілікті, өйткені, банан қабығы күйені өзіне тартып алады.

Бөртпе, ұшық, безеуге қарсы құрал

Бетіңізде көркіңізге көлеңке түсіретін безеу, бөртпе пайда болса, банан қабығымен сүртіңіз, алайда, онымен артынан бетіңізді тұтас сүртіп жүрмеңіз, нәтижесі көп күттірмейді.

islam.kz

Табиғи балды жасанды балдан қалай ажыратуға болады?

Қаптамасында құрамы жазылып тұрса, мына мөлшерге көңіл бөліңіз: су – 20 пайыздан артық болмауы тиіс; қант – 5 пайыздан артық емес; жалпы қышқылдық – 5 пайыздан артық емес.

Көшеде, жол бойында сататын балды алмаған дұрыс, себебі бал зиянды токсиндерді тез қабылдайды.

Сатушы балдың табиғи екеніне барынша сендірді дейік, сатып алғаннан кейін үйде сынап көргіңіз келсе, кішкене бөлігін алып, ыдыстағы суға салыңыз. Егер бал шынында да табиғи болса, ұяшықтағы қалпындай алтыбұрышты пішінге келуі тиіс. Нағыз балда құдды ДНК құрылысы секілді ұяшықтағы қалпы қашанда сақталып қалады, суға салған кезде көз алдыңызда көрініс береді.

Ақпарат көзі: massaget.kz

Ғалымдар жүрекке пайдалы тағамды атады

 Ғалымдар жүрекке пайдалы тағамды атадыОңтүстік Дания Университетінің ғылыми қызметкерлері тағамға үнемі бірнеше грамм балдырды қосу жүрек ауруларының алдын алуы мүмкіндігін айтты.

Ет өнімдерін балдырлармен пайдалану тағамдағы жасушалар мен антиоксиданттар санын ұлғайтуы мүмкін.

Тағамға балдыр қосу қандағы холестерин деңгейін бақылауға көмектесіп, атеросклероздың тууына жол бермейді, дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, өнім калориясы төмен, ал ондағы аминқышқылдардың, түрлі дәрумендер мен минералдардың көлемі мол.

Балдырлары бірнеше ай бойы сақтауға болады. Сондай-ақ ғалымдар балдырлардың барлығы бірдей адам үшін пайдалы болмайтынын ескертті, деп жазады шетелдік БАҚ.

Сарымсақ сығындысынан жүрек талмасының қаупі азаяды.

Америкалық ғалымдар сарымсақ сығындысын зерттеді. Ғылыми жұмыстың нәтижесіне сәйкес, сарымсақ сығындысын күнделікті тамаққа пайдаланған жағдайда, ол майлы тамақты жеу салдарынан қан тамырының қабырғасында пайда болатын түйінділердің санын азайтуға көмектеседі. Science World Report хабарлауынша, зерттеу тәжірибесіне жас шамасы 40 пен 75 аралығындағы елу бес адам қатысқан. Олардың барлығы ағзадағы зат алмасудың бұзылуы салдарынан семіздік белгілері бар метаболикалық синдроммен ауыратын болған. Бұл науқастардан енді басталып келе жатқан жүрек ауруы да байқалды. Сынақ кезінде олардың кейбірі 2400 миллиграмм сарымсақ сығындысын ішсе, қалғандарына бұл сығынды берілмеген. Бастапқыда қатысушылардың барлығының қан тамырларындағы түйінділер мен кальций мөлшері есепке алынды.  Бір жылдан кейін осы науқастарды қайта тексерген кезде, сарымсақ сығындысын қолданған адамдардың тамырындағы түйінділердің 80%-ға дейін баяу өскендігі анықталды. Сәйкесінше, олардың жүрек талмасымен ауру қаупі де азайған. Мамандардың айтуынша, сарымсақтың құрамындағы көмірсутектер ағза үшін өте пайдалы элемент болып табылады.

Ақпарат көзі: 24.kz

Астанада этномәдени бірлестіктердің жастар ұйымдарының арасында конкурс өтті

95fa7833e620f3a9ff5161dea06М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанаттарының арасындағы конкурста үздік бейнетаныстырылым анықталды. Конкурс «Үлкен мемлекет – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында өткізіліп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды, деп жазады қалалық әкімдікьің баспасөз қызметі.

— Бүгінгі конкурстың мақсаты бірінші кезекте қоғамда этникааралық келісімді нығайту және жастарды Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне тарту болып табылады, — дейді Астана қаласының ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Конкурсқа қатысушылар өз еңбектерінде этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы әңгімелеп, өз халқының салт-дәстүрлерін көрсеткен.

Тоғыз этномәдени бірлестіктің жетеуі конкурстың екінші кезеңіне өтті. Атап айтқанда, «Радима» беларусь этномәдени орталығы» ҚБ жастар қанаты, Астана қ. корей қоғамдық бірлестігінің жастар қанаты, «Возрождение» неміс қоғамы» ҚБ жастар қанаты, «Таң» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» ҚБ жастар қанаты «Оберег» украин қоғамы» ҚБ жастар қанаты, «Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ жастар қанаты және «Злата» болгар этномәдени орталығы» ҚБ жастар қанаты.

Қазылар алқасының шешімімен «Оберег» украин қоғамы» ҚБ жастар қанаты бірінші орын алды. Астана қ. корей қоғамдық бірлестігінің жастар қанаты екінші орында, «Таң» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» ҚБ жастар қанаты қола жүлдені қанағат тұтты. «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев конкурсқа қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанаттарының елеулі еңбегін ерекше атап өтті.