Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан мен Германияның бірінші ракеткалары ойнаған үшінші матчта Елена Рыбакина Анжелика Керберді 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Матчтағы есеп Қазақстанның пайдасына 3:0 болды. Бірінші күні Юлия Путинцева Керберді 3:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңсе, Рыбакина Лаура Зигемундтан басым түскен болатын – 6:0, 6:1.

Енді қазақстандық теннисшілер әлемнің үздік 12 командасының қатарында өнер көрсетеді. Бұл кезеңнің матчтары 8-13 қараша аралығында өтеді.