Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Тұмаудың алдын алу жолдары

Керек кеңес

Тұмаудың алдын алу жолдары

Тұмаудың алдын алу жолдары

Күн суытып, салқындаған сайын аурудың дендеп, асқындайтын кезі. Адамдардың көбінде кездесетін ауру түрі – тұмау. Тұмау – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Егер тұмау асқынып кетсе тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады.

«Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде», – деп текке айтылмаған. Медициналық жолмен тексерілген жөн, алайда үй жағдайында жасауға болатын халық емін де біле жүріңіздер.

Тазартылған 50 грамдай өсімдік майына сарымсақ (2-3 бөлігін) пен орташа көлемдегі пияздың төрттен бірін майдалап турап, араластырып, қоспаны бір түнге қалдырыңыз. Келесі күні оны сүзіп, сөлін мұрын қуысына тамызыңыз.

Тұмаудың тағы бір емі – бал қосылған сүт. Ауырған кезде сүті бар шайға бал немесе сары май қосып ыстықтай ішіңіз. 1 стақан ыстық сүтке 1 шай қасық бал, ұсақталған немесе үккіштен өткізілген сарымсақтың бір бөлігін араластырыңыз. Дәмді болмаса да бұл тәсіл тұмауды бірден жояды.

Тазартылған бүтін күшаланы отқа шала пісіріп алғаннан кейін, сыртын қырып тастап, сүтке ашытып ішсе, тұмауға және өкпе ауруларына ем болады. Оны үнемі ішіп тұрудың пайдасы зор.

«Әр елдің салты басқа…», – демекші, тұмауды емдеудің және суық тиюдің алдын алу үшін әр ұлт өзіне тән емдік тәсілді қолданады. Мәселен сырқаттанған жапондық 10 кесе ыстық көк шай ішеді. Өйткені бұл емдік сусынның құрамында вирустың белсенділігіне қарсы тұратын катехин бар. Сондықтан шәй плантацияларымен аты мәшһүр болған Сузоки ауданының тұрғындары респираторлық індеттерге аз шалдығады екен.

Авторы: Сәулет Ибрагимқызы

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Керек кеңес айдарындағы жазбалар

  • Керек кеңес

    Кірпік күтімі

    Авторы:

    Адам айнасы – көз. Ал кірпік  көзге әсемдік беріп, сыртқы жағымсыз микробтардан қорғап тұрады. Әрбір бойжеткеннің ...

  • Kitchen

    Жасымық сорпасы

    Авторы:

    Бүгінгі ас мәзірімізде жылдам әрі жеңіл дайындалатын, дәмді – жасымық сорпасы.  Қажетті қоспалар: пияз сәбіз қызанақ...

  • Керек кеңес

    Қас күтімі

    Авторы:

    Қас түктері көздің қорғаушысы ғана емес, сонымен қатар, ол бет–әлпет ажарына өзіндік сұлулығын қосады. Әрине, қас...

  • Керек кеңес

    Қол күтімі

    Авторы:

    Қоршаған ортаның зиянды әсерінен ең алдымен қолымыздың терісі бұзылады. Әйел адамның қолына қарап жасын аңғаруға болады...

  • Керек кеңес

    “Кемпір шуақ” деген не?

    Авторы:

    “Кемпір шуақ” немесе “мизамшуақ” дегенді естіп пе едіңіз?  Бұл күз айында  болатын ауа-райы құбылысы – “Бабье...

  • Керек кеңес

    Интернет журналистке арналған кеңес

    Авторы:

    КОРРЕКТУРА • Бастауыш пен баяндауыш арасында ешқашан үтір қойылмайды. • Редактор мен корректорге сенім артпаңыз. Біріншісі...

  • Керек кеңес

    Интернет журналистке арналған 140 кеңес (жалғасы)

    Авторы:

    Аударма жəне шет тілдері  Ешқашан автоматты аудармашыны пайдаланбаңыз Бір ғана жағдайда пайданыңыз, алдыңызда тіл білетін ешкім...

  • Керек кеңес

    Қызықты фобиялар

    Авторы:

     Сіз  америкалық суретші- мультипликатор, режиссер Уолт Диснейдің тышқаннан қорыққанын білесіз бе?  Яғни, музофобия. Бірақ Уолтер Дисней...

  • Керек кеңес

    Интернет журналистке арналған 140 кеңес

    Авторы:

    Александр Амзиннің әр кеңесі 140 символмен жазылған твиттер-форматтағы интернет-журналистке арналған кітабынан үзінді. Бұл тек интернет-журналистке ғана...

  • Астана

    Astana CityPASS туристік картасы

    Авторы:

    “Astana Leisure – 2017” халықаралық көрмесінде Astana CityPASS туристік картасы таныстырылды. 27 – 29 қыркүйек аралығында...

Соңғы жарияланымдар

БӘРІ ЖАЛҒАН

Авторы: 25.12.2017

Ауылдағы анама

Авторы: 25.12.2017
Жоғары