Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Күзде бет терісін қалай күтеміз?

Керек кеңес

Күзде бет терісін қалай күтеміз?

Күзде бет терісін қалай күтеміз?

Күз келіп, күн суыған сайын әйел затының «бас мәселелері» көбейе бастайды. Гардеробын жаңарту керек, сәннен қалмауы керек, бет күтімін ұмытпау керек. Бет терісі адам денесінің ең нәзік жері болғандықтан кез келген жыл мезгілінде оған күтім қажет. Әсіресе күзде бет күтіміне ерекше мән берген жөн. Көктем мен жазда қолданған кремдеріңіз күзгі ауа райына сәйкес келмейді. Өйткені күзде ауа райы жиі құбылады. Бір күні жарқырап күн шықса, бір күні ұйытқып жел тұрады, кейде төгіліп жауын жауады. Жиі ауысатын ауа температурасы, ылғалдылық, жел секілді факторлар бет терісінің бұзылуына алып келеді. Сондықтан, қыздар, күзде бет терімізді жақсылап күтуіміз керек!

Бет терісі құрғақ қыздарға күзде көп еңбектенуге тура келеді. Жазғы кремдерді ысырып, құрамында Е, С витаминдері көп косметика бұйымдарын қолданған жөн. Әсіресе нәзік теріні желден қатты қорғау керек. Дұрыс күтілмеген терінің беткі қабығы желдің әсерінен құрғап, өлі клеткалар жиналып қалады. Сондықтан аптасына бір-екі рет скраб, маска қолданып, тұрақты түрде крем жаққан жөн.

Ал сезімтал терінің иелеріне скрабты сирек қолдануға кеңес береміз. Күздің құйтырқы мінезімен күресіп жүрген теріні одан сайын скрабпен қинауға болмайды. Сезімтал тері күзде тез қалпына келе алмайды. Сондықтан хош иісті, дәрумені мол крем жағып, бет теріңізді жиі еркелетіп тұрыңыз.

Ал терісі қалыпты, майлы немесе аралас типті қыздарға күз мезгілінде қызығып қарауға болады. Олар өзгелер секілді аса қатты қинала қоймайды. Дегенмен жалпы бет күтімін ұмытпай, тұрақты күтім жасап тұрған дұрыс.

Айман Сырлыбай

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Керек кеңес айдарындағы жазбалар

  • Керек кеңес

    Кірпік күтімі

    Авторы:

    Адам айнасы – көз. Ал кірпік  көзге әсемдік беріп, сыртқы жағымсыз микробтардан қорғап тұрады. Әрбір бойжеткеннің ...

  • Kitchen

    Жасымық сорпасы

    Авторы:

    Бүгінгі ас мәзірімізде жылдам әрі жеңіл дайындалатын, дәмді – жасымық сорпасы.  Қажетті қоспалар: пияз сәбіз қызанақ...

  • Керек кеңес

    Қас күтімі

    Авторы:

    Қас түктері көздің қорғаушысы ғана емес, сонымен қатар, ол бет–әлпет ажарына өзіндік сұлулығын қосады. Әрине, қас...

  • Керек кеңес

    Қол күтімі

    Авторы:

    Қоршаған ортаның зиянды әсерінен ең алдымен қолымыздың терісі бұзылады. Әйел адамның қолына қарап жасын аңғаруға болады...

  • Керек кеңес

    “Кемпір шуақ” деген не?

    Авторы:

    “Кемпір шуақ” немесе “мизамшуақ” дегенді естіп пе едіңіз?  Бұл күз айында  болатын ауа-райы құбылысы – “Бабье...

  • Керек кеңес

    Интернет журналистке арналған кеңес

    Авторы:

    КОРРЕКТУРА • Бастауыш пен баяндауыш арасында ешқашан үтір қойылмайды. • Редактор мен корректорге сенім артпаңыз. Біріншісі...

  • Керек кеңес

    Интернет журналистке арналған 140 кеңес (жалғасы)

    Авторы:

    Аударма жəне шет тілдері  Ешқашан автоматты аудармашыны пайдаланбаңыз Бір ғана жағдайда пайданыңыз, алдыңызда тіл білетін ешкім...

  • Керек кеңес

    Қызықты фобиялар

    Авторы:

     Сіз  америкалық суретші- мультипликатор, режиссер Уолт Диснейдің тышқаннан қорыққанын білесіз бе?  Яғни, музофобия. Бірақ Уолтер Дисней...

  • Керек кеңес

    Тұмаудың алдын алу жолдары

    Авторы:

    Күн суытып, салқындаған сайын аурудың дендеп, асқындайтын кезі. Адамдардың көбінде кездесетін ауру түрі – тұмау. Тұмау...

  • Керек кеңес

    Интернет журналистке арналған 140 кеңес

    Авторы:

    Александр Амзиннің әр кеңесі 140 символмен жазылған твиттер-форматтағы интернет-журналистке арналған кітабынан үзінді. Бұл тек интернет-журналистке ғана...

Соңғы жарияланымдар

Жоғары