Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Алматы облысы әкімдігінің грантына домбырашылар ансамблі құрылды

Жетісу

Алматы облысы әкімдігінің грантына домбырашылар ансамблі құрылды

Алматы облысындағы Іле ауданының Байсерке ауылында «Күй дүбірі» атты  домбырашылар ансамблі құрылды. Шағын шығармашылық топтың тұсаукесер рәсімінде 8 бен 14 жас аралығындағы өрендер өз өнерлерін көрсетті.

Жаңа өнер ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында құрылып отыр. Төл өнерді дәріптеуге арналған игі істі – «Нұршат-Нұр» қоғамдық бірлестігі қолға алды. Алматы облысында өткен үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде аталмыш қоғамдық бірлестіктің жобасы жастар тәрбиесі бағыты бойынша жеңімпаз танылып, құны 500 мың теңге болатын облыс әкімдігінің грантын ұтып алды.

Нәтижесінде бұл қаражатқа 15 домбыра, үлкен музыкалық орталық сатып алынды.

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жетісу айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары