Көрсеткіш көңіл қуантады – Жақсы Ақпараттар Сайты
Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Көрсеткіш көңіл қуантады

Жаңалықтар

Көрсеткіш көңіл қуантады

Көрсеткіш көңіл қуантады

Ескелді ауданындағы Хильниченко, Досанов, Дүйсенбінов, Городецкая, Тойшыбеков, Қожахметов, Бесікбаев, Қалметов, тағы басқа шаруа қожалықтарының қызылша алқабынан алынған тәтті түбірлердің алғашқы тасқыны қабылдау пунктіне жөнелтілді.

Қызылшашылардың қарбалас қимылының арқасында соңғы күндерге дейін қант зауытына 1100 тоннаға жуық балтамыр жеткізілді. Жалпы биыл аудан көлемінде 1490 гектар алқапқа қант қызылшасы отырғызылып, дайындау орнына 65000 тоннадай тәтті түбір тапсыру жоспарланып отыр. Алғашқы нәтижелер бұл меженің орындалатынына сенім ұялатуда.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Керікбаевтың айтуынша, шаруашылықтар келер жылдың қамынан туындаған шараларды да ұштастыра жүргізуде. Айталық, өнімі жиналған алқаптарда дереу сүдігер жырту жұмыстары қолға алынуда. Жалпы күз айларында 17000 гектар жер сүдігер жыртылу көзделген болса, қазірдің өзінде оның 3700 гектарға жуығы жыртылып үлгерген. Бұл  танаптарға 6500 гектар күздік бидай себу жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін 3600 гектарға күздік бидай себілді.

Аудан еңбеккерлері күзгі жиын-терін жұмыстарын қысқа мерзімде әрі сапалы атқарып шығып, келер жылдың мол өнімі үшін берік негіз қалау жолында еселенген жігермен еңбек етуде.

Бөлісу:

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары