Пятница, 11 октября, 2024
No menu items!

Талдықорғанда әр саланың ең үздік маманы анықталды

Басқа ақпараттар

 Талдықорғанда қала күніне орай ұйымдастырылған «Ең үздік, ең үлгілі» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды. Бүгін олар қалың көпшіліктің алдында құрметке бөленіп, марапатталды.

«Ең үздік мүғалім» номинациясында Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылындағы Е. Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектептің ұстазы топ жарды. 57 жастағы Бақытжан Сүлейменова жоғары санаттағы бастауыш сынып мұғалімі. Ал «Ең үздік дәрігер» аталымы Талдықорған қалалық емханасының акушер-гинекологы Жанат Жүнісхановаға бұйырды. «Ең үздік учаскелік инспектор» номинациясын 1991 жылғы Мирас Асқаров жеңіп алды. Ол №6 учаскелік пунктінің полиция капитаны. Сондай ақ, «Ең үздік аула күтуші»  болып Асхат Абдрахманов, қоғамдық көлік жүргізушілердің  ішінен Әлібек Әбілдаев жеңімпаз атанды. Жалпы байқауға қатысушылар бас-аяғы 9 номинация бойынша  сынға түсті.

Айта кетейік, бүгін талдықорғандықтар қала күнін тойлап жатыр. Шаһар  күніне арналған мерекелік шаралар 8 қыркүйектен басталды. Түрлі шығармашылық байқаулар, шеберлік сабақтар, ретро концерттер мен спорттық сайыстар, танымал тұлғалармен кездесулер, әлеуметтік нысандардың ашылуы сынды көптеген шаралар биылғы мерекенің сәнін кіргізді.

 

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img