Сауд Арабиясынан 640 қазақстандық елге жеткізілді

Басқа ақпараттар

3 наурыздан 4 наурызға қараған түні Сауд Арабиясынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару үшін төрт репатриациялық рейс орындалды, деп хабарлайды Jas.kz Эйр Астана әуекомпаниясына сілтеме жасап.

Рейстер Медина–Атырау, Медина–Ақтау және Жидда–Атырау бағыттары бойынша (екі рейс) жүзеге асырылды. Барлығы 640 жолаушы тасымалданды.

Елге жеткізілген азаматтарды ары қарай басқа өңірлерге жеткізу үшін Атыраудан Алматыға екі рейс және Астанаға бір рейс орындалды.

4 наурыз күні ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп тағы екі қосымша репатриациялық рейс жоспарланған. Олар Жидда–Ақтау–Алматы және Жидда–Атырау–Алматы бағыттары бойынша жүзеге асады.

Жиддадан Ақтауға ұшақ жергілікті уақытпен сағат 18:00-де ұшып шығып, Ақтауға 01:05-те қонады. Одан кейін Алматыға 06:05-те жетеді. Ал Жидда–Атырау рейсі 20:45-те ұшып шығып, Атырауға 05:05-те қонады, кейін Алматыға 09:55-те жетеді.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақты түрде бақылап отырғанын мәлімдеді.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз