Сағыныш

Басқа ақпараттар

Сағындым…
Бірақ жасымды сықпағым келді,
Өмірдің заңдылықтарын ұқпағым келді.
Әжетай, сезесің бе бүгін сізді
Қатты-қатты құшақтап ұйықтағым келді.

Дегенімді жасатсам өкіріп кейде,
Көтермеуші ең, дауысыңды жекіріп мүлде.
Сен маған ертегі айтпаған едің,
Сенбесін дегенің болар өтіріктерге.

Сөзімді айтқызбай ұғып жанарымдағы,
Ерке ғып бәрін әпердің қалауымдағы.
Тығылып маған беретін құрттың ғана емес,
Ақ жаулығыңның иісі танауымда әлі.

Өзің айтқандай (бұйыртып бағыма білем),
Жақсы жандарды жинаймын жаныма кілең.
Бірақ та…

Неге екен олардан бөлек
Өзіңді аңсаймын, сағына берем.

Әкетайымның құлақтан кетпей жыр-әні,
Шыңға шығатын анамның еткей Шынары.
Әжетай, бой жеткен «Еркелігіңе»
Сонда да еркелеткенің жетпей тұрады…
Әттең…

Пы/сы: Тәңірдің маған берген сыйы сынды,
Әжетай, сағындым ғой иісіңді…

Шынар Жұмасат

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз