«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ANTIKORnews жазды.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд.теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды.
Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология Вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын.
Тергеу жалғасуда», делінген хабарламада.