Невропатолог Игорь Орлов бас ауруынан дәрісіз құтылудың екі әдісін атады. Бұл туралы Sputnik радиосы жазды.
Маманның айтуынша, бас ауруының жиі себебі – мидың қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауы. Мұндай адамдарға көбінесе қан айналымын жақсартатын препараттар тағайындалады. Бас ауруын дәрісіз де жазуға болады. Ол үшін құлақ ішіне бірнеше майларды тамызу арқылы ми қан айналымын арттыруға қажет.
«Мысалы, камфора майын қолдануға болады. Құлақ ішіне бірнеше тамшы тамызып бас ауруынан құтыла аласыз. Бұл тамаша процедура да ми қан айналымын белсендіреді. Егер адамның басы ауырып, ауырсынудан құтылғысы келсе, онда бұл әдіс көмектесуі керек», — деді Орлов.
Дәрігердің айтуынша, бас ауруынан құтылудың немесе оның қарқындылығын азайтудың тағы бір жолы – құлаққа массаж жасау.
«Құлағыңызды алақанмен уқалауға болады. Бұл қысымның жоғарылауын тудырып, бас ауруын басуға, ми қан айналымын жақсартуға және құлақтағы шудан арылуға өте пайдалы. Бірақ өте сақ болу керек, себебі массаж кезінде құлақ ауыратындай әрекет істемеу қажет», — деп ескертті дәрігер.
Дереккөз:massaget.kz