Четверг, 26 декабря, 2024
No menu items!

Гарвард студенттерінің мотивациялық ұрандары

Басқа ақпараттар

АҚШ жоғарғы оқу орындары әлемдегі ең  мықты университеттер қатарында. Соның ішінде американдық университеттердің көшбасшысы ретінде Гарвард университеті ерекше көрінеді.

Сондықтан, осы әлемнің ең үздік студенттері ретінде Гарвард студенттері де ерекше назарда болуы шарт.

Олар не істеп үздік болды? Олардың өзгелерден қандай артықшылықтары бар? Олар қалай ойлайды?

Бәріңізге қызық па? Меніңше, оларды жетістікке жетелеген-олардың ойлары. Сол себептен назарларыңызға Гарвард студенттерінің негізгі мотивациялық ойларын ұсынамын:

  1. Егер сіз қазір ұйықтап қалсаңыз, түсіңізде армандарыңызды көресіз. Ал егер ұйқының орнына оқуды таңдасаңыз, сіз арманыңызды өміріңізге айналдырасыз.
  2. Сіз енді тым кеш деп ойлағанда, шын мәнінде әлі тым ерте болуы мүмкін.
  3. Оқу азабы тек уақытша нәрсе ғана. Надандық азабы – мәңгілік.
  4. Оқу – ол уақыт емес. Ол — бар күшіңді салу.
  5. Өмір — ол тек оқу емес, бірақ сіз өмірдің тіпті осы бөлімінен өте алмасаңыз, қолыңыздан басқа не келу мүмкін?
  6. Миға күш түсіру мен бір нәрсеге бар күшіңді салып кірісуден де ләззат алуға болады.
  7. Тек, барлығын алдын — ала ойластырып қоятын адам ғана өзінің жетістігінен шынайы рахат ала алады.
  8. Барлығына бірдей үлгеру міндет емес. Себебі, жетістік үнемі өзін — өзі жетілдіретін және тәуекелшіл адамға ғана бұйырады.
  9. Уақыт өтіп жатыр.
  10. Бүгін көзіңе де ілмеген нәрселер, ертеңгі көз жасыңыздың себебі болуы мүмкін.
  11. Өз болашағы үшін қазірден алаңдайтын адам — реалист.
  12. Сенің жалақыңның көлемі біліміңнің деңгейіңе тура пропорционал.
  13. Бүгін енді ешқашан қайта келмейді.
  14. Тіпті дәл қазір сенің дұшпандарың кітап беттерін ақтаруда.
  15. Тер төкпеген адам, ешқашан табысты бола алмайды.
Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз