Наурыз мерекесіне орай Алматыға барған ел Президенті Қасымжомарт Тоқаев «Астана» алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шара кезінде жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыгенге батасын беріп, селфиге түсті.
Өз эмоциясын жасыра алмаған жайдарманшы бұл туралы өз парақшасында бөлісіпті.
«Қашан ел бақытты болады?! Халық дана болғанда, даналары патша болғанда деген екен. Даналығыңызды сезе алдым. Елін сүйетіндігі мен шынайы жанашыр екеніңізді сөзіңізден ұқтым. Бүкпесіз боямасыз ризашылығымды жүрекпен айтамын. Жылдың ЕҢ үздік селфиі деп едім! Жаңа ҚАЗАҚСТАНДЫ бірге қүрайық!
Мерекелеріңізбен құттықтаймын!
@tokayev_online Ақ батаңызға рақмет!» — деп жүрекжарды тілегін білдірді жайдарманшы.