Үкімет мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау бойынша түзетулер әзірлейді

Басқа ақпараттар

Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру мәселесін қарау кезінде Премьер-министр Олжас Бектенов мүгедектігі бар адамдарды қолдау саласындағы заңнамалық базаны күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Jas.kz.

«Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп,  осы жылдың 1-ші қарашасына дейін  инклюзияны қолдаудың жаңа тәсілдері мен кешенді моделіне сәйкес  мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша  заңнамалық түзетулерді әзірлесін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Қамқорлық» бастамасы аясында аудандық деңгейде оңалту орталықтары ашылады – Премьер-министр тиісті тапсырма берді Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне өңір әкімдіктерімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, аудандық деңгейде оңалту орталықтарының ашылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Денсаулық сақтау министрлігі өңір әкімдіктерімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, «Қамқорлық» бастамасы аясында аудандық деңгейде оңалту орталықтарын ашу мәселесін шешуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз