Понедельник, 7 июля, 2025
No menu items!

Батыл бол, солдат!

Басқа ақпараттар

Төпелеп төбеңнен құйғанда жауын,

Күртең су болса да, жан жаурамасын.

Сынақ деп ұғайық сынын Алланың,

Өтеді күн заулағасын.

Қиын шақ- ұғынсақ, өтпелі уақыт,

Түсірме еңсеңді, алға адымда.

Бағала тасты емес кеткен уатып,

Алтынды қолда барында.

Сынаққа шыдамау әлсіздің ісі,

Үмітін күдігі жаулап алатын.

Жанартау жігерді бір сілкіндірші,

Күшің бар тау қопаратын.

Алыстан іздеме жат пен жақынды,

Ең басты дұшпаның, досың да — өзің.

Өзіңнен жеңілме, болғын ақылды,

Болмасын тосылған кезің.

Сонда кеп атады арайлап таңдар,

Армандар тұрады алдан қол бұлғап,

Әр істе болады бір бағыт-бағдар,

Сондықтан батыл бол, солдат!

Әсем ҚҰЛМАНОВА

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
Соңғы жарияланымдар

«AQYL BATTLE CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ “КРЕАТИВТІ КОМАНДА” ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Aqyl Battle CUP» жобасы аясында жарияланған «Креативті команда» сайысы да өз мәресіне жетті. Бұл байқау «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз