Среда, 18 июня, 2025
No menu items!

«Омикрон»: Коронавирустың басқа штамдары жойылып кетті ме?

Басқа ақпараттар

Елордада омикроннан басқа ковидтің осыған дейінгі штамдары жойылып кетті ме? Бұл сұраққа елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жауап берді.

Оның айтуынша, жұрт жиі жұқтыратын ауру өзіне дейінгі инфекцияны ығыстырып тастайды.

«Эпидемиологияда мынадай заң бар: жұрт жиі жұқтыратын ауру өзіне дейінгісін (инфекцияны) ығыстырып тастайды. Мысалы, «Дельта» штамымен ауыратын бір адам 2-2,5 адамды жұқтыруы мүмкін, ал «Омикрон» – 5 адамға дейін. Әрине, ол тез таралады, сол себепті алдыңғы штамның таралатын жері болмай қалады. Сондықтан ол ақырындап ығысады. «Омикрон» штамының салдары аса ауыр емес, дегенмен инфекцияның бұл түрін сондай жеңіл деп санауға болмайды. Біз ары қарай не болатынын білмейміз», – деді Тимур Мұратов.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «STUDENT LIFE» Жайдарман ойыны басталды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен НАРХОЗ Университетінде студент жастар арасында республикалық «STUDENT LIFE»...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз