Среда, 29 января, 2025
No menu items!

«Кубаньжелдормаш»: Шенеуніктердің машина жасауға түкіргені бар

Басқа ақпараттар

«Кубаньжелдормаш» — Ресейдің Краснодар өлкесінің машина жасау зауыты. «Кубаньжелдормаш» сонымен бірге — темір-терсекпен айналысатын мекеменің Facebook желісіндегі танымал парақшасы. Памперс пен косметика парақшаларына көзі үйренген оқырманды — машина жасау саласының будақтаған, түтіндеген, зырылдаған, шиқылдаған тарсыл-гүрсіл, қаңғыр-күңгір әлеміне бір сүңгітіп алатын ресурс. Әрі кеткенде кино кейіпкеріне болысып келген адамға енді — миллиметрлер жетпей қалған темір кесіндісін, бір бұрауы кем болттың уайымын қосып беретін бір бұрыш.

Кубаньжелдормаш: — Келісіп алайық, еш есімсіз, мекен-жайсыз.

jas.kz: — Жақсы. SMM-ді қалай бастадыңыз? Қоғам темір-терсек, фланец-торец, болт-шәйбі туралы тыңдауға әзір ме екен?

Кубаньжелдормаш: — Мен ақпаратты бірден «жеңіл проза» араластырып бердім ғой. Әйтпесе, терминдер мен шартты белгілермен көміп тастасаң ешкім оқымайды әрине.

jas.kz: — Сіз осы парақшаны жүргізер алдында машина жасау саласынан хабарыңыз болды ма? Саланың проблематикасына қалайша осылай, шебер бойлап кеттіңіз?

Кубаньжелдормаш: — Ойбай, келген жеріміз осы болды ғой… Мен осы зауытта жұмыс істеймін…

jas.kz: — Кешірім өтінемін. Мен бір жаңашыл бастық SMM-ші жалдап алды екен деп ойлаппын.

Кубаньжелдормаш: — Тіпті де олай емес. Мен әншейін бастадым да, ақыры періп кеттім. Жүргізіп келемін, жүргізіп келемін әйтеуір…

jas.kz: — Танымалдық бірдеңе әкелді ме? Саяси, басқалай пайдасы бар шығар әйтеуір? Шенеуніктердің шырғалаңы азайып, салалық несиелер бөлген кезде де құр қалдырмай…

Кубаньжелдормаш: — Біздің бастық несие алмайды…

jas.kz: — Ал саланың проблемасын жоғары жаққа жеткізуге пайдасы бар ма ең болмаса? Жергілікті, тіпті федералдық биліктің назары түсіп дегендей…

Кубаньжелдормаш: — Жоқ. Біздің шенеуніктер мен билік өздерінің Ресейінде өмір сүріп жатыр. Олардың машина жасау саласына түкіргені бар. Біздің шефті де оңдырмай қинайды.

jas.kz: — Темір-терсекке жақын еңбек адамын фотоға түсуге, ләм деуге, селфиге «сындыру» оңай ма? Жұмысшыларыңызды айтам?

Кубаньжелдормаш: — Жоқ. Зауытта барлығы тек жұмыс істейді, интернетке шамасы жоқ. Шын мәнінде, олар қатты шаршайды, ойын-күлкіге уақыттары жоқ.
jas.kz: — Рахмет!

Сұхбаттасқан: Ерлан Оспан

Соңғы жарияланымдар

Ербол Мырзабосынов Швеция Елшісімен екі жақты ынтымақтастықты талқылады

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ева Пуланомен кездесіп, туризм...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз