Жемқорлық деген — қылмыс, ал жемқорлар — бандит. Антикормен жұмыс барысында бұған көзім жетті дейді жас, танымал режиссер Ерлан Қасымжанұлы.
Ол бұл туралы пікірін Есен Елеукеннің «Yesti Podcast» жобасында айтты.
«2018 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросының тапсырысымен, «Бюро» атты сериал түсірдік. Бұл жерде бюроның жұмысын көрсетуге тырыстық.
Жалпы жемқорлық — қоғамдағы ауру деп есептеймін. Ол қоғамның, елдің дамуына ұдайы бөгет болып, кеселін тигізеді» дейді режиссер.