Дархан Қамзабек: Назарбаев — күрделі тұлға

Басқа ақпараттар
Нұрсұлтан Назарбаев — өз заманында, кеңестік қайшылықтардың ортасынан шыққан тарихи тұлға. Бұл пікірді белгілі ғалым, «Егемен Қазақстан газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дихан Қамзабек айтты.
Дихан Қамзабекұлы Есен Елеукеннің «Yesti Podcast» жобасында Тұңғыш президент туралы естеліктері мен ол туралы өз пікірін білдірді.
«Нұрсұлтан Әбішұлына үлкен жүк артылды. Ол жүкті орындауға тырысты. Әрине, айналасына, отбасына қатысты сын көп айтылады. Бірақ бұл — өте нәзік нәрсе деп есептеймін. Сыннан қандай нәтиже шығарды, оны уақыт көрсететін шығар. Бірақ Нұрекеңнің қызметін атқарған кезеңі мен тарихи оқиғалардың жүріп жатқан кезеңін параллель қарау керек деп ойлаймын.
Ешкім Назарбаевты тарихтан сызып тастай алмайды. Ол — күрделі тұлға» — деді ғалым.
Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз