Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Шығысқа сапар. Өскемен — «Этноауыл»

Басқа ақпараттар

Шығысқа сапар туралы жазудың реті енді келген секілді. Барып келгеннен кейін біраз қорытып алғанша біраз уақыт өтіп кетіпті. Бірақ сәті енді түскен екен.

Сонымен сөздің әлқисасы, Шығысқа сапар таң атпай Айман, Жанасыл үшеуміз Астананың аэропортына келіп отырғаннан басталды. Таң ертеңгі түр белгілі ғой, ұйқы қанбай, көз ісіп дегендей… Қоя берші, бастысы жол болсын!)

Әрине, кетіп бара жатқанымыз туралы фото салмау күнә олар еді)

Өскеменге бұрын бір блогтурға келіп едім, қала әсемдігімен ұнап қалған-тұғын. Аэропорттан Елжан деген жігіт күтіп алып, үйге орналастырды. Содан сәл демімізді алып алған соң, қаланы аралауға шықтық.

Әуелі барған жеріміз Өскемендегі этноауыл болды. Ал керек болса…! Үлкендігін былай қойғанда, аралап, көретін дүниеге толы екен. Жанасылдың «Астанадағысын этноауыл деп бізді алдап жүр екен» дегені сол ғой.

Ауызекі тілде «Этноауыл» атанып кеткен музей-қорық туралы ақпарат тақтасы

Әуелі қысқаша мәлімет бере кетейін. Толық атауы — Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы деп аталады. Бұл жобаны ең алғаш Өскеменнің патриоты Николай Зайцев деген азамат қолға алған екен. Кейін  өзгелерге бұның бәрін керемет дүниеге екенін көзін жеткізіп, жергілікті билік қолдау көрсете бастаған. Қазір күллі өскемендіктердің мақтанышына айналған осындай үлкен саябақ болыпты.

Іші бірнеше «қалашықтар» деп аталатын бірнеше бөлікке бөлінген. Бірінші кірген жер «Әскери қалашық» деп аталады. Бұл жерге заманауи қару-жарақ техникалары қойылып, блиндаждар жасалған екен.






Содан соң «Гүлдер қалашығына» қадам бастық. Біздің Айманның, ойй, фотоға түсіп, құдайы беріп-ақ қалды))

  

Бұдан кейін «Хайуанаттар бағына» кірдік. Енді бұл жердегі хайуанаттар басқа жерде де бар шығар деп, көп түсіре қойғанымыз жоқ. Тек қасқырды фонға алып, бір фотоға түсіп алдым) Сосын өмірімде тірі аюды бірінші рет көруім)

Жатқан қасқырды көріп тұрған шығарсыздар

  

Жолбасшымыз Елжан келесі қалашыққа ертіп апарғанда, жаңағы көргендеріміз жолда қалды. Әр түрлі ұлт өкілдерінің үй-жайлары, қора-қопсысымен салыныпты. Тіпті тұрмыстық заттарына дейін бар. Дәл қазір осы үйде өмір сүрем десең, қажеттінің бәрі дайын. Тек түтінін түтетіп, жата кет) Енді бәрінің фотосын салу қиындау, сондықтан дәм ауыз тигізейін)

  

Ия, бұл шынымен – ЭТНОАУЫЛ!!!

Келесі кезек — махаббат аралы болды. Сол бұл жер енді жастарға арналған деп айтуға болатындай. Суреттерді көріп, өзіңіз көзіңізді жеткізерсіз.

Әрине, бұл суреттер этноауылдың барлық бейнесін ашып бере алмасы белгілі. Біздің мақсат та ол емес. Тек «дәм татқызып, ауыз тигізу»)) Егер көруге құмартсаңыз, мархабат. Өскемен сіздерді құшағын жая күтетініне дау жоқ. Келесі жазбада кездескенше)

Жалғасы бар…

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз