Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Сарыарқаның төрінде дарынды журналистер бақ сынасуда

Басқа ақпараттар
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттікуниверситетінде журналистика мамандығы бойынша Х республикалық пәндік олимпиада өтуде. Шара университеттің факультет деканы Мұхамедқали Абуовтың сөзімен ашылды.
Білім бәйгесіне еліміздің әр өңіріндегі 16 жоғары оқу орнынан келген жүйріктер қатысуда. Олимпиаданың алғашқы күнінде 1 кезең бойынша командалар өздерін таныстырып, 2 кезең эссе байқауымен жалғасты.
Олимпиада бағдарламасы аясында Сарыарқа өңірі тарихынан сыр шертетін аталмыш оқу орнының тарихи мұражайына саяхат жасалды. Бұл көрме залының бірінші бөлігінде университеттің тарихы мен ардагер оқытушылары, мақтаныштарының жетістіктері суреттелген. Екінші бөлігінде археологиялық жәдігерлер мен адам қаңқалары сақталған.
Сонымен бірге, журналистика мамандығы бойынша додаға түсуге келген қатысушылар тың мәліметермен қанықты. Сондай-ақ, келесі кезекте олимпиада негізгі пәндерден тест сұрақтары мен Жедел ақпарат сайысымен қорытындыланбақ.
«Сыр түлегі» тобы
Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз