Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Жалқаулықтан қалай құтылуға болады?

Басқа ақпараттар

Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, маңызды істерді күнде кейінге ысырып, оның орнына басқа бір жұмыспен айналысқанбыз. Неге бұлай жасайтынымызды түсіндіре алмайтынбыз және осылай жасағанымыз үшін өзімізді жек көретінбіз. Адамның осы әрекетін ғылымда «прокрастинация» деп атайды. Олай болса, прокрастинацияның астарында не жатқанын және оның пайда болу себептерін қарастырып көрейік.

Біз үшін маңызы бар және өмірімізді өзгертетін бір істі кейінге қалдыра беретін болсақ және осының орнына телехикая көру, компьютерлік ойындар ойнау, әлеуметтік желіде отыру және т.б. сынды болмашы істерге уақытымызды жұмсайтын болсақ, бұл біздің прокрастинацияланып жатқанымызды білдіреді. Осыдан кейін араға біраз уақыт салып еш маңызы жоқ, пайдасыз істермен айналысқанымыз үшін өзімізді ұрыса бастаймыз.

Осы тұста прокрастинацияны жалқаулықпен шатастырмаған жөн. Әдетте жалқау адам ешнәрсе жасағысы келмейді және осы әрекеті үшін өзін кінәлі сезінбейді. Ал прокрастинацияланып жатқан адам ойына алғанды қуана-қуана істейтін еді, тек оның бастауға шамасы жетпей жүр.

Сондай-ақ, прокрастинацияны демалыспен шатастыруға болмайды. Себебі демалыс кезінде біз күш-қуатымызды қалыпқа келтіреміз. Ал прокрастинация кезінде керісінше оны жоғалтамыз. Энергиямыз аз қалған сайын істелуі тиіс жұмысты кейінге қалдыра береміз.

Рим философы Сенека «Өмір сүруді кейінге ысыра берген сайын ол өтіп кете беретін болады» деп ескерту жасаған еді. Прокрастинациямен неліктен күресуіміз керектігінің бірінші себебі осы сөздердің астарында жатыр. Яғни ол бізге толыққанды өмір сүріп, одан ләззат алуға кедергі жасайды. Жуырда жасалған зерттеу жұмыстарының бірі адамдардың өлім аузында жатып жасаған істеріне емес, жасамаған істеріне бола өкінетіндерін дәлелдеді.

Бүгінгі таңда прокрастинациялануға көптеген жағдай жасалған. Сондықтан болар осы нәрсемен күресу — адам баласының басты мақсаттарының бірі.
Соңғы 100 жылда адам өмір жасының ұзақтығы орташа есеппен екі есе өсті. Ал балалар өлімі осы уақыт ішінде он есе қысқарды. Интернеттің арқасында бүгін әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген адамдар білімдерін бәрімен бірдей бөлісе алады. Сондай-ақ, соғыс пен зорлық-зомбылық та аз. Яғни бойымыздағы бар мүмкіндікті пайдалануға еш кедергі жоқ.

Өлетін күн мен маңдайдағы әжімнің қандай байланысы бар?

Бірақ, мүмкіндіктер көп болған сайын адам таңдау жасауға қиналады. Шешім қабылдай алмай «сал» болып қалады. Барлық нұсқаны ой елегімізден өткізу үшін айтырлықтай энергия жұмсаймыз. Осының салдарынан біз нақты шешім қабылдауды ертеңге қалдырамыз. Дәлірек айтсақ, прокрастинацияланамыз.
Күнделікті барлық потенциалыңызды қолдануға мүмкіндік беретін түрлі техника бар. Оларды қолдануға күнделікті бірнеше минутыңыз ғана кетеді әрі пайдасы мол.

Психолог, коуч мамандар бұл әдеттен арылу үшін ең бірінші себебін тауып алуға кеңес берді. Ал табылмаған жағдайда салдарынан арылудың еш мәні жоқ екенін айтады.

«Адамдардың барлығы жайсыздық және бұдан да асқан жайсыздық сезімінің арасында теңселіп жүреді. Мысалы, жұмысты алайық. Қазір істеп жүрген жұмысыңыз сізге жайлылық сезімін сыйлайды. Уақыт өте келе сіз осы жұмысыңыздан жалықтыңыз делік. Бастығыңыз сізге аса көңіл аудармаса да, бірнеше әріптесіңіз жыныңызға тисе де, осының барлығы жаңа жұмысқа қарағанда жайлылық сезімін сыйлайды. Ал сонда жұмыс ауыстырудың артында не тұр?
Жаңа жұмыс іздеу үшін бір жерлерге түйіндеме жібересіз. Арасында сізге жауап қайырмайтындар болады. Одан қалды сұхбатқа шақырса да, көп үміткердің ішінен сізді таңдамай қоюлары да ғажап емес. Осының салдарынан сіз жайсыздық сезімін бастан өткересіз. Яғни адам қандай да бір қиындыққа тап болмайынша бұрынғы жұмысында отыра беруді жөн көреді. Адам ақырында қай жерде өзін аз жайсыз сезінсе, сол жерге қарай ұмтылады», — дейді коуч Ада Кондэ

Тағы бір маман Вероника Степанова прокрастинацияға қатысты мысал ұсынды.

«Бір істі кейінге қалдырып жатқан сәтте өзіңізді қолға алуға тырысыңыз. Кейін нақты неден қорқатыныңызды анықтаңыз. Бәлкім осы жиналып қалған жұмыстардың барлығын жүзеге асырғанда сіз бай болып кететін шығарсыз? Яғни бұл сіз бай болудан қорқасыз деген сөз. Бай болсаңыз, бақытты боласыз. Ал бақытты болу деген — сіз үшін күнә. Өмірлік ұстанымыңыз «Жусаннан аласа, бетегеден биік» болуым керек болуы да ғажап емес. (…) Енді осының астарын талдайық. Жалқауланып отыра беретін болсаңыз өміріңіздің өзгермейтіні анық.

Кейін мұндайда сізге бірінші болып анаңыз қамқорлық танытады, алақанына салып аялайды. Яғни сізге түптің-түбінде осы нәрсе керек болып тұр. Себебін осылай анықтап алған соң, ойға алған істердің барлығын қағаз бетіне түсіріңіз. «Мен нені аяқтамадым? Мен не істегім келеді? Әрі қарай алғашқы қадамым не болады?» деген сауалдарға жауап беріңіз. Әдетте бірнәрсені бастап, кейін соған жақсылап кірісіп кетеміз. Келесі сөздерімді жақсылап естулеріңізді сұраймын. Сіздер ата-аналарыңыздан күтетін қолдауды олар ешуақытта бере алмаулары мүмкін. Есесіне өздеріңізге ана да, әке де бола аласыздар. Тіпті болмай жатса, бұл жылулықты болашақ жарларыңыздан алуларыңыз мүмкін. Ақырында күнделікті аффирмациялар айтып, өміріңізді өзіңіз ғана өзгерте алатыныңызды түсінуге тырысыңыз», — дейді маман.

Ал Сіз оқырман прокрастинациямен қалай күресесіз? Маңызды жұмыстарды жиі кейінге қалдырасыз ба?

https://sputnik.kz

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз