Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Қарттарым — асыл қазынам

Басқа ақпараттар

Халықаралық қарттар күні қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Шапағат» СВК-мен бірлесіп айтулы күн қарсаңында Алматы қаласының еңбек ардагерлеріне азық-түлік себеттерін үлестірді. Іс-шара БҰҰ-ның № 1 тұрақты даму мақсатын іске асыру шеңберінде өткізілді.Іс-шараның басты мақсаты-шәкірттерге үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу керектігін түсіндіру. Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз. Бұл парыз – оларға қамқорлық көрсету, оларды қолдау арқылы өтелетінін ұғындыру. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету — ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел — қазыналы ел.
Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету мемлекет тарапынан ғана емес – қоғамның барлық өкілдерінің, әсіресе жас буынның басты парызы екенін де ұмытпаған жөн. Осы қоғамның іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас буынға үлгілі, өнегелі тәрбие беретін, елжандылыққа баулу сияқты моральдық нормалардың бастауында қазыналы қарттарымыздың тұрғанын әрқашан есте ұстауымыз қажет. Сонымен қатар еліміздің жас азаматын отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда да ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары үлгі. Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық.Шәкірттеріміз ардагерлермен кездесу барысында олардың басынан өткен қиыншылықтарын естіп өздеріне өнеге алғандай болды.Қариялар батасын беріп алғыстарын білдірді.Қоғамда ардагерлердің орны орасан зор.Қарты жоқ қоғам бас білмей кеткен асау сынды болады десек, қарттары бола тұра құрметтемеу одан бетер қайғы екені айтпаса да белгілі. «Кәрісі кімнің жоқ болса, жастары болар дуана» деп Махамбет батыр айтқандай үлкендердің орны қоғамда әлдеқайда ерекше екені даусыз. Үлкендерге лайық сый-құрмет жасап, алғысына бөлену – адам баласының бойындағы тектілігінің белгісі. Дер кезінде асыл қазынамызды бағалап, сый-құрмет көрсетіп, өнегелі ғұмырынан ғибрат алып, сол асылдарымыздың қадір-қасиетін түсініп, бағалаған жөн деп санаймын. Қариясын сыйлап, төбесіне көтерген елден қасиет-кие деген айналып өткен емес!
Ақболатова М.Е
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img