Қаржы министрлігіне қарасты қордың экс-төрағасы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді

Басқа ақпараттар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен Қаржы министрлігінің Проблемалық кредиттер қоры АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады. Ол лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Jas.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті жекеменшік иесіне қорға аударылуы тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақша қаражатын ұстап қалу құқығын заңсыз берген. Нәтижесінде мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан. Салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған.

Бұдан бөлек, құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 млн теңге көлемінде залал келтірген борышкер компанияның меншік иесі мен оның сыбайластары да ұсталды.

Соттың санкциясымен күдіктілер Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынды, сондай-ақ олардың мүлкіне тыйым салынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз