Оралда 12 жастағы бала бір тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

Басқа ақпараттар

Орал қаласында 12 жастағы Максим Кузнецов бір тәуліктен бері табылмай жатыр. Ол 2 наурыз күні сағат 15:30 шамасында үйінен шығып кеткен, содан бері қайта оралмаған, деп хабарлайды Jas.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім арық денелі, бойы 164 сантиметр. Үстінде жасыл капюшоны бар қара күртеше, қара спорттық шалбар және камуфляж түстес аяқ киім болған. Қасында ұялы телефоны мен қызыл сөмкесі бар.

Максимнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін немесе қала аумағында көрген азаматтардан полицияға хабарласу сұралады. 102 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз