Маңғыстауда қалыңдықты күштеп алып қашқан бес адам сотталды

Басқа ақпараттар

Маңғыстау облысында қыз алып қашу дерегіне қатысты бес тұрғынға үкім шықты. Олар адам ұрлау және некеге тұруға мәжбүрлеу баптары бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Jas.kz.

Тергеу мәліметінше, оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында Жаңаөзен қаласында болған. Белгілі болғандай, бір топ адам қыздың қарсылығына қарамастан, оны күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Құқық қорғау органдары жедел жүргізілген шаралар нәтижесінде күдіктілерді анықтап, жауапқа тартты. Сот шешімімен айыпталушылардың әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін де өңірде осыған ұқсас қылмыс бойынша үкім шыққан болатын. 2026 жылдың наурыз айында тағы екі тұрғын қалыңдық ұрлау фактісі үшін сотталып, колонияға жіберілген еді.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз