Домой Блог Страница 303

«Орбұлақ шайқасы» қойылымын көруге блогерлер мен журналистер Талдықорғанға барды

"Орбұлақ шайқасы" қойылымын көруге блогерлер мен журналистер Талдықорғанға барды«Орбұлақ шайқасы» қойылымын көруге блогерлер мен журналистер Талдықорғанға барды. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында ұйымдастырылған қойылым  Талдықорған қаласының сырт жағында орналасқан ипподромда өтіп жатыр деп хабарлайды Jas.kz тілшісі.

Дәл қазір қала тұрғындарымен қоса, жан-жақтан келген қонақтардың көңілінен шығу үшін  алтыбақан, асық ату, қазақша күрес секілді ұлттық ойындарымыз бен «кәуап пен палау фестивалiн» секілді түрлі шаралар өтіп жатыр. Сондай-ақ сындай ірі шараны ұйымдастырып жатқан Алматы облысының жастар саясаты басқармасы Талдықорған қаласынан ипподромға арасына арнайы автобустар шығарып қойған. Оған қойылымды тамашалағысы келетін кез-келген қонақ тегін қатынай алады.

"Орбұлақ шайқасы" қойылымын көруге блогерлер мен журналистер Талдықорғанға барды

"Орбұлақ шайқасы" қойылымын көруге блогерлер мен журналистер Талдықорғанға барды

"Орбұлақ шайқасы" қойылымын көруге блогерлер мен журналистер Талдықорғанға барды

Жас-ақпарат

Иранның футболдан әйелдер құрамасының сегіз ойыншысы ер адам болып шықты

Иранның футболдан әйелдер құрамасының сегіз ойыншысы ер адам болып шықты
© Getty Images

Иранның футболдан әйелдер ұлттық құрамасының сегіз ойыншысы ер адамдар болып шықты, олар жынысын ауыстыруға операцияны күтіп отыр, — деп хабарлады Daily Mail ирандық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Ер адамдар әйелдер құрамасы атынан Иран чемпионатына қатысып үлгерген. Бұл шындық спортшылар гендерлік тесттен өтпей қалғаннан кейін әшкере болды. Осы дауға байланысты Иранның футбол саласындағы шенеуніктері елдегі барлық ұлттық команда ойыншылары мен Иран чемпионатының үздік футболшыларының жынысын тексеруді міндеттеді.

Иранның футболдан әйелдер құрамасының сегіз ойыншысы ер адам болып шықты
Иран футболшылары бастарын жауып, тұйық формамен ойнап жүр. © AFP


Мұндай жағдай Иран футболында алғаш рет болып тұрған жоқ. 2010 және 2014 жылдары әйелдер құрамасының бірнеше ойыншысы гендерлік тесттен өте алмай, ойыннан уақытша шеттетілген болатын.

tengrinews.kz

Skype сөйлесуді автоматты түрде 6 тілге аударатын болады

Skype сөйлесуді автоматты түрде 6 тілге аударатын боладыSkype екі адамның әңгімесін автоматты түрде өзге тілдерге аударатын болады, — деп хабарлайды Newsru.com компанияның ресми хабарламасына сілтеме жасап.

Алғашқы қызмет алты тілде болады: ағылшын, француз, неміс, итальян, қытай және испан. «Skype аудармашысы әр тілде сөйлейтін адамдардың тіл табысуына көмектеседі. Видеоқоңырау шалу арқылы енді барлық тілдің өкілдерімен сөйлесуге болады», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, ВВС Translator-дың екі адамның әңгімесін аударып қана қоймайтынын хабарлады. Бұл сервиспен неғұрлым көп жұмыс істеген сайын, соғырлұм оны пайдалану да оңай болады. Яғни осы арқылы басқа тілді үйрену мүмкіндігі туып отыр. Компания мәтіндік хабарламаны да автоматты түрде аударатын жүйе қосады. Хабарлама 50 тілге аударылады.

Айта кетейік, жаңа функцияны алдағы бірнеше аптада Windows платформасының қолданушылары пайдалана алады. Translator жүйесінің демо нұсқасын Windows Store-дан жүктеп алуға болады. Функцияның басқа платформада қашан пайда болатыны әзірше белгісіз.

tengrinews.kz

Қазақ қыздарының сұлулылық стандарттары 100 жылда қалай өзгерді?

Қазақ қыздарының сұлулылық стандарттары 100 жылда қалай өзгерді?LookTM порталы 100 Years of Beauty видеосын ұсынды, онда қазақ қыздарының сұлулық стандарттары 100 жылда қалай өзгергені көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін соңғы ғасырда француз, ағылшын, неміс, үнді және орыстардың сұлулық стандарттары қалай өзгергені туралы нұсқалар шыққан болатын. Қазақстандық нұсқаның түсіріліміне жас дизайнер, фэшн-блогер, модель Айя Шалқар қатысты. Сонымен қатар, бұл ролик елдегі басты тарихи және мәдени оқиғалардың атақты әйелдердің келбетіне қалай әсер еткенін көрсетеді.

tengrinews.kz

Геннадий Головкин Федор Емельяненконың дауысымен сөйлеткен

ГоловкинҚазақстанда Геннадий Головкиннің бір телеарнаға берген сұхбаты қызу талқыланып жатыр, — деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық бірнеше танымал сайт Головкиннің өзінің ұлты жайлы сұхбат берген делінген видеоны жария етті.

Видеода Головкин «Мен Ресейден екенімді ғана дәлелдеп жүрмін. Мен орыспын» дегендей болады. Алайда, басылымның мәліметінше, видеода Головкиннің даусы өшіріліп, басқа біреудің даусы қойылған. Үстеме дауыс тағы бір атақты спортшы, ММА аңызына айналған Федор Емельяненконың даусы. 

Дауыстың неліктен үстеме қойылғаны белгісіз. Осылайша, Vesti.kz ұлттар арасында араздық туғызудың қылмыс екенін ескертеді. Ал Геннадий Головкиннің өзі болса АҚШ-та жұдырықтасып жүрсе де жеңістерін қазақстандықтарға арнайтынын талай мәрте айтқан болатын.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады

tengrinews.kz

Теңге бағамы өзгергеннен кейін Астанада баспана бағасы қандай болды?

Теңге еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін Астанадағы баспаналардың шаршы метрінің орташа құны қандай болғаны айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның құрылыс салушылар ассоциациясы директоры Аслан Түкиев әр шаршы метрдің орташа құны шамамен 20 пайызға қымбаттағанын айтты.

«Шаршы метрдің бағасы нысанға, нысанның орналасқан жеріне, құрылыс жағдайларына байланысты. Мұның бәрі әрбір шаршы метрдің құнына әсер етеді. Дегенмен бұл цифрларды орталасақ, ҚСА бөлімшесінің мәліметінше, еркін ауытқу бағамына өткенге дейін сол жағалаудағы орташа эконом-кластың шаршы метрі 192-200 мың теңге аралығында болған. Еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін құрылыс материалдардың бағасының өсуіне байланысты шаршы метрдің құны да өскен. Тек шетелдік құрылыс материалдар ғана емес, отандық өндірушілер де теңгенің құнсыдануына еш қатысы болмаса да өнімдерін қымбаттатып отыр. Қазір біз мұнымен күресіп жатырмыз. Өкінішке орай, сонда да баға өсті. Біздің мәліметімізше, қымбаттау шамамен 20 пайызға болды, яғни 230 мың теңгеге дейін өсті. Бұл жобаларға байланысты, кей жерлерде бұл цифр аздау болса, кей жерлерде керісінше көптеу», — деді ол ОҚК брифингі барысында.

Түкиев Ассоциация мүшелерінің құрылысты іске асыру, төлемақы кездерінде доллардан бас тартуды ұйғарып отырғанын айтты.

«Құрылыс салушылардың барлығы жылжымайтын мүліктің екінші секторының өкілдері, олар құрылысты жүзеге асыру кезінде долларды пайдаланады. Бұл, әрине, өкінішті. Ассоцмацияның жаңа ұстанымы бойынша, біз валюталық саясатта қателікте жібермеу. Қазіргі заңнамаға сәйкес, ресми аударымдар теңгемен жүргізілуі керек, дегенмен олар мұны доллармен жасап отыр. Бастапқы нарыққа келетін болсақ, ҚСА-на кіретінкомпаниялардың тобында бұл мәселе шешілді. Теңге арқылы төлем жасалып жатыр. Біз үкіметті қолдай отырып, басқа құрылыс салушыларға үлгі болып отырмыз деп ойлаймын», — деді ол.

Өз кезегінде Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун 2016 жылы баспана бағасы көтеріле ме деген сұраққа аздаған өзгерістің болатынын айтып жауап  берді.

«Қазіргі кезде мемлекеттік бағдарлама аясында салынған нысандардың бағасы бұрынғыша қалды. Ескі үйлер мен апаттық үйлерге қатысты сынамалы жобалардың аясында салынған нысандардың да бағасы өзгерген жоқ. Ары қарай нарық шешеді. Аздаған өзгеріс болуы мүмкін, дегенмен баспана бағасы кенеттен көтеріліп кетеді деп ойламаймын», — деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан биыл 20 тамызда теңгенің еркін ауытқу бағамына өтті.

Алматы облысы қант қызылшасын жинаудан рекордтық көрсеткіштерге жетті

Алматы облысы қант қызылшасын жинаудан рекордтық көрсеткіштерге жеттіАлматы облысында қант қызылшасын жинау науқаны өтуде. Ал 28 қыркүйектен бастап қант зауыты қант қызылшасын қабылдай бастады. Биылғы жылы Жетісу қызылшашыларының мақсаты 12 000 тонна қант өндіру болып отыр.

Алматы облысының қант қызылшасын өсіруші шаруалары биыл осы өнімнің егілген әр гектарынан 700 -750 центнерден өнім жинап, рекордтық көрсеткішке жетіп жатқандығын айтқан Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Бекбосынов:

— Елбасының берген тапсырмасына сәйкес және мемлекеттік қолдаудың арқасында, жасалып жатқан шаралар нәтижесінде биыл Алматы облысында 4 000 га жерге қант қызылшасы себілді. Былтыр ол 1200 га болатын. Сонымен қатар, осы қант қызылшасын өңдейтін зауыттарды қаржыландыру шаралары шешілді. Қазір зауыттардың қант қызылшасын қабылдау 6000 теңгеден 14 500 теңгеге дейін көтерілді. Бізде қант қызылшасы Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратал және Ескелді аудандарына егілген болатын. Бүгінгі күні қант зауыты 2800 тоннадай қант қызылшасын қабылдап алды, — деді.

Алматы облысы қант қызылшасын жинаудан рекордтық көрсеткіштерге жетті

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысына жасаған іс сапары кезінде аймаққа қант қызылшасы бойынша бұрынғы атағын қайтару тапсырмасы қойылған болатын. Осы мақсатта өңір басшылығы сәйкесінше жұмыстар жүргізіп,  қант қызылшасын өсіретін шаруаларға 240 млн теңге мемлекеттік субсидия бөліп, арнайы техника, сапалы тұқым, жанар жағармай сатып алуларына жағдай жасаған болатын. Бүгінгі күні есіл еңбек еш кетпей, облыс оның нәтижесін көріп отыр.

Алматы облысы қант қызылшасын жинаудан рекордтық көрсеткіштерге жетті

ФОТО: Асқар ҚҰРАНБЕК

Оңтүстіктегі «Байдың балалары»!

001

Нұрым Досболов, «Байдың балалары» КТК капитаны:

— Команданың атауын не үшін «Байдың балалары» деп қойғансыңдар?

— Кез келген команданың атауына байланысты стилі, ұстанып отырған бағыты болады. Біз команданың атауының өзінде ерекшелік болуын ескердік. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің статусы мен команданың да статусын жоғары көтерейік деген мақсатта жеке өзім солай қойдым. «Кеменің басы қалай болса, аяғы да солай болады» дейді ғой, өзіміздің рухани әрі мәдени бай екенімізді көрсеткіміз келді.

Жалпы, 2008 жылдан бастап қазақша «КТК»-ға қатыса бастадым. Ол кезде әлі «Жайдарман» деп аталмайтын.  КТК-да орталық лига, республикалық лига деген болады. 2008-2009 жылдары орталық лигадан екі рет екінші орын алдық. 2010 жылы орталық лиганың 1 орнын иелендік. «Жайдарманда» арнайы бір лигадан ұтып, одан  жоғары лиғаға өтесің. 2011 жылы біз премьер лиганың чемпионы атандық. 2010-2011 жылдары Шымкент қаласының сол кездегі әкімі Арман Жетпісбаевтың тағайындаған кубогының  қатарынан екі жыл жеңімпазы болдық. 2012 жылы «Б» корпусы» командасы жоғары лиганың жартылай финалына өтті. Сол жерде осы команданың карьерасы бітті. Одан кейін 2013 жылы оқуды бітіріп ОҚМУ-ге жұмысқа тұрғаннан кейін «Байдың балалары» деген команда құрдық. Премьер лига ойындарының 2014-2015 жылдары жартылай финалисі болып келе жатырмыз. Қалай дегенмен де, жас командамыз. Алда әлі талай жетістіктерге жетеміз деген ойдамын.

— Командаға жігіттер жинауда көбіне неге көңіл бөлесің? «Жайдарманшының» бойында қандай қасиеттер болуы керек?

— Ең бірінші тәртіп болу керек. Кез келген адамды қазбалап, кішкене қозғау салсаң өн бойындағы жасырынып жатқан өнері шығады. Бірақ,  тәртіп болмай ешнәрсе болмайды. Бір-біріне деген сыйластық, командаға деген жанашырлық, одан кейін әрине білім мен ізденіс қажет. Ойлауы мүмкін, жайдарманшыларды секең-секең етіп жүреді, жеңіл әзілге құмар деп. Олай ойласа қатты қателеседі. Бізде газет оқимыз, жаңалықтар қараймыз. Қоғамда не мәселе өзекті болып жатыр, біліп жүруге тырысамыз. Одан бөлек, командаға өмірге жайдары, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін, мұңаймайтын, дайындық барысында өзін  көрсете алатын ойыншыларды аламыз. Қысқасы, ойыншының бойында ең бірінші тәртіп, білім, ізденіс болуы қажет.

— Жалпы, Оңтүстік өнерпаздар мен әзілге бай өлке. Облыста КТК командаларының көп болғаны дұрыс па?  

— Негізі қазақша «КВН»-нің темірқазығын қаққан ол — осы Шымкент. Қазақша «КВН» деген нәрсенің бастауын 1999-2000 жылдары  Оңтүстік өлкесінің тумалары бастаған. Қазір «Жайдарманның» 10-15 жылдық тарихы қалыптасты. Оның басында Есен Елеукен, Сейітжан Асилов «Нысана» театрының әртістері Дәнекер Оразбай секілді ағаларымыз тұр. Көбісі ойлауы мүмкін, батыстар мықты болып кетті, Шымкенттің «жайдарманшылары» әлсіреп кетті деп. Жоқ, қателеседі. Ол бір кезең ғой. Мысалы, бір кездері қызанақтың дәуірі болса, бірде қарбыздың дәуірі болатын кез. Шымкенттің «квнщиктері» ешуақытта нашар болмаған. Өзіңіз айтқандай, Оңтүстік — өнер ордасы. Іргетасымыз мықты болғандықтан сол бағытты ұстанып келе жатырмыз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ал, командалардың саны көп болсын, аз болсын дегенге келетін болсақ, саны бар сапасы жоқтан гөрі сапалы болған дұрыс. Әрине, Шымкентте жоғары лигада ойнап, жетістіктерімен көзге түсіп жүрген командалар бар. Жалпы, Оңтүстік жақсы өнер көрсетіп келеді.

— Көрермендерді өне бойы қызықты әзілдермен күлдіру оңай емес. Тапқыр, ұтымды әзілдерді қайдан аласыңдар, кімдермен ақылдасасыңдар?

— «КВН»-де ойнап жүргеніме 7-8 жыл болып қалды. Ешкімнен сұрап алмаймыз, жазып та бермейді. Басқа командадан көмектесетін, сырласатын жігіттер бар. Арнайы авторлармен жұмыс істейтін, соның ұсынған дүниесін қоятын театрлар бар. Ал «Жайдарманда» әркім әзілді өзі жазады. Оны қоғамнан, өмірден аламыз. Не мәселе өзекті болып жатыр, соны барынша астарлап жеткізуге тырысамыз. Бір-біріміздің ортамызға тастаймыз. Лига жақындаған кезде мәжіліс залына, бір-біріміздің үйімізге қонып дайындалатын кездеріміз болады.

— Команданы қаражат жағынан қолдау қалай?

— М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Жұмахан Мырхалықовқа алғысымыз шексіз. Ол кісі командамызға әрдайым демеушілік жасап өсуімізге, телеарнаға шығуымызға үлкен қолдау білдіріп келеді. Құдайға шүкір, барлық жарыстарға қатысар кезде жол шығынымызды универсиет қаржыландырып отыр.

— Студент жастардың басын  қазір «Жайдарман» сияқты қызықты жарыстар топтастырып тұр. Жалпы, қазақ жастарына «КТК» не береді?

— Мен өзім де жаспын. Жеке өзімді айтар болсам, «Жайдарман» өмірімді көп өзгертті. Көп нәрсені үйрендік, эфирге шығып жатырмыз. Еліміздің басқа өңірлерінен қаншама достар таптық. Былайша айтқанда,  үлкен мектеп. «Жайдарман» болмаса өмірім мұндай болмас па еді деп те ойлаймын. «Жайдарман» арқылы бір-бірімен отбасын құрып, дос тауып, тіпті осы арқылы театр құрып танылып жатқандар да бар. Кейбір студенттер шылым шегіп, сыра ішіп, уақытын құр босқа өткізіп жатады. Ал, «Жайдарман» — студенттік шақта таптырмайтын ең күшті ойын.

— Біздің кезімізде қазіргі смартфон, айфон сияқты технологиялық жетістіктер жоқ болатын. Ғаламтордың өзі қолжетімді емес еді. Ал қазіргі жастарға қандай проблема өзекті болып тұр?

— 2008 жылы оқуға түскен біздің кезімізде де ұялы байланыстың түр-түрі енді шығып келе жатты. Керісінше, ұялы байланыссыз қалған күшті еді. Сіздер хатты құстың қанаты арқылы жіберіп жүрген шығарсыздар (әзілдеді). Қазіргі жастардың бас ауруы «әлеуметтік желілерде неге мен аз лайк жинаймын?» деу ғана. Бары сол. Студенттер сабағын оқып, әке-шешесінің айтқанын тыңдап, бір-бірімен дұрыс жүрсе басқа ешқандай мәселе жоқ деп ойлаймын.

— Қай облыстың КТК командаларын мықты қарсылас деп есептейсіңдер?

— Ешқандай команданы қарсылас деп қарамаймыз және ешқандай команданы әлсіз деп қабылдамаймыз. Өзіміздің ұстанымымыз солай. Біздің жетекшіміз марқұм Зұлыпхар Баймұрза деген кісі бізді қайсар, жігерлі болуға үйретті. Айтады ғой, «қарсыласыңды мықты деп те таныма, нашар деп те таныма». Біздің қарсыласымыз — өзіміз. Өзіміз жақсы болсақ, барлығын жеңеміз. Өзіңіз айтпақшы, қазір ғаламтор қолжетімді болғандықтан барлық өңірдің командалары көп ізденеді. Бірақ, біз ешкімнен қорықпаймыз.

Әңгімелескен: Жансая СЫДЫҚБАЙ

 

Алматы облысында Еңбек күні аталып өтті (ФОТО)

0

Алматы облысында Еңбек күні аталып өтті

Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Еңбек күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Еңбеккерлерді «Еңбек күні» мерекесімен құттықтап, бұл күн халық пен мемлекет игілігіне еңбегін сіңіріп жүрген азаматтарға үлкен алғыс, сый-құрмет көрсетудің мүмкіндігі екендігін ерекше айтып өткен өңір басшысы:

— Айналамыздағы бізді қоршағанның барлығы – күнделікті, кей кездері көзге көрінбейтін, бірақта маңызды жұмыстардың нәтижесі. Біздің қазіргі қол жеткізген жетістіктеріміз – баспалдақ іспетті. Оның әрбір баспалдағы құрылысшы, ұстаз, дәрігер, ғалым, аспазшы, сақшы, егінші, қарапайым жұмысшының еңбегімен, оның маңдай терімен құралатындай. Бұрын еңбек адамдары елге танылып, олардың атқарған істері әділ де айқын көрсетілетін. Елімізге барлық ақпарат құралдары арқылы насихатталып, мадақталатын. Еңбек майталмандарының табысы ел қазынасына қомақты қаржы болып құйылатын. Ал Социалистік Еңбек Ері атағын өмір жолында еңбекпен із қалдырған, ерлікпен үлгі танытқандар ғана ала алатын. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Нұрмолда Алдабергеновтің, Николай Головацкийдің, Социалистік Еңбек Ерлері Зылиха Тамшыбаеваның, Мәриям Аябаеваның, Жолсейіт Молдасановтың, Цой Фир-Мудың есімдері – мәңгі ел есінде. Социалистік Еңбек Ерлері Битай Тәтенова, Зәкария Сейітова, Мәмила Әлімбаева, атақты жүгерішілер Адаләт Зайнаудинова мен Күләш Айтжанова тәрізді аналық борышы мен еңбектің тізгінін тең ұстаған өнегелі жандардың есімдері – айрықша ілтипатқа ие. Еңбек майданын қыздырған «екінші тың» ардагерлері Төлеген Құлахметов, Ыдырыс Абдықұлов, механизатор Иван Астапов, құрылысшы Евгений Обидин және тағы басқалары бар. Бір ғана ауылдан, қазіргі Нұрмолда атамыздың ауылынан 21 Социалистік Еңбек Ерінің шығуы – Жетісудың мақтанышы. Аға ұрпақ өкілдері өткен заманның ауыр кезеңінде қиындыққа төзе жүріп, егін мен мал шаруашылығы саласында толағай табыстарға жетті, аттары әлемге танылды. Бұл кісілерді сөз етіп отырудың өзі – бүгінгі еңбек жасап, егін егіп, мал бағып, құрылыс жүргізіп, жер байлығын ел бақытына айналдырып жатқандар үшін ерекше ғанибет,- деді.​​

Қазіргі уақытта еңбек адамдарын дәріптеу, олардың атқарған істеріне сай тиісті бағалау жағы аздау секілді көрінетіндігіне тоқталған ол:
— Сондықтан да, бүгінгі мерекеге жері көркем, ырысты өлке Жетісудан шыққан Еңбек ерлерін, еңбек ардагерлерінің бір тобын шақырдық, — деп бүгінгі күннің еңбек ерлері Күләш Айтжанова, Евгений Обидин, Ыдырыс Әбдіқұлов, Бесетай Дәуренбеков, Тоқтарбай Қанапиянов, Алмахан Кенжебековаларға барша Жетісу жұртшылығы атынан шапан жауып, камзол кигізіп, сый-сияпат жасады.

Артынша ол ерен еңбегі еленген, ел құрметіне бөленген Алматы облысының азаматтарын арнайы марапаттап, оның ішінде Валентина Трондина мен Сейсенбек Іңкәрбековке Еңбек күніне орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін тапсырды.

Сонымен қатар, мерекелік шара аясында Еңбек күніне арналған көрме қойылып, облыстың өсіп-өркендеуіне ерекше еңбегін сіңірген азаматтардың еңбек жолын баяндайтын бейнефильмдер мен сахналық қойылымдар көрсетілді. Салтанатты жиын Сүйінбай атындағы облыстық филармония ұжымының мерекелік концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Айта кетейік, ҚР Президентінің 2013 жылғы №698 Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып белгіленген болатын. Бүгінгі күні Елбасының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеясы шеңберінде жалпыұлттың еңбекке деген ынта жігерін арттыру мақсатындағы мемлекет басшысының тапсырмасы еліміздің түкпір-түкпірінде жоспарлы түрде атқарылуда.

ФОТО: Асқар ҚҰРАНБЕК

Астана — Галатасарай 2:2

Астана - Галатасарай 2:2

Астана — Галатасарай 2:2 (0:1)
Голдар: Билал Кыса 31 (0:1), Хакан Балта автогол 77 (1:1), Эрич автогол 86 (1:2), Каньяс 89 (2:2)
Ескертулер: Сельчук Инан 41, Синан Гүмүш 90
«Астана»: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Жуков (Щеткин 89), Кетевоама (Мужиков 82), Каньяс, Джолчиев (Нөсербаев 78), Кабананга
«Галатасарай»: Муслера, Хакан Балта, Кароль, Семих Кая, Денайер, Билал Кыса (Синан Гюмюс 81), Ясин Өзтекин (Сабри Сарыоғлу 90), Сельчук Инан, Снейдер, Умут Булут, Подольски (Хосе Родригес 68)
Бас төреші: Мартин Стрембергссон (Швеция)