Домой Блог Страница 16

Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аяқталуда

«Хан Шатыр» сауда орталығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы шеңберінде мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуымен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» флешмобы өтті. Еріктілер балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен дискриминация мәселелері бойынша кітапшалар таратты. Адамдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларымен таныстырылды. Заңгерлер мен психологтар азаматтарға отбасын сақтау жөнінде кеңестер берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» акциясы қарашаның 25-інен желтоқсанның 10-ына дейінгі аралықта өтуде. Шараны Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметі, ҮЕҰ ұйымдастырған. 16 күн бойы барынша көп адамды қамту үшін мектептерде, жоғары оқу орындарында акциялар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, дәрістер оқылды.

«Бұл бастама мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ҮЕҰ мен қоғамның назарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне аударуға бағытталған. Осы уақытта 500 азаматты қабылдап, сенім телефоны арқылы 370 кеңес бердік»,- дейді Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Жыл басынан бері Астанада отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңға қайшы әрекеттері үшін 600-ден аса құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4500-ден аса қорғау ұйғарымы шығарылған.

«Тәуелсіздік – тірегім!» облыстық форумы өтті

dcdb41f4a2aa352d3f2177a3256f207cТәуелсіздіктің 25 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Тәуелсіздік – тірегім!» атты облыстық форум өтті.

Жиналған қауымды облыс әкімі А. Баталов құттықтады. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы желтоқсандықтардың үлесі туралы айта келе, облыс басшысы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды тапсыру салтанатын атқарды.

Сонымен қатар жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, «Жетісулық желтоқсандықтар» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ермұхан Жүнісхан, Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы Елдар Сапаров және Тәуелсіздік құрдастары да құттықтау тілектерін білдіріп, ойларын ортаға салды.

Шара соңында концерттік бағдарлама ұсынылды.

Үш жылдың бюджеті белгіленді

mttdthutАлматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен VI шақырылған облыстық мәслихаттың XI кезекті сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде облыстың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы мәселе қаралды.

Сессияда белгілі болғанындай, облыстың 2017 жылға арналған даму бюджеті 51,3 млрд. теңге сомасында анықталды. Ал үш жылға арналған жалпы сипаттағы транферттер туралы қабылданған заңда Алматы облысы бойынша 2017 жылға субвенциялар көлемі 149,3 млрд. теңге көлемінде белгіленгенін де айта кету керек.

2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасына депутаттар бірауыздан қолдау білдірді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов:

— Жалпы бюджет облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағдарланған және барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағытталған. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатының жақсаруына әсер етеді, — деді.

Сонымен қатар облыстың барлық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салуды, бюджеттік қаражаттың уақытылы және сапалы пайдаланылуын қатаң бақылауға алып, қамтамасыз етуді тапсырды.

«Kazakhstan Forbes» журналының тізіміне енген 30-ға жуық бизнесмендер Шымкентте бас қосты

forbes2Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде «Kazakhstan Forbes» журналының тізіміне енген 30-ға жуық бизнесмендер мен өңіріміздегі ірі кәсіпкерлер бас қосты. Бизнес конференцияға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев инвестициялық мүмкіндіктері мен туризм индустриясының жетістіктерін атап өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Отандық өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтқан әкім кәсіпкерлер үшін инфрақұрылымы дайын тегін жер беріліп, онда коммуналдық тарифтері төмен және салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол банктік несиенің пайыздық сыйақысын субсидиялау, банкке мемлекеттік кепілдік беру сияқты мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды. 

Мәселен, облыста индустриялды-инновациялық жобаларды іске асыру мақсатында жалпы аумағы 959 гектар құрайтын 11 индустриалдық аймақ құрылған. Бүгінде бұл өндірістік алаңшаларда 160-тан астам жоба орналастырылса, оның 56-сы жұмыс жасауда. Ал өңірде соңғы 6 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің түрлі салаларында 145 кәсіпорын іске қосылып, 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бизнесмендердің бас қосуында көне Түркістан қалашығын жаңғырту бойынша эскиздік жоба мен Қ.А.Яссауи кесенесінің аумағын абаттандыру жобасы. Сонымен қатар, өңірімізді көркейтудегі жобалардың қатарына «Сарыағаш» курорты аумағын кеңейтіп, халықаралық деңгейге көтеру,  Шардарада жағажай туризмін дамыту мақсатында Шардара су қоймасы аумағында демалыс аймақтарын орналастыру жобасы, облыс аумағында тау-шаңғы туризмін дамытуға бағытталған халықаралық стандарттарға сай «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенін іске асыру, өндірістік жылыжайларды көбейту, Шымкент қаласын дамыту сынды жобалар  кәсіпкерлер назарына ұсынылды.

Елбасының Шымкент қаласын республикадағы үшінші мегаполиске айналдыру бойынша тапсырмасына орай, облыс орталығы инвесторларға арналған үлкен алаңға айналуы тиіс. Осы орайда, облысқа инвестиция тарту мақсатында бағытталған шараға «Kazakhstan Forbes» журналының тізіміне енген 30-ға жуық ірі кәсіпкерлер келді.

Жиында TS Development компаниясының президенті және «Dostyk PLAZA», «Shymkent PLAZA» жобаларының иесі С.Төлбасов Шымкент қаласындағы ең ірі сауда орталықтарының бірі болып  табылатын «Shymkent PLAZA» жобасына 16 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйғанын айтып,  бүгінгі  ашылуына шақырды.

Түркістанда 264 отбасыға пәтер кілті табысталды

15327328_1148699628579708_7389206149149073723_nТүркістан қаласында еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесіне тарту ретінде халық игілігіне жаңадан 264 пәтерлі 9 қабатты екі және 5 қабатты екі тұрғын үй тапсырылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңадан бой көтерген «Отырар» шағын ауданындағы қоныс тойға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, түркістандықтарды Егемендігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, тұрғындарға пәтер кілтін табыстады.

«Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында түркі дүниесінің орталығы саналатын көне Түркістанда бірқатар жұмыстар атқарылуда.  Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, кезекте тұрған көптеген азаматтар баспаналы болары сөзсіз. Дәл қазірдің өзінде осы шағын ауданда 8 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.  Келешекте жаңа ауданда мемлекет есебінен 100 көпқабатты үй және әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр. Бұл ширек ғасырда Елбасының көрегенді саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктің бір парасы ғана», — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, аталған шағын аудандағы 5 қабатты қос үйдің құрылысы облыс бюджеті есебінен жүргізілсе, 9 қабатты екі үй «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ның есебінен салынған. Сонымен бірге, жаңадан бой көтерген тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысына 586,6 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілген.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында тұрғын үй алу үшін 4232 азамат өтініш білдірген. Олардың ішінде 3019 әлсіз топтағы, 203 жетім балалар болса, 1010 мемлекет қызметкері мен 10-нын үйі апатты жағдайдағы азаматтар құрайды.

Қазандықтар Шымкентке шырша көшеттерін тарту етті

4c4ba1c4-0262-4652-af1e-ec94408a0b22Оңтүстік Қазақстан облысына Татарстан Республикасының астанасы – Қазан қаласынан айрықша сый жетті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Шымкент қаласын жасыл қалаға айналдыру идеясы туралы арнайы сюжетті республикалық «Хабар» телеарнасынан көрген аймақ басшысының Қазан шаһарындағы достары игі іске үлес қосып, тамшыдай көмек ретінде көгілдір шырша ағашы көшетінің 120 данасын сыйға тартты.
Биіктігі 4-5 метр болатын жас шырша көшеттері, негізінен, әкімшілік-іскерлік орталығының маңына, атап айтқанда, әкімдік пен «Түркістан» салтанат сарайы, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық драма театрының айналасына егілді.
Қылқанжапырақты өсімдіктердің ең әдемісі болып табылатын көгілдір шырша ағашының отаны Солтүстік Америка болып саналады. Десе де, аталған жасыл желек түрі әлемнің басқа да елдерінде өсе алады.

Отырарда жаңа балабақша ашылды

20161210092854Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Ұлы Даланың 25 жұлдызды күні — Білім» акциясы аясында Отырар ауданының Арыс ауылында «Бибі — Ажар» балабақшасы ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде ашылған балабақшаның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары «Ел боламын десең — бесігіңді түзе» деп, ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай отанын сүюге, ата-анасын сыйлауға, өз елін қадірлеуге баланы кішкентай кезінен бастап баулу керек.

Бүлдіршіндердің тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлетін болсақ, болашақта білім мен тәрбие егіз болып, елдің болашағын көркейтетін азаматтар өсіп шығады. Бүгінгі күні «Балапан» бағдарламасымен ауданымызда 20 мемлекеттік, 5 жекеменшік балабақшалар өз жұмыстарын жасауда. Бүгінгі балабақшаның ашылуы және қуаныштарыңыз құтты болсын!» деді. Балабақшаның ашылу сәтінде ауыл ақсақалдары мен аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш салтанатты түрде лентасын қиса, Мырзахмет Темірбеков ақ батасын берді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен қолға алынға «Балапан» бағдарламасы аясында жұмысын бастаған балабақшада 2 топта 50 бүлдіршін тәрбиеленеді.

Астанада «Парыз» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

cАстанада Мемлекет басшысының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Ағымдағы жылы Конкурсқа қатысу үшін Астана қаласының  18 кәсіпкерлік субъектісінен өтінім ұсынылды, оның ішінде мына номинациялар бойынша: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» — 6, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» — 4, «Үздік ұжымдық шарт» — 5, «Экологияға қосқан үлесі үшін» — 3.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия шешіміне сәйкес, Конкурсқа қатысқан елордамыздың кәсіпкерлері ішінен «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «BI HoIding» ЖШС 1-орын, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Amitech Astana ЖШС 3-орын алды.

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің ашылуы өтті

2-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beШымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігінің таныстырылымы өтті.

Кездесуге облыс әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері, жергілікті сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов кіріспе сөз сөйлеп, институт өкілдігінің республика бойынша алғашқы болып өңірімізде ашылу маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Карин аймақтық  өкілдіктің ашылуы өңірлік зерттеулерді жүргізуге, әдіснамалық және әдістемелік көмек көрсетуге, жергілікті сарапшылар қауымдыстығымен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні туралы айтып өтті.

Аталған жиында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері А.Жолдыбалина, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Саясаттану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі С.Мәжінбеков баяндама жасады.

Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты мен қоғамдық-саяси ахуал және оның даму үрдісін талдау мен болжау жөнінде баяндамашыларға сұрақтар қойып, сарапшылар және жоғары оқу орындарының оқытушылары пікірлерін ортаға салды.

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілі болып Б.Орманов тағайындалды.

Кездесуді облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов қорытындылады.

Шымкентте ең үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды

whatsapp-image-2016-12-09-at-18-20-54Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте  қаладағы ең ірі  сауда және ойын-сауық орталығы болып табылатын «ShymkentPlaza» кешенінің ашылу салтанаты өтті. Заманауи үлгіде бой көтерген кешеннің  ашылу рəсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал бірқатар азаматтар жəне өңіріміздің кəсіпкерлері қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкенттіктердің қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы Ж.Түймебаев барша тұрғындарды Тəуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойымен құттықтады.

«Бұл орталықтың ашылуы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында үлкен оқиғаға баланып отыр. Мұны Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін жерлесіміз кәсіпкер Серік Төлбасов мырзаның керемет сыйы деп айтуға болады. Осындай ғимараттар көп бола берсе, қаламыздың сәні кіріп, әрлене түседі. Халқымыздың демалатын орны молая береді. Бұл да болса Елбасымыздың кәсіпкерлікке жасаған қамқорлығының арқасында іске асып отырған дүние», — деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Аталған  орталықтың құрылысына  жеке инвестиция жұмсалған.  Халықаралық деңгейдегі ерекше орталықта 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

Жалпы аумағы 48 мың 400 шаршы метрді құрайтын сауда ойын-сауық орталығы Шымкент қаласындағы ең ірі сауда орталықтарының біріне айналып отыр. Жобаның құрылысы әлемдік деңгейдегі ірі сауда орталықтарының жобалық авторлары болған әйгілі ұлыбританиялық – Benoy архитектуралық компаниясының әзірлеуімен іске асырылғанын да айта кеткен жөн.

Енді мұнда «Chopette», «Orchestra»,  «New Yorker»,   «Lichi» сынды әлемдік брендтердің өнімдері саудаланады. Сондай-ақ орталыққа келушілер  әйгілі «KFC» және «Hardees» тамақ өндірушілерінің өнімдерін тұтынатын болады.