Домой Блог Страница 7

Алты мың тонна қар шығарылды

Ақтөбеде екі айда 6 мың тонна қар шығарылды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлап отыр.

Ақтөбе қаласында көшелердің, бұру жолдар мен қиылыстардың мұзын ойып, қарын аршу үшін 14 мердігер мекеме жұмыс істеп жатыр. 200-ден астам арнайы көліктер күні — түні қарды қала сыртындағы полигонға жеткізуде.
Арнайы техникалар интертті материалдарды көктайғақ болмас үшін көшеге себеді. «60 тоннадан астам тұз, 50 тоннадан астам құм осы күні дайын», — дейді мамандар.
Ақтөбеде құрылған 29 басқарушы компания бар. Олар үйлердің аулаларын ғана емес, үйлерге жақын аумақтарды да қардан тазалауды міндеттеріне алған. Компанияларда 300 адам жұмыс жасайды. Олар белгіленген кесте бойынша, көлік нөпірі аз кезде, түнде немесе таңғы мезгілде көше тазалап жүр.
Соңғы күндері үзіліссіз жауған қар тау болып үйілді. Әсіресе, қаланың жеке секторындағы көшелер көміліп қалып жатыр. Мамандардың айтуынша, қазір тек қала жолдарындағы қардың қалыңдығы 10-15 сантиметрден асқан.

Ақтөбе облысының жолдарында 49 жылыту пункті ашылды

0e4d9c599e6298ca9dec5cec33fЖергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қыс айларында күтіп ұстау жұмыстары облыстық әкімдікте өткен кеңесте талқыланды. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығы хабарлайды.

Өңірге қарасты автожолдардың жалпы ұзындығы 6 983,9 шақырым.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиевтің айтуынша, 5090,7 шақырымға созылған жергілікті автожолдарды қыста күтіп ұстау үшін 305,7 млн. теңге бөлінген. Оларды тазалаумен 201 техникасы бар 31 кәсіпорын айналысады. Бүгінгі таңда көктайғаққа қарсы қолданылатын 2 424,5 тонна инерттік материалдар қоры жасақталды, 322,3 тонна дизельдік отын қоры дайын. Сондай-ақ, мердігер ұйымдар жол бойында қар ұстау шараларын жасауда. Алыс жолдарда автокөлік жүргізушілерінің және жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін боран-шашыннан қорғануға арналған 49 жылыту пункті дайын.
«Қазавтожол» мекемесінің облыстық филиалы Ақтөбе облысының аумағына кіретін 1 893,8 шақырым республкалық жолдар үшін жауапты. Олардың міндетіне кірген жолдардың күтіміне 457,6 млн. теңге қаражат бөлінген. Жыл соңына дейін автопарк қар тазалайтын 13 арнайы техникамен толығады. Боран күндері алыс жолдарда көлік кептелісін болдырмас үшін, жүк көліктері үшін Самара-Шымкент автожолында 3 тұрақ алаңы жасақталған. Күн райы ашылғанға дейін борандарда көлік жүргізушілері сол алаңдарда тұрақтай алады.
Кеңес қорытындысы бойынша, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жауапты мекемелер басшыларына және мердігер компаниялар басшыларына жолдарды күтіп ұстау, қардан тазалау жұүмыстарын күшейтуді тапсырды.
— Қыс енді басталды. Біз облыс аумағындағы автожолдарда көліктердің, жолаушылардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуіміз керек, — деді облыс әкімі.
Ол қыс айларында қар құрсауында қалатын жол бөліктеріне сақ болуды, бақылауды тапсырды. Қыста жолдардың қардан аршылуына, арнайы техникалардың жұмыс істеп тұруына жауапты мердігерлерге бақылау күшейтіледі.

«Ақтөбе» футбол орталығының түлектері үлкен футболға қадам басты

«Ақтөбе» футбол орталығы бесінші түлектерін шығарып салды. Үлкен футболға барлығы 18 жастағы 23 түлек қадам басты, деп жазады Ақтөбе жаңалықтары.

2012 жылы құрылған орталық осыған дейін 100-ге жуық жас футболшыны тәрбиеледі. Талай футболшыны жасыл алаңда теңбіл доптың шебері етті. Осы орталықта тәлім алған Абат Айымбетов, Дидар Жалмұқандар «Ақтөбе» футбол клубына талай мәрте жеңіс әкелді.
Футбол орталығының тәрбиеленушілері биылғы маусымда ел чемпионатынан Ақтөбеге жеңіс әкелді. Қазан айында Павлодар қаласында өткен ел чемпионатында Әлібек Мәмбетжанов, Данияр Айбекұлы үздік ойын көрсетті. Сондай-ақ, биыл қыркүйек айында Астана қаласында өткен ел чемпионатында Мақсат Құрманғазин үздік қақпашы деп танылды. Ал, Данияр Өмірәлиев үздік шабуылшы атағын жеңіп алды. Салтанатты шарада команда капитандарына кубок табысталды.

Оңтүстікте кəсіпкерлердің 30 пайызын əйелдер құрайды

        forum_2yenlderБүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі бір топ іскер әйелмен  кездесті.  Кездесу барысында өңір басшысы Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалуына тамшыдай болсын үлестерін қосып жүрген ханымдарға алғысын білдірді.

    «Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында қалыпты түрде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 175 мыңды құрайды. Ал  сол кәсіпорындардың 30 пайыздан астамын нәзік жандылар басқаруда. Аталған көрсеткіш бүгінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметімен айналысуға деген белсенділігін көрсетеді», — деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, биыл «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында облысымызда 18 кәсіпкер әйел 39,5 миллион теңге көлемінде грант иеленіпті. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есеге артық көрсеткіш.

     Биылдың өзінде  «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық  орталығы 386 кәсіпкер әйелге 1 млрд. 23 миллион теңге көлемінде несие беріпті.  Сондай-ақ өңіріміздегі  «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының филиалы барлық аудан-қалаларда жұмыс жүргізуде.  Мұнда ісін жаңа бастағалы отырған кәсіпкерлер өз біліктілігін арттырып қана қоймай, бизнесті жүргізудің жаңа тәсілдерін үйрене меңгере  алады. Осы орталықтарда оқыған тыңдаушылардың 40 пайызын әйелдер қауымы құрайды.

     Облыс әкімімен  емен-жарқын әңгіме барысында нәзік жандар өткендеріне көз жүгіртіп, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

     Кездесу соңында өңір басшысы нәзік жандарды жаңа жыл  мерекесімен құттықтап, бірқатар номинациялар бойынша сыйлықтар тапсырды.

Ордабасы ауданына 7 миллиард теңге инвестиция тартылған

     mamytБүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков баспасөз мәслихатын өткізді. Өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып, Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер туралы баяндады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    2016 жылы аудандағы 20 инвестициялық жобаға бюджет есебінен 3 млрд 961 млн.теңге бөлініпті.  Биылдың өзінде өңірге  тартылған инвестиция көлемі 7 млрд. 177 млн. 400 мың теңгені құрап отыр екен.   Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 515 млн. 100 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2 млрд. 365 млн. 600 мың теңге, меншікті қаражат есебінен 2 млрд. 353 млн. 100 мың теңге, басқада қарыз қаражаттар есебінен 837 млн. 200 мың теңге.

     Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауылшаруашылығы. 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылық саласында 26 млрд. 870 млн. 900 теңгенің өнімі өндіріліпті. Сондай-ақ  31 мың  130 гектар  суармалы жер игерілген.

   Жыл басынан бері ауданда 7,18 гектар жылыжай салынып, 688 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізіліпті.

  «Сыбаға» бағдарламасымен  1388 ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 4413 қой,  «Құлан» бағдарламасы бойынша 741 асыл тұқымды жылқы сатып алыныпты.  2016 жылы ауданда 17 мың 195 тонна мал мен құс еті өндірілсе, сүттің көлемі  32 мың 441 тоннаға жеткен.

    Ордабасы ауданында соңғы 16 жылда ірі қара мал басы да артып отыр екен.  Ірі қара мал басы  20 мың  700-ден  55 мың 340-қа, уақ мал 78 900-ден 295 мың 237-ге,  жылқы саны 4 мың 900-ден 19 мың 162-ге, түйе саны 100-ден 494-ке көбейген. Құстардың саны  199 772-ден  612 320-ға артыпты. Жалпы биыл ауданда   5 833 000 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліпті.

    Аудан әкімі жергілікті бюджеттің жалпы кірісі  381 млн. 264 мың теңгені құрағанын тілге тиек етті. Сондай-ақ жұмыссыздардың саны 2600-ге азайған.

Бүгінде Ордабасы ауданында  шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын    9538 кәсіпорын жұмыс істейді екен. Мұнда 20 мың 657 адам жұмыспен қамтылыпты.   2016 жылдың қаңтар-қазан айында шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 37 млрд. 938 млн. 300 мың теңгеге жетіп отыр.  Одан түскен салық көлемі 569 млн. 100 мың теңгені құрапты.

    Баспасөз мәслихаты барысында аудан басшысы журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да жан-жақты жауап берді.

Шымкентте 96 отбасыға пәтер кілті табысталды

    kilt_tapsyruБүгін жаңа жыл қарсаңында Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінде 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.  Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, 96 отбасыға  пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

   7 қабатты қос зәулім тұрғын үйдің құрылысын  «Отау Строй» компаниясы жүргізген. Негізгі тапсырыс беруші —  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы.

  «Жаңа жыл қарсаңында қоныстанғалы отырған баспаналарыңыз құтты болсын. Бұл үйлерді мемлекет сіздерге делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсынып отыр. Ұзақ мерзімді жалға беріліп отырған баспаналардың  сатып алу құны да арзан. Мемлекеттің осындай ігі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

    Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды.  Сондай-ақ, жаңа қонысқа қол жеткізгендердің арасында жетім балалар мен оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер мен  бюджеттік мекеме қызметкерлері де  бар. Мұндағы тұрғын үйлердің әр шаршы метрі үшін жылдық төлем 900 теңгеден аспайды. 20 жыл мерзім аяқталғанда пәтерлер азаматтардың меншігіне айналады.

    Жалпы, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» іске аса бастағаннан-ақ «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» Шымкент қаласында 2541 пәтерді  сатып алған.

Шымкентте жаңа жылдық шырша шамы жағылды

shyrshaКеше Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов арнайы қатысып, барша қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Оңтүстік Қазақстан облысы жаңа жылға жаңа табыстармен келіп отыр. Күні кеше ғана ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Ширек ғасырлық жемісті жұмыстарға оңтүстікқазақстан халқының да қосып отырған үлесі орасан», — деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Қала тұрғындары  енді жаңа жылды қарсы алуға қамданып-ақ кетті. Әл-Фараби алаңында өткен іс-шараға 400-ге жуық өнерпаз қатысып, арнайы шеру ұйымдастырды. 200-ге тарта Аяз ата мен қарша қыз ертегі кейіпкерлерінен көрініс қойды.
Қала әкімдігі тарапынан Жаңа жылдық көріктендіру жұмыстары кезінде шаһардың 3 нүктесінде Жаңа жылдық шырша шамы  жағылды. Олар жеке-жеке Әл-Фараби алаңында, Шәмші аллеясы мен облыстық әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан.

Шымкентте 280 орындық балабақша пайдалануға берілді

balabaksha_0Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Шымкент қаласында «Қос ана» балабақшасы пайдалануға берілді. Жаңа балабақшада 280 бала 12 топта тәрбиеленеді.

— 280 орынды заман талаптарына сай жаңадан пайдалануға берілген «Қос ана» балабақшасының бүлдіршіндерге есігін айқара ашуы барлығымыз үшін үлкен қуаныш. Осындай тәлім-тәрбие үйін салып берген кәсіпкер, меценат Серікжан Сейітжанұлына облыс басшылығының атынан алғысымды білдіремін. Бұл Сіздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына жасаған тартуыңыз деп есептейміз. Үлкен жүрегіңізбен, ата-бабалар ізімен игі істеріңізді жалғастыра беріңіз, – деген облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы балабақша меңгерушісі Ханшайым Құдайбергенқызына ғимарат кілтін  салтанатты түрде табыс етті.

Ал, кәсіпкер С.Серікжанұлы өз кезегінде жыл сайын бір-бір нысанды іске қосып келе жатқанын жеткізді. Ол сегіз айда балабақшаны салып, пайдалануға берген құрылысшыларға алғысын  айтты.

Мұнан соң заман талабына сай жабдықталған балабақшаның еңселі ғимаратын көппен бірге аралап көрген облыс басшысы бүлдіршіндердің өнерін  тамашалады.

«Қос ана» балабақшасында балаларға арналған ойын бөлмесі, балалардың ән шырқап, би билеуіне арналған музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары мен  асханасы бар.

Балалардың бөлмелері таза, әрі ыңғайлы және кең. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері үш тілде яғни  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады. Балабақшаның құрылыс жұмыстарын мердігер «Мұнай құрылыс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.

Әрбір бөлме сол топ балаларының жас ерекшеліктеріне  қарай дайындалған. Сонымен қатар бөбектер ұйықтайтын бөлмелері мен сапалы білім мен саналы тәрбиеленетін бөлмелері жеке дара.

Сондай-ақ бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай ақыл-ойын дамытатын сан алуан ойыншықтар түрімен қамтамасыз етілген.

Алматы облысында үшемді дүниеге әкелген отбасы баспаналы болды

20161221180356Алматы облысында үшемді дүниеге әкелген отбасы баспаналы болды. Жамбыл аудынында Айнұр, Гүлнұр, Балнұр есімді үшемнің ата-анасына үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

«Биыл наурыз айында ауданымыздың тұрғыны үшемді өмірге әкеліп, соны құттықтап барған кезде тұрғын үй мәселесін шешуді уәде еткен болатынбыз. Соны біздің кәсіпкерлеріміз қолдап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында пәтер кілтін тапсырып отырмыз», дейді Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев.

Бұған дейін әр жерде пәтер жалдап күнелткен Әбілешовтар отбасына демеушілер теледидар мен кір жуатын машина сыйлады. Бес қыздың анасы Жанипа Әбілешова жаны жомарт жандарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта еліміздің демографиялық өсуіне өз үлесін қоса беретінін жеткізді.

Алматы облысында жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы бюджет қаржысын жымқырғандар анықталды

20161221180648Алматы облысы Балқаш ауданының прокуратурасы «Жұмыспен қамту картасы — 2020» бағдарламасының орындалуын тексеріп, бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылдау бойынша жалған фактілер келтіріліп, бірқатар олқылықтарға жол берілген, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

«Мәселен, тексеру барысында «Тезекбай» шаруа қожалығына жұмысқа қабылданған Н.Шағылбаев, С.Құсайынов және А.Кемал өздерінің 20 000 теңге жалақы алып жүргендерін көрсеткен. Ал  Жұмыспен қамту орталығы мен шаруа қожалығының арасындағы келісімшарт бойынша жалақы мөлшері 54 000 теңгені құраған. Сондай-ақ, «Айша» шаруа қожалығында құжат жүзінде 3 азамат жұмыспен қамтылғаны көрсетілгенімен, шындығында онда ешкімнің де жұмыс атқармағаны анықталды», — делінген баспасөз баянында.

Осы фактілер бойынша прокурорлар аудан әкімдігіне Жұмыспен қамту орталығы мен шаруа қожалықтары арасындағы еңбек шарттарын бұзу туралы ұсыныс енгізді. Бұдан бөлек, жұмыс берушілерге төленген субсидияларды мемлекет пайдасына қайтару талап етіліп, заң бұзушылықты жою мәселесі де қаралатын болады. Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған фактілер бойынша шешім қабылдау үшін іс материалдары экономикалық тергеу қызметіне жіберілді.