Рио Олимпиадасының тоғызыншы күнінде Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден финалдық сында үздік үштікті қорытындылады. Секірген ең үздік қашықтығы 14 метр 74 см нәтижесімен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Ал алтынды 15 метр 17 см қашықтыққа секірген колумбиялық Катрин Ибаргуэн иеленсе, венесуэлалық Юлимар Рохас 14 метр 98 см нәтижесімен күміс медальға қол жеткізді.
Айта кетерлігі, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Рыпакова 14,98 метрге секіріп, алтыннан алқа таққан болатын. Рио Олимпиадасының тоғыз жарыс күнінің қорытындысы бойынша дзюдошыларымыз Елдос Сметов — күміс, Галбадрах Отгонцецег — қола, ауыр атлетикадан Карина мен Фархад — қола, Жазира Жаппарқұл күміс және Нижат Рахимов — алтын медаль иеленсе, Дмитрий Баландин жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанды. Бүгін бұл тізімге сегізінші болып Ольга Рыпакованың қола жүлдесі қосылды.