Домой Жаңалықтар Қоғам Аграрлық несие корпорациясы Алматы облысындағы сүт-тауарлы фермасын қаржыландырды

Аграрлық несие корпорациясы Алматы облысындағы сүт-тауарлы фермасын қаржыландырды

Аграрлық несие корпорациясы Алматы облысындағы сүт-тауарлы фермасын қаржыландырды

Аграрлық несие корпорациясы Алматы облысындағы сүт-тауарлы фермасын қаржыландырды«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстың Талғар ауданы Арқабай ауылындағы сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға арналған жобаны қаржыландырды.

Корпорацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам — Ұлт жоспарының 60 қадам аясында, корпорация Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай ауылында сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға арналған жобаны қаржыландырған.

Корпорацияның қаржылай қолдауы арқасында 500 млн теңгеден аса несие алған «Байсерке-Агро» ЖШС қолындағы сүт-тауарлы фермасының қуаттылығын 850 бас ірі қара малға дейін арттыруға мүмкіндік алды.

Корпорацияның қолдауы есебінен шаруашылыққа қажет жаңа құрал жабдықтар сатып алынып, құрлыс жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ, сүт-тауарлы фермасы алдағы уақытта тәулігіне 16 тонна сүт сауып, осы арқылы  жылына 5 мың тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты — аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіпкешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустриаландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here