Домой Спорт Рио жаңалықтары Рио 2016: Жайна Шекербекованың алғашқы қарсыласы кім?

Рио 2016: Жайна Шекербекованың алғашқы қарсыласы кім?

0
Рио 2016: Жайна Шекербекованың алғашқы қарсыласы кім?

Рио Олимпиадасында әйелдер арасындағы бокстан 51 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшы Жайна Шекербекованың алғашқы қарсыласы белгілі болды. Ол жарысты 1/4 финалдан бастайын деп отыр. 

Рио 2016: Жайна Шекербекованың алғашқы қарсыласы кім?

Бірінші кездесуін 1/8 финалдық бәсекеде марокколық Зохра Эз-Захрауиды 3:0 есебімен жеңген француздық Сара Урамунға қарсы өткізеді. 34 жастағы Сара өз кезегінде Францияның бірнеше дүркін чемпионы, 2008 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионы, ағымдағы жылдың мамыр айында Астанада өткен ӘЧ-та қола жүлдегер атанған спортшы.

Жайна Шекербекова әйелдер арасындағы бокстан Рио Олимпиадасына қатысатын екінші қызымыз. Бұл салмақта Назым Қызайбайға Рио 2016 жолдамасын алуға мүмкіндік беріліп, бірақ Қытайдың Цяньань қаласында өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліп жолдамадан қағылған еді. Содан кейін бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлері Жайнаға мүмкіндік беруді жөн көрді. Осылайша ол Астанада өткен Әлем чемпионатында сарапқа салынған 12 жолдаманың бірін жартылай финалға шығу арқылы  алған еді. Атап өтсек, Шекербекова ширек финалдық қарсыласы Сара Урамунмен бірге әлем чемпионатының қола жүлдесін бөліскен.

Жайна Шекербекова мен Урамун арасындағы кездесу Астана уақытымен 17 тамыз күні сағат 02:15 шамасында басталады.

Назерке Абибулла

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here