Домой Жаңалықтар Қоғам Астана қаласының МКД мүлікті заңдастыруға қатысуға шақырады

Астана қаласының МКД мүлікті заңдастыруға қатысуға шақырады

Астана қаласының МКД мүлікті заңдастыруға қатысуға шақырады

Астана қаласының МКД мүлікті заңдастыруға қатысуға шақырадыАстана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мүлікті заңдастыру үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатынын еске салады, деп жазады astana.gov.kz. Заңдастыруға ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, басқа адамның атына рәсімделген мүлік және ҚР аумағынан тыс орналасқан мүлік жатады. Ақша қаражатын заңдастыру үшін оларды банк шоттары арқылы көрсетіп, оны өз еркінше жұмсай алады – бизнеске жұмсайды, жылжымайтын мүлік сатып алады және т.б. Бұл жағдайда ақшаның 10 пайызы алым ретінде алынады.

Сонымен қатар, шетелде немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны банк шоттарында көрсетпей, өтініш жазу арқылы жария етуге болады. Бұл ретте бюджетке 10 пайыздық алым төленеді.

Ақша қаражатынан басқа мүлікті жергілікті атқарушы органның жанындағы комиссияға өтініш беру және тиісті құжаттарды беру арқылы заңдастыруға болады. Бұл ретте алым алынбайды.

Мүлікті заңдастырған адам оны тіркеу, соның ішінде құжаттарды дайындау мен жасау бойынша шығындарды көтереді.

Акцияның шарттары мүлікті артық уақыт пен материалдық шығынсыз заңдастыруға мүмкіндік беретіндіктен өте тиімді болып табылады. Атап айтқанда жария ету процедурасы бұрын тіркелмеген мүлікті (ғимарат, құрылыс және т.с.с.) мемлекеттік кірістер органдарына декларациялар беру арқылы жеңілдетілген тәртіпте тіркеуге мүмкіндік береді.

Қазақстаннан тыс орналасқан мүлікті жария ету үшін 10 пайыздық алым алынады.

Заңдастырылған мүлік пен ақша салық алу мақсатында кіріс болып танылмайды, сәйкесінше табыс салығы салынбайды.

Айта кетейік, мүлікті заңдастырумен байланысты кез келген мәліметтер салықтық және бакнтік құпия болып саналады. Ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here