Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Алматы облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Алматы облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

7018957c3228c0233abe068603412863Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылында 600 орынды А. Қарсақбаев атындағы жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқушылар мен мұғалімдерді қуаныштарымен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұған дейінгі ескі мектеп 150 орынды болатын, оған қоса ішкі көші-қонның белсенділігінен бала санының артуына байланысты мектеп үш ауысыммен оқытатын еді. Жаңа ғимараттың салынуы арқылы осы мәселе шешімін тапты.

А. Баталов өз сөзінде мемлекет қолдауының нәтижесінде облыста білім беру саласына ерекше назар аударылып отырғанын, бұл орайда Президенттің «Нұрлы жол» бағдарламасымен жаңа мектептер салынып жатқанын, сондай-ақ білім ғимараттарын жаңғыртып, күрделі жөндеу жүргізуге, материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын жаңартуға, кадрларды қайта даярлаудан өткізуге көп мүмкіндіктер беріліп отырғанын айтты.

 — «Мектеп – білім мен тәрбие беретін алтын ұя» десек, бұл білім шаңырағы — тәуелсіз еліміздің дарынды жастарының алтын бесігі  болар сөзсіз. Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлді. Бұл орайда ұрпаққа сапалы білім беріп, заманға сай, әлемдік бәсекеге қабілетті, талантты жастарды дайындау – ортақ міндетіміз. Бүгін, Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жаңа мектептер қатары тағы бір білім мекемесімен толығып отырғаны — баршамыз үшін қуаныш — деді облыс басшысы.

Сонымен қатар А. Баталов биылғы жылы облыста 9 жаңа мектеп ашылатынын, бұл жаңа мектептердің табалдырығын Еңбекшіқазақ, Іле, Көксу ауданының оқушылары қуанышпен аттайтынын атап өтті. Осы жаңа мектеп балалар үшін білімнің кені, ізденістің ордасы болуына тілектестігін білдірді.

Шара барысында мектептің символикалық кілтін мектеп директоры Серік Тілепбергеновке мердігер компания «Игілік и К» ЖШС директоры К. Игіліков тапсырды.

Мектептің лентасы қиылған соң облыс әкімі бастаған қонақтар мектеп ғимаратын аралап көріп, физика, химия, биология, информатика, лингафонды және мультимедиялық кабинеттердің мүмкіндіктерімен танысты. Спорт және мәжіліс залдарында, асханада да болды.

Жаңа мектеп ғимаратының жалпы алаңы 8486,85 шаршы метр. Мұнда заманауи оқу кабинеттері, шеберханалар, кітапхана, 200 орынға арналған мәжіліс залы, 130 орынды асхана және басқа да оқу процесіне қажетті кабинеттер бар. 2015 жылдың сәуірінде басталған мектептің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасымен облыста 36 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 5 мектептің құрылысы басталмақ. Бұлардың бәрі де апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге ықпал ететін болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here