Домой Жаңалықтар Оңтүстікте аймақтық «Қазақстанның үздік тауары» байқауы өтті

Оңтүстікте аймақтық «Қазақстанның үздік тауары» байқауы өтті

Оңтүстікте аймақтық «Қазақстанның үздік тауары» байқауы өтті

Оңтүстікте аймақтық «Қазақстанның үздік тауары» байқауы өттіОңтүстікте үздік тауар өндірушілер анықталды. Шымкенттің көрме орталығында өткен жәрмеңкеге биыл 150-ге жуық кәсіпорын қатысты. Мұнда жеңіл тамақ өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрылыс, фармацевтика, тоқыма мен қолөнер шеберлерінің туындыларына дейін ұсынылған. Сондай-ақ, жаңадан ісін бастаған кәсіпорындар да жетерлік.

Іс-шара барысында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы ұйымдастырылды. Конкурста тауар таңбалары қолданыстағы ерекшеліктеріне қарай үш номинация бойынша іріктелді. Атап айтқанда «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясын «Азала Текстиль» ЖШС жеңіп алса, «Карлс Крона» компаниясы «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» номинациясы бойынша марапатталды.

Жалпы, конкурс барысында 18 кәсіпорын «Өндірістік мақсаттағы тауарлар» арасында үздік атануға тырысса, 15 серіктестік «Халық тұтынатын үздік тауар» өндіруші номинациясы бойынша көрмеге қатысқан. Ал 20-дан астам қатысушы «Үздік азық-түлік тауары» деп танылуға тырысты.

«Жылдан-жылға конкурстың ауқымы кеңейіп келе жатыр. Өздеріңіз де куә болып отырсыздар. Осындағы әр кәсіпорын соңғы бес жылда индустрияландыру бағыты аясында ашылған кәсіпорындар. Бұл тек біргей жобалар. Міне, екі жыл бойы көп мемлекеттерде, тіпті, біздің де өңірімізде өндірістің көлемі азайып, құлдырып жатқан жайы бар. Дегенмен, біз осындай құбылысқа қарсы тұрып, өндіріс көлемін екі есеге ұлғайтуға тырысамыз», — дейді облыс әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here