Елордалық дәрігерлер халыққа көптеген мемлекетте денсаулық сақтау жүйесінің тиімді модельдерінің бірі ретінде танылған сақтандыру медицинасының артықшылықтары туралы айтуда. Ол азаматтарға медициналық көмектің барынша көп спектрін алуға мүмкіндік береді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Елімізде мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген озық халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Бұл ретте экономикалық белсенді емес адамдарға мемлекет тарапынан салымдар жасалады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер, ал жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін жарналар енгізеді.
Сарапшылардың болжамынша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің нәтижесінде елімізде медициналық көмек көрсету деңгейі айтарлықтай артады, сондай-ақ, дәрігерлердің еңбекақысын өсіру мүмкіндігі туады. Ауруханалар жоғары санаттағы жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер сатып алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру адамдарға тексеруден өтуге және қажет болған жағдайда өз қалтасынан ақша шығармай ем-дом қабылдауға мүмкіндік береді.