Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындардарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева мен 7-орын иегері Гүлбану Әбдіхалықованы Талдықорған қаласының әуежайында жетісулықтар салтанатты жағдайда қарсы алды, деп жазады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев құттықтап, сый-құрмет көрсетті.