
Қатарынан алты жыл Павлодар облысының барлық мектептерден ең талантты, дарынды оқушыларды жасөспірімдер олимпиадасына жинайды. Білім беру басқармасының жоспарына сәйкес 2016 жылғы 15 қыркүйекте дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде математика пәнінен VІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Жылдан жылға олимпиадаға қатысушылардың саны өсуде. Егер 2015 жылы олимпиадаға 78 оқушы қатысса, биыл 7-8 сыныптарының 89 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже берген оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды және Қ. И. Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадаға жолдама алды.
І орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Авид Арайлым және дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Горбатюк Святогор мен 8 сынып оқушысы Черданцев Владислав иеленді.
ІІ орын иегерлері – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Абдыгалиев Жандос, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары Горьков Анатолий, Лаптева Анна, 8 сынып оқушысы Зелева Кристина және дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Әубакір Бекзат.
ІІІ орынға дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары Искакова Аружан, Науменко Юрий, Тимошенко Данил, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Садыкова Назерке, Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған № 1 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Крючков Владислав, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Маулетханов Ерасыл ие болды.
Құрмет грамотасымен №3 гимназияның 7 сынып оқушысы Аубакиров Руслан, Екібастұз қаласы «Зерде» мектебінің 7 сынып оқушысы Биксултанов Диаз, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Есенко Яков, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Кенжебаева Айжан және 8 сынып оқушысы Кайдар Бексултан, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысыы Токкожин Санжар, 8 сынып оқушысы Щегляев Андрей, Павлодар қаласы № 39 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Дударь Кирилл марапатталды.
Олимпиада қатысушылары облыстық «Жас ғалым» қосымша білім беру мектебінің тізіміне енеді және жыл бойы өткізілетін сабақтарға кесте бойынша шақырылады.