Домой Жаңалықтар Білім Павлодар облысында 84 мектепте автоматтандырылған «Күнделік» енгізілуде

Павлодар облысында 84 мектепте автоматтандырылған «Күнделік» енгізілуде

Павлодар облысында 84 мектепте автоматтандырылған «Күнделік» енгізілуде

dsc_0014-a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c426467-305x175Павлодар облысының 84 білім беру мекемесінде автоматтандырылған «Күнделік» жүйесі енгізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуеновтың айтуынша, аталмыш жоба аясында бірінші кезекте Павлодар қаласында — 9, Екібастұз қаласында — 33, Ақсуда — 17, Ақтоғай ауданында – 5, Баянауыл ауданында – 3, Железин ауданында – 3, Ертіс ауданында – 3, Качир ауданында – 2, Лебяжі ауданында – 1, Павлодар ауданында – 3, Успен ауданында – 1, Шарбақты ауданында – 2 мектеп және облыстық мамандандырылған екі білім ордасы қамтылады.

— 20-21 қыркүйек аралығында Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінде  ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепалды және орта білім беру департаменті, сондай-ақ «Күнделік» жобасын  жасаушылардың қолдауымен Павлодар облысының ақпараттық технологиялар орталығы жаңашылдықты енгізу бойынша оқыту өткізді. Екі күн бойы 168 ұстазбен «Күнделік» ЖШС-нің бас директоры Александр Григорян және жобаның басшысы Александр Деев жұмыс істеді. Бұл әдіс оқушылар үлгерімі жөнінде статистикалық-сараптамалық мәліметтерді өңдеп, білім алу процесіне қатысушылардың арасындағы коммуникацияны жаңа сапалық деңгейде қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қала мен ауыл мектептерінің арасындағы «сандық тепе-теңсіздікті» жоюға мүмкіндік береді, — дейді Ернұр Дәуенов.

Айта кетерлігі, ақпараттық жүйенің көмегімен ата-аналар еліміздің қай түкпірінде болса да өз балаларының мектептегі үлгерімі мен сабаққа қатысуын қадағалай алады. Бұған қоса, сабақ кестесі мен берілген тапсырмалардан хабардар болып, электрондық білім беру ресурстарына тегін қол жеткізеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here