ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен осы жылдың 10 қыркүйегінде «ХХІ ғасыр ата-аналарының: «Өз балаңа үлгі бол!» акциясы жарияланған болатын.
1 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық- педагогикалық көмек ретінде өткізілген республикалық шараға облыс бойынша 892 мектеп пен орталықтандырылған білім беру мекемесі қатысып, 60 мыңнан астам ата-ана жұмылдырылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесінде мұғалім ғана емес, әке мен ананың рөлін күшейту мақсатында өткізілген акция 7 қазан күні Елордада өткен дөңгелек үстелде қорытындыланды.
Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдары ішінен озық методикаларды пайдалана отырып, ата-аналармен жұмыс жүргізуде көш бастаған Оңтүстік мұғалімдері түрлі аталымдағы 32 марапатқа ие болып, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы ең үздік білім беру ұйымы болып табылды. Сонымен қатар, Астана төрінде Шымкент қаласындағы №83 орта мектеп ұжымының ата- аналармен жиын үлгісі көрсетілді.