Домой Қоғам Алматы Дала төсі дүбірге толы

Дала төсі дүбірге толы

Дала төсі дүбірге толы

%d0%ba%d1%8b%d0%b7%d1%8b%d0%bb%d1%88%d0%b0Алматы облысы Сарқан ауданындағы ауылшаруашылығына арналған жерлер 495786 гектарды құрайды. Оның ішінде барлық егістік көлемі 93385 гектар жерді алып жатыр, соның ішінде қант қызылшасы 1250 гектар аймаққа орналасқан. Бұл жөнінде Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің Сарқан ауданында ұйымдастырған көшпелі брифингінде аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков айтты.

Аудандағы бетке ұстар шаруа қожалықтарының бірі — Қалиев Ермектің жетекшілігіндегі «Самал» сонау 1997 жылы құрылған. 2012 жылы тұқым шаруашылығы деген мәртебеге ие болған.

Аталған шаруа қожалығының 1004 гектар ауылшаруашылық жері бар. Биыл олар 7 гектарға қант қызылшасын, 50 гектар күздік бидай,  361 гектар арпа,  20 гектарға көпжылдық шөп септі. Бүгінде 35 адам еңбек ететін қожалықтың 20-дан астам техникасы дала төсін дүбірлетіп жүр. Еңбеккерлердің орташа айлық табысы 80 000 теңге. Сондай-ақ, «Самал» шаруа қожалығының меншігінде 110 бас мүйізді ірі қара бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here